link1440 link1441 link1442 link1443 link1444 link1445 link1446 link1447 link1448 link1449 link1450 link1451 link1452 link1453 link1454 link1455 link1456 link1457 link1458 link1459 link1460 link1461 link1462 link1463 link1464 link1465 link1466 link1467 link1468 link1469 link1470 link1471 link1472 link1473 link1474 link1475 link1476 link1477 link1478 link1479 link1480 link1481 link1482 link1483 link1484 link1485 link1486 link1487 link1488 link1489 link1490 link1491 link1492 link1493 link1494 link1495 link1496 link1497 link1498 link1499 link1500 link1501 link1502 link1503 link1504 link1505 link1506 link1507 link1508 link1509 link1510 link1511 link1512 link1513 link1514 link1515 link1516 link1517 link1518 link1519 link1520 link1521 link1522 link1523 link1524 link1525 link1526 link1527 link1528 link1529 link1530 link1531 link1532 link1533 link1534 link1535 link1536 link1537 link1538 link1539 link1540 link1541 link1542 link1543 link1544 link1545 link1546 link1547 link1548 link1549 link1550 link1551 link1552 link1553 link1554 link1555 link1556 link1557 link1558 link1559
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялардың алатын орны мен тартылу ерекшеліктері

Қазақстан,Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы

Маңғыстау Энергетикалық Колледжі

Экономика пәндерінің оқытушысы

Туракова Маркизат Бекболатовна

Қазақстан Республикасы шетелдік инвестициялар үшін неге тартымды?

Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, Қазақстан қазыналы ел. Сенімді ақпарат көздеріне сенсек, минералдық қазба байлықтар қорынан дүние жүзіндегі 170-тен астам елдердің арасында Қазақстанның алатын орны мынадай:

вольфрам - 1 орын

хромит - 2 орын

фосфор - 2 орын

марганец - 3 орын

уран - 3 орын

қорғасын- 4 орын

молибден - 4 орын

мырыш- 5 орын

мыс - 6 орын

күміс - 7 орын

теміррудасы- 8 орын

көмір- 9 орын

никель - 10 орын

мұнай - 12 орын

Қазақстан жерінің көлемі жағынан әлемде 9-орынды халқының саны жағынан 71-орын алады. Бұрынғы Совет елінде Қазақстан қазына байлықтар қоры жағынан алдыңғы орынды алатын.

Екіншіден, Қазақстанда "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдану туралы" заң қабылданған. Ол республикадағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған. Бұл құжат инвесторлардың мүдделерін қорғайды. Жаңа кепілдіктер инвесторлардың бәсекеге түсу еркіндігін, бір жағынан өз бәсекелестеріне деген қарым-қатынас жасау құқықтарын, екінші жағынан - кәсіпкерлік қызмет түрлерінің еркіндігін, яғни, олардың мемлекетке деген қарым-қатынас жасау құқықтарын қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, Қазақстанның инвестициялар үшін тартымдылығы мынада. Әлемде 50-ден астам сирек метаддар бар. Олар жер бетінде аз, көп кездеспейді. Бірақ алынуы қиын; қолға қиямет-қайым қиындықпент үседі.

Сирек металдар кез келген жерде кездесе бермейді, олар таза күйінде жалпы ұшыраспайды, басқа түсті метаддардың құрамынан жоғары технология жәрдемімен алынады. Қазақстанда олар Алтай таулары мен Сарыарқа даласында шоғырланған. Қазақстан жер бетінде сирек металдар бойынша Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америка секілді аса бай өлке. Біздің кенорындарында кездеспейтін сирек металл жок десе де болады. Уран мен вольфрамды былай қойғанда кенорындарынан тантал мен титан, ниобий мен цирконий, рений мен гелий, молибден мен ванадий алынады.

Әлемдегі бар уран қорының төрттен бірі Қазақстан жерінде жатыр. Оның мөлшері 926 мың тонна, ал әлемдікқоры 4 миллион тоннаға барады. Қазір дүние жүзінде бір жылда 50-60 мың тонна уран шығатын болса, қазақ жерінің қазынасы қаншаға жететінін осыған қарап-ақ есептей беруге болады.

Қазақстанның таулы-тасты аймақтарының бәрі уранға толып тұрған секілді. Уран өндіру қарт Қаратау қойнауынан басталған, Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес одағының тұңғыш руднигі елуінші жылдардың басында Қордай даласында орнаған. Оған ілесе Шу — Сарысу, Іңкәр, Буденовск, Мыңқұдық кеніштері осы Қаратау мен Бетпакдала өңіріңде, уран қорының тең жартысы Созақ ауданында жатыр.

Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға іс жүзінде Шығыс және Батыс Еуропаның барлықмемлекетгерімен, арабтық Шығыс елдерімен, Үндіқытай-Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және Пәкістанменқол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде көрсетілген елдермен ынтымақтастық табысытыжүзеге асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы белсенді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық дамуда, Балтық және Қара теңіз жағалауы елдерімен байланыс жолға қойылды. "Шеврон", "Мобил", "ЭНИ", "Бритиш Газ", "Мицуи", "Харрикейн", "АЕС" және басқа жетекші корпорация компаниялармен жемісті ынтымақтастық дамуда.

Инвестициялар тарту — ұлттық экономикалық идея болуы тиіс. 2010-2020 жылдарға арналған жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта дамудың негізгі құралдарының бірі — тікелей инвестициялар тарту болады. Жалпы қолайлы инвестициялық климатты құру жөніндегі шаруалармен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында жобаларды іске асыру жөніндегі трансұлттық компаниялар үшін эксклюзивтік жағдайлар жасалатын болады.
Ол үшін шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді ынталандырушы шаруалар кешенін, сол сияқты институционалдық тетіктерін қосатын тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтас жүйені құру белгіленіп отыр.
Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар пакетін қолданудың әртүрлі үш деңгейі бойынша қолдану көзделуде.
1. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін: «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық артықшылықтар; шұғыл және өтеусіз негізде шетелдік мамандар үшін кіру визаларын берудің арнайы тәртібі.
2. АЭА аумақтарында іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін — ең үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып салық салудың айрықша тәртібі. Жеңілдіктер Бағдарламаның Басымдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға беріледі; шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік.
3. Танымал шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жекеленген инвестициялық келісімдер жасалатын болады.

Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі — сыртқы несиелер.
Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.
Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева “Халықаралық экономикалық қатынастар”. Алматы “Экономика” 1998.

2. Н.Ш.Әлжанова “Инвестициялық жобалау” Алматы “Қазақ Университеті” 2006.

3. “Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы Заңы.

4. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет. Статистикалық жинақ // ҚР статистика жөніндегі агенттігі. — Алматы, 2005. — 9 бет.

5. Е.А.Карымсаков Привличение иностранных инвестиций в условиях глобализации: стратегия и механизмы регулирования. Автореферат — Караганды,2003.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности