link5040 link5041 link5042 link5043 link5044 link5045 link5046 link5047 link5048 link5049 link5050 link5051 link5052 link5053 link5054 link5055 link5056 link5057 link5058 link5059 link5060 link5061 link5062 link5063 link5064 link5065 link5066 link5067 link5068 link5069 link5070 link5071 link5072 link5073 link5074 link5075 link5076 link5077 link5078 link5079 link5080 link5081 link5082 link5083 link5084 link5085 link5086 link5087 link5088 link5089 link5090 link5091 link5092 link5093 link5094 link5095 link5096 link5097 link5098 link5099 link5100 link5101 link5102 link5103 link5104 link5105 link5106 link5107 link5108 link5109 link5110 link5111 link5112 link5113 link5114 link5115 link5116 link5117 link5118 link5119 link5120 link5121 link5122 link5123 link5124 link5125 link5126 link5127 link5128 link5129 link5130 link5131 link5132 link5133 link5134 link5135 link5136 link5137 link5138 link5139 link5140 link5141 link5142 link5143 link5144 link5145 link5146 link5147 link5148 link5149 link5150 link5151 link5152 link5153 link5154 link5155 link5156 link5157 link5158 link5159 link5160 link5161 link5162 link5163 link5164 link5165
Досжанова Ботакөз Нұрханқызы
Должность:Учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:кызылорда
Flash бағдарламасында электронды презентация жасау

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Flash бағдарламасы мүмкіндіктері

2. Flash бағдарламасында электронды презентация жасау

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Flash бағдарламасы алғаш рет 1996 жылы пайда болды. Оның ең бірінші екі нұсқасы өте ыңғайсыз болды. Өйткені олар векторлық графика негізінде анимацияны жылдам құра алмады. Үшінші нұсқасында көптеген қосымша құрал — саймандар пайда болды, осының әсерінен Интернетте Flash құралдары арқылы жасалынған сайттар пайда бола бастады. Бірақ бұл бағдарлама тек төртінші нұсқасы жасалған кезде ғана танымал болды. Оған қуатты иілгіш құрал — ActionScript тіл сценариі қосылды. Осы кезде Flash технологиясы негізінде жасалынған Web — сайттарының саны күрт өсті. Ал 2000 жылдың тамыз айында Macromedia компаниясы шығарған Flash бағдарламасының бесінші нұсқасы жарық көрді. Бұл бағдарламаға Безье қисықтарын меңгеру үшін жаңа құрал — саймандар, көптеген кітапханалар қосылды. Бұл кітапханаларды әр кезде кез келген адам қолдана алатын болды.

Қазіргі күштің талабына сай, интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді жадыны қажет етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін Flash технологиясын пайдалану тиімді болып табылады.

Flash технологиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web — парақтарының қосылуының механизмі.

SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық — программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ — сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ — мен жабдықталған IBM компьютерлері).

Тағы бір SWF — тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады.

Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web — дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator.

SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді. SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал — саймандармен қолданылуы.

Мультимедиялық презентациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін — Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін — Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder.

Сондықтан да Web — публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін — Macromedia Flash болып табылады.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Flashбағдарламасы мүмкіндіктері

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.

Flash бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады. Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады. Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

Flash бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым — қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым — қатынас жасауға да болады.

Flash бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай-ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).

Flash бағдарламасы арқылы автоматты түрде Flash роликтері қолданылатын веб — беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF — файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде Flash роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде — бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. Flash жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, Flash бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай — ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.

Үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолдану үшін болашақ роликтің фрагменттерін мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын — ала өңдеп алу дұрыс болады. Дегенмен Flash бағдарламасы (әсіресе графика — анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.

Flash бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген программист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.

Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым операцияларды Flash бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы интерфейсінің алдын — ала ойластырылғанның арқасында.

2. Flash бағдарламасында электронды презентация жасау

Интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары) ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді жадыны қажет етуіне байланысты, мәліметтердің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін Flash технологиясын пайдалану тиімді болып табылады. Macromedia Flash-ң осы мүмкіндіктерін пайдалана отырып "Әлемнің жеті кереметі" тақырыбында төмендегідей жоба дайындалды. Электронды презентация іске қосылған кезде сегіз батырмадан тұратын титулдық бет ашылады.

Алғашқы жеті батырма әлемдегі жеті кереметтің атымен сәйкес келеді. Жеті кереметтің тақырыбы жанындағы батырманы шерткен кезде сол керемет туралы мәлімет шығады. Ал "Қосымша материалдар" батырмасы әлемдегі жаңа жеті керемет туралы мәлімет беріп өтеді. Әр жеті кереметтің өзіндік беті бар. Әр бетте кереметтің аты, суреті және түсіндірмесі орналасқан. Беттің төменгі жағында үш батырма орналасады. Бірінші батырма алдыңғы бетке, екінші батырма мазмұнға, үшінші батырма келесі бетке өтуге арналған.

Негізгі беттегі "Авторы" батырмасын басып, жобаның авторларын көруге болады.

Flash бағдарламасында қосымша "Музыкалық клавиатура" және "Суретті боя" ойыны жасалды. Музыкалық клавиатура 13 батырмадан тұрады. Әр батырманы тышқанмен немесе пернетақтадағы сәйкес пернесін шерткенде батырма өзіне тән дыбысты шығарады. "Суретті боя" ойынында қылқаламды ұстап тұрып кез келген түсті таңдап, салынған суреттің белгілі бір тұсына барып, тышқанды шертсе, сәйкес түске боялады.

ІІІ. Қорытынды

Менің алдыма қойған тапсырмам интерфейсі қолдануға ыңғайлы, түсі қанық, әдемі электронды презентация жасау. Flash бағдарламасы осындай жұмыстарға ыңғайлы болғандықтан Flash ортасын қолдандым. Оның каскадты анимациямен жұмысы, сценарийлерді қолдану ыңғайлылығы, құрылымды мәліметтер қорымен байланысы және көптеген бар және алда болатын қарапайым элементтері кез-келген программистті қызықтырмай қоймайды. Қарапайым ActionScript сценарийлерін қолдану арқылы анимация жасау өте қызықты деп есептеймін.

Flash редакторында анимация жасаудың ыңғалайлылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Себебі бұл редактор дүниежүзіндегі №1 орынды алып отыр. Қолданғанда өте жеңіл, өте ыңғайлы және мүмкіндігі шексіз. Қазіргі шығып жатқан нұсқаларында тіпті кез-келген платформаларға арналған қосымша құру мүмкіндігі бар.

Қорыта келгенде, қазіргі ақпараттық технологияның дамыған шағында барлық кез келген мультимедиалық технологиялармен жұмыс жасау, яғни оның ішінде интернетпен, электронды почтамен, компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.

Телекоммуникация технологияларын қолдана отырып бұл материалдарды пайдалану кезінде компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін және интернет сонымен қатар электрондық почтаны және т.б. меңгеруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Литтлджон Бинджер. “Сети и коммуникации на основе Cisco Systems”, 2004, издательство “BHV”.

2. Г. Миллер. “Коммутация пакетов и каналов”. Пособие для системных администраторов. Издательство “Ноллидж”, 2003 г.

3. Крис Касперски. “Хакинг: в шутку и всерьез”. Издательство “Роадстар”, Москва, 2001 г.

4. Р. Гардиан. “Прикладное программирование для сетей Unix”, 1998 г., Киев, “КГУ-Диалог-Наука”.

5. «Глобальные сети: информация и средста доступа» — издательство ПГТУ.

6. Гиттель Э., Джеймс С., «ISDN просто и доступно» — 1999 г.

7. Олифер В.Г., Олифер Н.А., «Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы» — Издательство «Питер» 2000 г.

8. «Microsoft TCP/IP: Учебный курс.» /официальное пособие Microsoft для самостоятельной подготовки/ — 1998 г.

9. DemiArt.ru форумы

10.Уикипедия ашық энциклопедиясы

11. www.info-tses.kz сайты

12. mongolianislam.mn сайты

13. szh.kz сайты

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности