link12772 link12773 link12774 link12775 link12776 link12777 link12778 link12779 link12780 link12781 link12782 link12783 link12784 link12785 link12786 link12787 link12788 link12789 link12790 link12791 link12792 link12793 link12794 link12795 link12796 link12797 link12798 link12799 link12800 link12801 link12802 link12803 link12804 link12805 link12806 link12807 link12808 link12809 link12810 link12811 link12812 link12813 link12814 link12815 link12816 link12817 link12818 link12819 link12820 link12821 link12822 link12823 link12824 link12825 link12826 link12827 link12828 link12829 link12830 link12831 link12832 link12833 link12834 link12835 link12836 link12837 link12838 link12839 link12840 link12841 link12842 link12843 link12844 link12845 link12846 link12847 link12848 link12849 link12850 link12851 link12852 link12853 link12854 link12855 link12856 link12857 link12858 link12859 link12860 link12861 link12862 link12863 link12864 link12865 link12866 link12867 link12868 link12869 link12870 link12871 link12872 link12873 link12874 link12875 link12876 link12877 link12878 link12879 link12880 link12881 link12882 link12883 link12884 link12885 link12886 link12887 link12888 link12889 link12890 link12891 link12892 link12893 link12894 link12895
Тенизбаева Дина Муратбаевна
Должность:учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область, Карасайский район, село Ушконыр
Доклад по информатике «Мультимедианы сабақта қолдану жүйесі»

«Мультимедианы сабақта қолдану

жүйесі»

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады.Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау — бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр — ақапараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі — қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру — экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі кезде информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын -мультимедианы енгізуді атап өтуге болады.

Мультимедиа – бұл қарқынды дамып келет жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің және стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығындербес компьютердің интерактивтілік /үздіксіз әрекеттесу/ мүмкіндіктерімен біріктірілген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа /multimedia/ терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі — көру және дыбыстық әсерлерінің /эффектілердің/ интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі.

Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту үрдісінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту үрдісініде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. Жеке әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының материалды дұрыс меңгеруіне, пәнге деген қызығуын арттыруына, дағды, зейін, т.б. формалардың дамуына оқытудың тиімді психологиялық ұстанымдарын ескере оқушының игерген білімінің дұрыс қалыптасуында басты рөл атқарады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиіміділіг мынайдай артықшылықтармен сипатталады.

1. Оларға оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

- тереңдетілген технология ретінде /компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану/;

- негізгі технология ретінде /белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры/;

- монотехнология ретінде /барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделген/.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам — ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі — тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігнен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі — компьютермен жалпы негізде өңделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру /визуальдық/ және дыбыстық деректердің комбинациясын /үйлесуін/ атайды. Мұнда жалпы негіз деп деректердің цифрлық түрі ұғынылады. Мультимедиа құралдары ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан әлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер.

Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасушыларынан негізгі айырмашылығы — интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі.

Мультимедиа — қолданбаларын жасау мүмкіндіктерінің ауқымы айтарлықтай кең. Ең қарапайым жағдайдың өзінде Word құжатына әуенді қоюға болады, нәтижесінде құжатты компьютерде Бетховенның музыкасымен қосыла оқуға болады. Күрделірек нұсқа, мысалы, «Жанды физика» интерактивтік электронды оқулығы болып табылады, оның көмегімен виртуалды физикалық зертхана құрып, онда зерттеулер жүргізуге болады. Қазіргі аспаптық және техникалық құралдар аса үлкен де емес. Тек мейлінше қуатты компьютер, ықылас және белгілі бір көркемдік, конструкторлық қабілет және физика заңдарын білу ғана қажет болады.

Қазіргі кезде мультимедианы қолданудың бірнеше негізгі бағыттары, мен өздерінің ережелері, терминологиясы қалыптасып келеді.

Оқушы компьютермен жұмыс жасай отырып, кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер типті оқытаты, жүйелер пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді және тиімсіз жүрістер талқыланады. Қарастырылып отырған мәселенің тәжірибелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл-ойын пайдалануға, кез келген сұрақ қойып, кез келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік беретін компьютерді оқу үрдісінде пайдалануға деген дұрыс көзқарас қалыптастырылады.

Қорыта келгенде мультимедианы сабақта қолдану жүйесі - оқушылардың жұмысының өніміділігін, пәнге деген қызығуын арттыруға ықпалын тигізеді және есептерді жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік береді, оларды анағұрлым қолайлы, қызықты етеді.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі — «Білім — бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности