link8928 link8929 link8930 link8931 link8932 link8933 link8934 link8935 link8936 link8937 link8938 link8939 link8940 link8941 link8942 link8943 link8944 link8945 link8946 link8947 link8948 link8949 link8950 link8951 link8952 link8953 link8954 link8955 link8956 link8957 link8958 link8959 link8960 link8961 link8962 link8963 link8964 link8965 link8966 link8967 link8968 link8969 link8970 link8971 link8972 link8973 link8974 link8975 link8976 link8977 link8978 link8979 link8980 link8981 link8982 link8983 link8984 link8985 link8986 link8987 link8988 link8989 link8990 link8991 link8992 link8993 link8994 link8995 link8996 link8997 link8998 link8999 link9000 link9001 link9002 link9003 link9004 link9005 link9006 link9007 link9008 link9009 link9010 link9011 link9012 link9013 link9014 link9015 link9016 link9017 link9018 link9019 link9020 link9021 link9022 link9023 link9024 link9025 link9026 link9027 link9028 link9029 link9030 link9031 link9032 link9033 link9034 link9035 link9036 link9037 link9038 link9039 link9040 link9041 link9042 link9043 link9044 link9045 link9046 link9047 link9048 link9049 link9050 link9051 link9052 link9053 link9054 link9055 link9056 link9057 link9058 link9059 link9060 link9061 link9062 link9063 link9064 link9065 link9066 link9067 link9068 link9069 link9070 link9071
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Технология пәні сабақтарын тиімді ұйымдастыру және кәсіпке баулу.

Год: 2013

Казахстан, Талдыкорган

К.Ушинский атындағы № 7 орта

мектептің технология пәнінің мұғалімі
Ақашева Гүлсара Болатқызы

Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін технология сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері — білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.

Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі. Ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен мектеп қабырғасында танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және өңдеу, жасалу технологиясын оқып-біліп, әр түрлі бұйымдарды жасауды, түрлі ас даярлауды үйреніп, жұмыс түрін дер кезінде аяқтауды толық меңгереді. Тігін өнерімен қатар бисер тоқу, су моншақпен жұмыс жасау, қағазбен жұмыс істеу, жіппен өрнектеу, мата қалдықтарымен ойыншық жасау, өмірге қажетті бұйымдар тігу, табиғи заттармен жұмыс жасау оқушылар қиялын кеңейтіп, жұмыс істеуге деген қабілеттерін арттырады. Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына мақсат қоя білуі арқылы жетеді.

Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін өнеріне баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу басты мақсат. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттарды алуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау керектігі көрсетілген. Бүгінгі күнде технология сабағын қызықты да ұтымды, мағыналы өткізу үшін барлық жағдай бар. Әр сабағын оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, интерактивті тақтамен өткізудің маңызы зор. Интерактивті тақта арқылы әр элементті, әр жұмысты толық көрсетіп, оны оқушылардың да өз қолдарымен жасап үйренулеріне толық жағдай жасалынған. Пәнді тиімді ұйымдастыру, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімге байланысты. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп тұжырымдағандай технология сабағын қызықты өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болу керек. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық.

Технология сабағы — әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Технология пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс.

Технология пәнін халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы айрықша. Себебі ол - білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен үйірме материалдарын құрастырады. Сонымен қатар, оқушыларды техникалық шығармашылыққа, халықтық , ұлттық өнерді жалғастыруға , ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытып отырады. Технология пәні мұғалімінің кәсіптік бағдарлау жұмыстарын үнемі тиімділікпен жүргізіп отыруы маңызды міндет.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіпке баулу жолында үйірменің маңызы зор. Үйірме жұмыстарының міндеттері негізінен оқушының бойындағы кәсіптік икемділікті қалыптастыру, біліктілік пен танымды, еңбексүйгіштік пен қарым-қатынасты тәрбилеу, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылықпен оған деген белсенділікті арттыру, конструкторлық –технологиялық ой-өрістерін дамыту болып табылады.

Жұмыс барысында ұстаздың міндеті - оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт-бағдар беру, үйрету және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата-анамен тығыз байланыс орнатып, үйірмеге қатысып жүрген оқушының жұмыстарын көрсетіп, ақылдасып отыру. Үйірме сабақтары басқа пәндер сияқты толық дидактикалық кезеңдерді қамтымай, мұғалім шеберлігіне қарай кіріспе, негізгі және қорытынды болып жоспарлануы мүмкін. Үйірмеге қатысатын оқушыларға таным мен дағдыны қалыптастыру барысында олардың басқа пәндер бойынша білімдерін дамытуға ықпалын тигізеді. Мысалы, құрақ құрау, ою ою кезінде математика, геометрия, бейнелеу өнері пәнімен байланысы болса, әр түрлі материалдардың физикалық, механикалық, технологиялық қасиеттерін білу, салыстыруда физика, биология пәндерімен байланыстырылып, оқушылардың қызығушылықтарын арттырады.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық және практикалық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әркеттері, оқу шеберханасының материалдық –техникалық базасы, оқу көрнекіліктері мен құралдарының жеткіліктілігі кеңінен зерделеніп барып, жоспарға енуі тиіс. Технология пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады.

Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Міне, ұлттық ерекшеліктерді оқушыларымыздың санасына сіңіруде қазіргі технология пәнін оқытуда жан-жақты ақпараттық технологияны толық пайдала отырып, білім берсек, осы заман талабына сай тұлға тәрбиелей алатынымыз айқын.

Технология пәні сабағында оқушыларды шығармашылыққа баулу, талғамын қалыптастыру, сондай-ақ адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күннің сұранысына сәйкес білімді, кез келген әлеуметтік ортаға қалыптаса алатын, өзіндік жетіле алатын тұлға тәрбиелеу ұстаздар қолында.

Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский «Педагогиканың кең табанымен өте жіңішке төбесі бар: бастапқы сабақ берудің дидиактикасы том-том болуы мүмкін, өз пәніңді жақсы біл және оны анық түсіндір» деген. Дарынды оқушыны анықтау, қабілетін арттыруда белгілі бір мақсатта жұмыстар ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ, мектеп қабырғасында ұйымдастырылатын көрмелер, шығармашылық кештер, апталықтар оқушының ары қарай дамуына жол ашады. Өз елінің еңбекқор өнер адамы болып қалыптасуына әсер етеді.

Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз

дамытуды талап етеді, осы тұрғыдан алғанда қазіргі кездегі технология

пәні өз алдына мынадай міндеттерді көздейді.

- жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;

- тұлғаның өздігінен айқындалуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін

дамыту;

- оның өздігінен жетілуіне жағдай жасау;

- зерттеудің ғылыми әдістер туралы негізгі түсініктерін игеру;

- ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетті

құрметтеуге тәрбиелеу;

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ш.Әбдуалиева «Халық қолөнері»

2. «Мектептегі технология», «Технология в школе» журналдары.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

4.Ғаламтор материалдары.

Скачать:

Скачать файл: 555556.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности