link15372 link15373 link15374 link15375 link15376 link15377 link15378 link15379 link15380 link15381 link15382 link15383 link15384 link15385 link15386 link15387 link15388 link15389 link15390 link15391 link15392 link15393 link15394 link15395 link15396 link15397 link15398 link15399 link15400 link15401 link15402 link15403 link15404 link15405 link15406 link15407 link15408 link15409 link15410 link15411 link15412 link15413 link15414 link15415 link15416 link15417 link15418 link15419 link15420 link15421 link15422 link15423 link15424 link15425 link15426 link15427 link15428 link15429 link15430 link15431 link15432 link15433 link15434 link15435 link15436 link15437 link15438 link15439 link15440 link15441 link15442 link15443 link15444 link15445 link15446 link15447 link15448 link15449 link15450 link15451 link15452 link15453 link15454 link15455 link15456 link15457 link15458 link15459 link15460 link15461 link15462 link15463 link15464 link15465 link15466 link15467 link15468 link15469 link15470 link15471 link15472 link15473 link15474 link15475 link15476 link15477 link15478 link15479 link15480 link15481 link15482 link15483 link15484 link15485 link15486 link15487
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Диалогтық оқыту барысында мәселелерді анықтау және оқушыларды оқыту барысында диалогтың мүмкіндіктері

Казахстан,г.Астана

Школа-гимназия №32

Учитель казахского языка

Баякпаева Гульжан Амантаевна

Оқыту — бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Жай сөзбен айтқанда балаларға «оқуды үйрету» болса, сол оқуға үйрету барысында мұғалім оқушыларға оқу тетіктерін беретін әдіс-тәсілдерді қарастырады. Сол тәсілдердің бірі — диалог болып табылады.

Диалог оқыту жағдайында оқыту және тәрбие құралы болып қана қоймайды, сонымен қатар ол оқушының адами қасиеттерін меңгеруге бағытталған сөйлеу қабілетін жетілдіруші полигон болып табылады. Белгілі бір ғылыми бағытта білім алып, біліктілік пен дағды қалыптастыру барысында, оқушы сонымен қатар сөйлеу мәдениетін, нақты айтқанда диалог ережесін меңгереді. Бұл ережелерге өз ойын анық жеткізу қабілеті қарсыласын түсіну, өзінің айтқанын қарсыласына түсіндіре білу жатады. Оқу жүйесіндегі диалог, немесе оқу диалогі - ерекше қарым-қатынас формасы. Бұл адамдар арасындағы оқу жағдайындағы сөйлесу арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас. Осындай сөйлесу барысында ақпараттық алмасу болып, адамдар арасында байланыс қалыптасады. Оқу диалогының ерекшелігі оның мақсаты мен қатысушылары және олардың арасындағы жағдаймен белгіленеді.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Солардың бірнешеуіне тоқталатын болсақ, Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтқан.

1973 ж. Н.Ф Маслова диалогты оқытуды басқарудың екі түрі: авторитарлық және демократиялық деп атап өткен. Авторитарлық стилдің өкілі оқушымен жеке түрде жұмыс жасағанды ұнатады. Демократиялық стилдің өкілі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін ынталандыруды, оқушыларға тура немес жанама түрде ықпал етіп, оларың сыни ескертпелеріне назар аударады, әр оқушының жеке ойы болуы керектігін мойындайды. Мұндай мұғалім эммоционалды қайырымды, оқушыны өзіне жақын ұстайды.

Ал қазіргі таңда әлемдік ғалымдардың еңбектеріне сүйенетін болсақ, Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыруы мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті.

Кейінірек Мерсер мен Ходжкинсон (2008) оқыту барысынындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Осының дәлелі ретінде мыналарды айтуға болады. Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінде өз тәжірибемде диалогтық оқыту әдісін қолдана отырып мынандай жетістіктерге қол жеткіздім.

üоқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік болды;

üбасқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектесті;

üоқушылардың сыни ойланып, пікір алмасып, бір-бірін тыңдай білуіне жол салды;

üмұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектесті.

Жалпы Мерсердің зерттеуіне сәйкес, оқушылардың оқуының ажырамас бөлігі болып табылатын әңгімелесудің үш түрін де өз сабақтарымда, өз деңгейінде сабақтың әр кезеңдерінде қолдандым.

Дәстүрлі оқу диалогы оқушы қызметінде негізінде екі түрде көрсетілген: мұғалім — оқушы және оқушы — мұғалім түрінде жүріп, сабақтардың барысында бір оқушы мен мұғалім арасында ұзақ уақыттық диалог болмайды, өйткені мұғалімнің алдында сабақ барысында басқа да міндеттер бар. Сабақта мұғалім мен оқушы арасында басқа да диалогтың түрлері көп кездеседі. Әсіресе, ол бүкіл сынып оқушыларымен мұғалімнің басқаруымен жүретін, бірлесіп оқу міндеттерін шешуге бағытталған түрі. Ол фронталдық сұрақтарға жауап беру, немесе өзара сұхбат болуы мүмкін.

Әрине, мұғалім үшін де оқушы үшін де диалог — қызмет құралы болып табылады.

Атап айтатын болсам, мұны оқушылармен топтық жұмыс арқылы жүзеге асырамын.

Мұғалім үшін — оқыту құралы, оқушы үшін оқу құралы болғандықтан мен өз алдыма келесі мақсаттарды қоямын:

vқызметті тиімді басқара отырып, оқушылардың нақты оқу мақсатын шешудегі үдерісін оңтайландыру;

vосы басқару барысында оқушының психикалық дамуына ынталандырушы жағдай тудыру;

vоқушының үйлесімді тұтас тұлға ретінде дамуына күш жұмылдыру.

Осыдан күтілетін нәтижем:

оқушылардың сыни сауаттылығы артады;

оқушылар топпен, жұппен жүйелі жұмыс істеуге үйренеді;

өзгерістерге бейім, шығармашылық қабілеттері дамыған, өзіндік ой- пікірі бар жеке тұлға қалыптасады;

Оқушылар оқу үдерісі барысында оқудың барлық мақсаттарын түсіне бермейді. Көбінесе олардың мақсаты нақты бір оқу мақсатын шешумен байланысты болады. Оқу мақсатын шешуге бағытталған диалогта, бұл мақсат төменгі кіші мақсаттармен нақтыланады:

üміндеттерді орындау жағдайы;

üтапсырманың шартын анықтау;

üқосымша ақпараттар арқылы түсініксіз жерлерін анықтау;

üөзінің ойын негіздеу;

üсөйлеуші ойын басқаларына түсінетіндей етіп өзгерте алуы;

üбасқалардың бағасын алу;

üнәтижесінің шешуіне өзгерту енгізу.

Егер мен өз қызметімді оқушы қызметімен салыстыра қарасам, менің оқушыларым көп жағдайда оқу міндетін шешуді жақын мақсат ретінде қабылдайды. Ал мен мұғалім ретінде өз қызметімде жақын және алдағы мақсатты көздеймін. Мұның барлығы менің бұл қызметім жақын және алдағы мақсаттарды ескере отырып, өзімнің сабақты жоспарлауыма қарай, соншалықты тиімді болады. Қызметім реплика арқылы жүзеге асырылады. Реплика мағыналық жағынан әртүрлі болуы мүмкін: ақпарат беру, мақсат қою, талаптар қою, оқушылардың міндетті түсіну диагностикасы барысында оның шешілуін бақылауда, оқушылардың білім алу және оны толықтыру барысында, олардың қызметтерін түзетуде, көмек көрсетуде жеткен нәтижелерін бағалауда жүзеге асырылады. Міне, осы айтылғанның барлығы мұғалімнің жеке шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.

Осылардың барысында әр реплика өзіндік тәрбиелік импулсін әкеліп, оқушы тұлғасына психотерапевтік әсер етуін ескере отырып, оларың өз күшіне сенуіне ықпал етуге, өзіндік бағалау деңгейін қалыпты шекте ұстауына көмектесуді көздеймін. Мен өзіме оқушыларыма нақты міндеттерді шешкізе отырып, осындай міндетті шешу тәсілін меңгеруді, олардың қабілетін дамыту жағдайын туғызуды, оқушының тұлғасын дамытуды міндеттеймін. Белгілі бір қалыптасқан жүйе болғандықтан бұл өзінің оң нәтижелерін беріп жүр.

Оқу диалогында қатынасқа түсушілердің ұстанымы белгілі: мұғалім оқытады, үйретеді, тәрбиелейді — оқушы оқиды, тыңдайды, оқыту әсерін қабылдайды. Психологиялық тұрғыдан білімді мұғалім оқушылардың өз беттерімен танымдық қызметін ұйымдастыра отырып, жетекшілік етеді. (ол қызмет мақсатын қояды, орындау құралын белгілейді және нәтижесін бақылайды). Менің сабақта рөлім оқушының белсенділігіне байланысты. Оқу диалогының тиімділігінің жағдайы оның психологиялық тәртібінің жеңілдігінде. Мұндай психологиялық тәртіпке жету жолы симметриялық диалогты көтеру, яғни мен рөлдік бөлініс арқылы оқушыларыма мұғалімнің рөлінде болу мүмкіндігін берген жағдайларда, оқушыларым көшбасшы рөлінде болып, диалогтың барысына ықпал етеді. Мұғалім тарапынан ешқандай шектеуі жоқ диалогта оқушы өз ойын ашық айтатынына және мұндай диалог ең дамытушы диалог болатынына тәжірибе барысында әбден көзім жетті. Сондықтан мен сабақтарымда оқушыларды топқа бөлу арқылы жұмыс жасау барысында, олардың алдарына сұрақтарды сабақтың тақырыбын мүмкіндігінше өздері шеше алатындай етіп, олар түсінбеген жағдайда жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы барлық алға қойған мақсаттарымды іске асырамын.Топпен жұмыс кезінде топтағы оқушылардың жеке ойлануына, жұп арқылы ойларын толықтыруға және топ ішінде талқылауына мүмкіндік тудырамын.

Қорыта келгенде, біз алдымызда тал шыбықтай иіліп келіп отырған жас жеткіншектерді мектептен өмір бойы азық ететін білім алып шығуына және сол алған білімін құзеретті түрде пайдалана алатындай деңгейге жеткізуге міндеттіміз, ендеше өзіміздің еңбегіміз еш кетпейтіндей жұмыс жасауымыз керек деп ойлаймын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности