link11520 link11521 link11522 link11523 link11524 link11525 link11526 link11527 link11528 link11529 link11530 link11531 link11532 link11533 link11534 link11535 link11536 link11537 link11538 link11539 link11540 link11541 link11542 link11543 link11544 link11545 link11546 link11547 link11548 link11549 link11550 link11551 link11552 link11553 link11554 link11555 link11556 link11557 link11558 link11559 link11560 link11561 link11562 link11563 link11564 link11565 link11566 link11567 link11568 link11569 link11570 link11571 link11572 link11573 link11574 link11575 link11576 link11577 link11578 link11579 link11580 link11581 link11582 link11583 link11584 link11585 link11586 link11587 link11588 link11589 link11590 link11591 link11592 link11593 link11594 link11595 link11596 link11597 link11598 link11599 link11600 link11601 link11602 link11603 link11604 link11605 link11606 link11607 link11608 link11609 link11610 link11611 link11612 link11613 link11614 link11615 link11616 link11617 link11618 link11619 link11620 link11621 link11622 link11623 link11624 link11625 link11626 link11627 link11628 link11629 link11630 link11631 link11632 link11633 link11634 link11635 link11636 link11637 link11638 link11639 link11640 link11641 link11642 link11643 link11644 link11645 link11646 link11647 link11648 link11649 link11650 link11651 link11652 link11653 link11654 link11655 link11656 link11657 link11658 link11659 link11660 link11661 link11662 link11663
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді
Год: 2012
Казахстан, Талдыкорган
№9 орта мектептің

Жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі

Байділданова Роза Төлеубекқызы

Мұғалім мамандығы жасандылыққа,

уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім — мектептің жүрегі»

Ы.Алтынсарин


Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын талпыныстарға жол ашты.

Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі — білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас атап айтқанда, базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтарына көшу, жаңаша ойлау қалыптасуда. «Бақыт жолы тек білімнен табылар», - дейді Ахмет Игүнеки бабамыз.

Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын-мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі — білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Бұл туралы Президентіміз Жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс»- деп үлкен сеніммен айтты. Сапалы білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде. Сондықтан да ұстаз білігі, беделі қоғамның назарында. Сапалы білім — қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, білім мен тәрбиені қатар өрістету, жеке тұлғаны қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу біздің міндетіміз.

Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі»,- деп бекер айтқан жоқ. Өйткені қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіби құзырлылығы басты алғы шарт.

А. Байтұрсынұлы өзінің «Мектеп деректері» еңбегінде былай деп жазды: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң ең әуелі мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабарлар оқыта білетін мұғалім».

XXI ғасыр — бәсеке ғасыры. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. «Елімізді 2030-жылы барысқа айналдыратын күш — мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз тегіннен-тегін айтқан жоқ. XXI ғасыр жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, сауатты, интеллектуалды деңгейі жоғары болуын талап ететіндігі баршаға аян.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Оқушылардың сапалы білім алуға, функционалдық сауаттылыққа, ал мұғалімдердің біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін ұдайы арттыруға деген уәждемелерін арттыру» - деп атап көрсетілген.

Білім беру сапасын арттыру жолында педагогикалық мониторинг жүргізу маңызды орын алады. Педагогикалық мониторинг-мұғалімнің кәсіптік деңгейін анықтап, қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік жұмыстың мазмұны жаңартылады. Мұғалімнің сұранысы анықталып, бағдарлы жұмысқа жол ашылады. Сондықтан білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын табу, оны тәжірибеге енгізу уақыт күттірмейтін мәселе. Заман талабына орай білім де жаңарып отырады. Білімнің нәтижелілігі — сапасында. Нәтижеге бағытталған білім — сапамен қамтамасыз ету негізі.

«Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»- деп ғұлама ғылым Ж. Аймауытов айтқандай, әрбір жүргізілген жағдайға сараптама жасаған кезде педагогикалық технологиямен үздіксіз, жүйелі жұмыс істейтін мұғалімдердің көрсеткен нәтижелері білім үрдісін сапамен қамтамасыз ету.

Атақты педагог-ғылым В.А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол жан-дүниесіне үңіле білу.»

Педагогикалық шеберлікпен пен педогогикалық өнер — ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады деп, ұзтаздық өнерге ерекше баға берген. Осынау бағаны ұлы педагог еліне еңбегімен сыйлы , өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған абзал жандарға арнап берген болар.

Баланың бойына білім нәрін себетін басты тұлға — ұстаз. Яғни, жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Өйткені ұстаз алдында егемен еліміздің болашағы отыр. Сондықтан XXI ғасыр мұғалімнің кәсіби құзырлылығына қойылатын талаптар — ертеңгі ұстаздарды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы мектеп талабына сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Осының бәрі, сайып келгенде, болашақ мұғалімді кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті мәселе екендігін айғақтайды. Мұғалімнің кәсіби шыңдалуы бүгінгі мектеп оқушысы, ертеңгі қоғам азаматтарының тұлғалық дүниежүзілік білім кеңестігіне шығудың негізі болмақ.

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі –жан-жақты, жоғары білімді, шығармашыл қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Білім туралы заңда (8бап) білім беру жүйесінің ең басты міндеті «…ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірбие жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»

Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде «Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен кенен ғылымда» дегені жоғарыдағы сөзімді айғақтай түседі. Бүгінгі ғасыр білім ғасыр. Білімді ұрпақ тәрбиешісі — ұстаздар. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгілікке, имандылық пен инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу - әрбір ұстаздың абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінде рухани, этно-мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы міндет.

«Мұғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Жаңа адамды тек жаңа адам тәрбиелеуі тиіс. Біздің қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіру үшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы. Мұғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады. Мұғалім патриот болуы керек немесе Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады. Мұғалім жан-жақты сауатты және творчествоның адамы болуы тиіс».

Осы орайда N9 орта мектеп ұжымының болашақ жас ұрпаққа білім берудегі басты мақсаты мен міндеттері айқындалып, бүгінгі күнде шешімін табуда. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің өзіндік жүйесін құру арқылы белгілі нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі — білім сапасын көтерудің алғы шарты екенін мақсат еткен ұжымдағы әрбір педагогтің өзіндік жұмыс жүйесі айқындалған. Мұғалім мәртебесін көтеру, олардың жұмыс істеуіне, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтап, тарату, оларды ынталандырып, қолдау көрсету — мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Осы орайда ағымдағы жылда Елбасының халыққа жолдауында білім саласының басты назарда болып, педагог мамандардың еңбек ақыларының 25 пайызға көтерілуі — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің қолдауы болып отыр.

Білім сапасы — мұғалімдер қызметінің сапасы. Ұстаз беделі, ең алдымен, оның жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет.

Скачать:

Скачать файл: pedagog-kasibii-kuzyrlygy.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности