link13420 link13421 link13422 link13423 link13424 link13425 link13426 link13427 link13428 link13429 link13430 link13431 link13432 link13433 link13434 link13435 link13436 link13437 link13438 link13439 link13440 link13441 link13442 link13443 link13444 link13445 link13446 link13447 link13448 link13449 link13450 link13451 link13452 link13453 link13454 link13455 link13456 link13457 link13458 link13459 link13460 link13461 link13462 link13463 link13464 link13465 link13466 link13467 link13468 link13469 link13470 link13471 link13472 link13473 link13474 link13475 link13476 link13477 link13478 link13479 link13480 link13481 link13482 link13483 link13484 link13485 link13486 link13487 link13488 link13489 link13490 link13491 link13492 link13493 link13494 link13495 link13496 link13497 link13498 link13499 link13500 link13501 link13502 link13503 link13504 link13505 link13506 link13507 link13508 link13509 link13510 link13511 link13512 link13513 link13514 link13515 link13516 link13517 link13518 link13519 link13520 link13521 link13522 link13523 link13524 link13525 link13526 link13527 link13528 link13529 link13530 link13531 link13532 link13533 link13534 link13535 link13536 link13537 link13538 link13539 link13540 link13541
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
«Қоғам және әкономика»

Казахстан,

КЫЗЫЛОРДИНСКАЯ ОБЛАСТЬ,

г.Аральск
многопрофильный колледж
преподователь истории

Айгуль Кожамсугурова

Пән аты: «Адам және қоғам»

Сабақтың тақырыбы:

«Қоғам және әкономика»


Сабақтың мақсаты:Ойын ойнату арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі,білім деңгейін,пәнге деген қызығушылығын арттыру,теория мен практиканы ұштастыруға білуге,логикалық ойлау жүйесін қалыптастыру.

А)білімділік : «Адам және қоғам,әкономика жайлы білімдерді жетілдіру»

Б)дамытушылық:Түрлі дерек көздерімен жұмыс жасау,біліктіліктерін,іздемпаздықтарын,сөйлеу тілдерін дамыту

В)тәрбиелік:Шапшандыққа,жүйелікке,жауапкершілікке,іздемпаздыққа,әсемдікке баулы,тарихты құрметтеуге,отансүйгіштікке,патриоттық сезімдерге.

ІІ.Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес сабақ.

ІІІ.Сабақтың әдісі:ойын.

ІV.Пән аралық байланыс:География,нарықтық экономика,құқық,қазақстан тарихы.

V.Көрнекілігі:Үлестірмелі қағаздар,конверттер,плакаттар,кітаптар көрмесі .

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгелдеп,топ оқушыларының сабаққа даярлығын тексеру.

Қош келдің құтты мекен еліне,

Батыр атам мекен еткен жеріне.

Шәкірттерім,бері жақын келіндер,

Бақтарынды сынға салып көріндер.

Білімдерін сынамақшы ойында,

Кімдер жүйрік,кімдер епті біліндер.

ІІ.Тарау бойынша қайталау болғандықтан ойын түрде оқушылардың білімін тексеру және қосымша білімдерін жетілдіру.Оқушыларды екі топқа бөлеміз.Ойынға қатысатын топтар мен және ойын ережесімен таныстыру.Ойын ІV кезеңнен құралған.Әр кезеңде топ оқушылары берілген сұрақтарға жауап беріп «Алтын қорға ұпай жинайды».

Ойын шарты:

І — кезең. «Қанат қақты»

ІІ — кезең. «Домино ойыны»

ІІІ — кезең. «Самғау»

ІV — кезең. «Ойлан тап»

V — кезең. «Стратегиялық бағыт»кестемен жұмыс

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы білім»,-деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан Әл — беруни.Ендеше ойынымызды бастайық.

І -кезең.«Қанат қақты».бұл кезеңнің шарты бойынша екі топқа бірдей бес сұрақтан он сұрақ беріледі.Сұрақтарға жауап беру арқылы құс қанатын құрастырады.Ойын соңында әр топ өз ұпайын топтасып құрған құсынан байқайды.

І — топқа қойылатын сұрақ:

1..Адам баласының қажеттілігін өтеудің нақты жолы не?(Еңбек)

2.Игілік дегеніміз не?(Адамның қажеттілігін өтейтін заттартізбесі және оның мүдесіне мақсатына пайдаланушының талабына жауап беретін еңбек өнімі.)

3.Материалдық игіліктердің экономикалық емес бөліміне не жатады?(Жаратылыстық ауа,су,күн сәулесі сияқты қай мезгілде қай уақытта болсын емін-еркін пайдаланатын қорлар жатады,оған адам жағынан ешқандай әрекет қолданылмайды.)

4.Маркетинг дегеніміз?(Нарық жүйесінде тұтынушыларға тауарлар мен қызмет түрлерін жеткізу қызметі)

5.Мемлекет дегеніміз?(Өз орналасқан аумақтағы бүкіл ел көлемінде билік жүргізетін,басқару және мәжбүрлеу апараты,өз алдына дербес ерекше саяси ұйым)

ІІ. топқа қойылатын қойылатын сұрақ :

1.Салық дегеніміз не?( )

2.Экономикалық тәуелсіздік дегеніміз?(Ұлттық экономиканы тиімді тұтыну қажеттіліктерін қамтамасыз ету )

3.Материалдық қажеттіліктерді өтеу неге тән ?(Жеке адамға,адам топтарына,отбасына,белгілі бір ұйымға,бүкіл бір мемлекетке,жалпы адамзат қоғамына)

4.Материалдық игіліктерге нелер жатады?(жер,ауа,климат,тамақ өнімдері,ғимараттар,машиналар,құрал жабдықтар,соған қоса патенттер,авторлық құқықтар)

5.Менеджер дегеніміз кім?(Кәсіби жалдамалы басқарушы яғни өндірісті басқару жөніндегі маман)

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал — біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»- деген ұлы ұстаз А.Байтұрсынов.

Сонымен келесі кезеңімізді бастаймыз.

ІІ — кезең «Домино »ойыны Бұл ойында конвертке салынған сөздерден ереже құрастыру керек.

І топқа берілген конверт ішіндегі сөздерден құралған сөйлем: (Амортизация дегеніміз — негізгі қорлардың құнын,солардың көмегімен өндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бірте — бірте көшіру немесе ақша қаражатын мақсатты түрде жинақтау және оны тозығы жеткен негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану.)

ІІ топқа берілген конверт ішіндегі сөздерден құралған сөйлем: (Қаржыландыру дегеніміз Ұлттық экономика мен оның көптеген салаларын дамытуға,әлеуметтік мәдени шараларға,қорғанысқа жұмсалатын шығындар мен қамтамассыз ету.)

«Бірлікке сенген заманда — ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік»,-деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі кезеңге көшелік.

ІІІ — кезең. «Самғау»Бұл кезеннің шарты бойынша бір рет нар тәуекел жасауға болады яғни мұғалімнен көмек сұрай алады.

І топқа берілетін сұрақ :Нарықтық қатынастарға өту үшін шокотерапия амалын көптеген мемлекеттер пайдаланды.Ол еркін нарықты жүзеге асырады.Мысалға Польша елі жатады.Ал енді сұрақ:Польша елінің идеясының мақсаты қандай және бірінші кезеңіне жататындар?Көмек : Шокотерапия дегеніміз-экономикалық қызметтер арқылы өз мүдделерінің экономикалық тиімділігін қамтамассыз ете отырып көздеген мақсатқа қол жетізу.(кестемен жұмыс)

Жауабы.:(Польша елінің идеяның мақсаты:макроэкономикалық тұрақтандыру,оның бірінші кезеңіне бағаны ырықтандыру,барынша тез жекешелендіру,ішкі нарықты ашық ұстауқаржылық тұрақтандыру жатады)

ІІ топқа берілетін сұрақ :Ұлттық валютаның айналымға енгізілуі тәуелсіз мемлекет тарихында маңызы зор кезең болып қалмақ және ол Қазақстан Республикасының басты белгісі болуымен айқындалады.Өте құпия жағдайда жасалынған банкнот теңге ұлттық валюта1993 ж15 қарашада енгізілді,оның І долларға шаққандағы айырбастау бағамы 4,7 теңге болды.Ұлттық валютаның енгізілуі жеткілікті алтын валюта қорын жасауды қажет етті.Ал енді сұрақ:Қазақстанда Лондон биржасының талаптарына сай алтын өндіру қайда ұйымдастырылды және қай жылы қандай компания құрылды?

Көмек:Компания тазартылған алтын өндірді,бүгінде оның зергерлікөндірісі бар.Сонымен қатар 1994 ж 19 мамыр күніПрезидент Н.Ә.Назарбаев ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасын салтанатты түрде ашты.Жауабы:(Өскемен қорғасын — мырыш комбинатында және 1993 ж жылдың басында «Алтын алмаз »ұлттық акционерлік компаниясы құрылады.)

«Ешқашан да бәрін білемін,енді маған бұдан артық үйренетін ештене жоқ деп санаушы болма »Н.Д.Зеленскийдің сөзімен келесі кезенге көшеміз.

IV — кезең. «Ойлан тап» Екі топқада бір Ребус беріледі

V — кезең «Стратегиялық бағыт»кестемен жұмыс.Екі топқа да кесте беріледі,кестені топ пен толтырып,жауабын екі топтан екі оқушы түсіндіріп береді.

ІІІ.Қайталау сабағын бекіту

IV.Оқушыларды бағалау.Бағалау парағын толтырам.

V.Үйге тапсырма беру

Қолданылған әдебиеттер: «Адам және қоғам»оқулық ,газет,журналдар.

Арал көпсалалы колледжінің тарих пәні оқытушысы, Айгүл Қожамсүгірова.

Скачать презентацию

Скачать файл: aygl-ozhamsgr.ppt


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности