link1152 link1153 link1154 link1155 link1156 link1157 link1158 link1159 link1160 link1161 link1162 link1163 link1164 link1165 link1166 link1167 link1168 link1169 link1170 link1171 link1172 link1173 link1174 link1175 link1176 link1177 link1178 link1179 link1180 link1181 link1182 link1183 link1184 link1185 link1186 link1187 link1188 link1189 link1190 link1191 link1192 link1193 link1194 link1195 link1196 link1197 link1198 link1199 link1200 link1201 link1202 link1203 link1204 link1205 link1206 link1207 link1208 link1209 link1210 link1211 link1212 link1213 link1214 link1215 link1216 link1217 link1218 link1219 link1220 link1221 link1222 link1223 link1224 link1225 link1226 link1227 link1228 link1229 link1230 link1231 link1232 link1233 link1234 link1235 link1236 link1237 link1238 link1239 link1240 link1241 link1242 link1243 link1244 link1245 link1246 link1247 link1248 link1249 link1250 link1251 link1252 link1253 link1254 link1255 link1256 link1257 link1258 link1259 link1260 link1261 link1262 link1263 link1264 link1265 link1266 link1267 link1268 link1269 link1270 link1271 link1272 link1273 link1274 link1275 link1276 link1277 link1278 link1279 link1280 link1281 link1282 link1283 link1284 link1285 link1286 link1287 link1288 link1289 link1290 link1291 link1292 link1293 link1294 link1295
Смайлова Сауле Алихановна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Сыныптан тыс жұмыс "Зейінділер сайысы" химия пәнінен

Сайыстың тақырыбы: «Зейінділер сайысы»

Күні: 13 қазан 2014ж

Уақыты: 11.40

Сайыстың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың химияға қызығушылығын, ынта-зейінін арттыру , алған білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жек

тұлға ретінде қалыптастыру.

Барысы:

1. Сайысқа қатысушылармен таныстыру.

2. Сайыстың бөлімдерімен таныстыру.

3. Сайыстың уақытылы басталуын қадағалау.

1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер әз-жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Химиялық сайысымыз басталар

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Зерделілер сайысын» тамашалауға шақырамыз

1-жүргізуші: Ал, енді бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық.

Сайыс 7-кезеңнен тұрады.

1-кезең.Топпен таныстыру (топтың сәлемдесуі)

А) топтың аты

Ә) ұраны

Б) команда эмблемасы

В) эмблеманы әділқазы алқасына апару.

2-кезең. «Таңғажайып әріптер»(берілген әріптен химиялық терминдер құрастыру)

3-кезең. «Тіл сындырайық» (мақал-мәтелдер жасырылады)

4-кезең. «Сен білесің бе?» (оқушылардың жасаған тәжірибесіне талдау жасау)

5-кезең. «Химиялық бәйге» (пән бойынша сұрақтарға жауап беру)

6-кезең . «Химиялық тәжірибелер» (заттардың құрамын анықтау)

7-кезең. «Кім жылдам» (берілген сұрақтар бойынша сұрақтар құрастыру)

2-жүргізуші:

Ғажайып нәрсе химия

Тұңғиық сыры әр алуан

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңарып бірі жаралған

Өмірдің бірақ керегін,

Осылар тауып берер ме?

Табар ма ешкім дерегін

Телмірмей, сірә тереңге-дей отырып, химия сырын түсінуге ұмтылып жүрген жас сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз

1-топ _________________________

2-топ _________________________

1-жүргізуші:

Шеберлікті , білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

2-жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы»

Дейтін қазақ данасы.

Сәлемдесіп, танысып,

Кеш бастайық жарысып

Енді сайысымыздың 1-кезеңі топтардың өздерін таныстыруынан бастайық.

Сөз кезегін ___________________ тобына берейік.

Рахмет, келесі________________ тобы өздерін таныстырып өтсін.

Әділқазы алқасынан осы таныстырудың бағасын сұрайық.

1-жүргізуші:

«Таңғажайып әріптер» деп аталады сайыскерлерге берілетін тапсырма: берілген әріптен химиялық терминдер құрастыру

Шарты: әрбір терминді айтқан кезде сол сөздің соңғы әріпіне келетін сөздерді айту. Мысалы: глюкоза - алкан- неон деген сияқты.

Әділ қазылар алқасы осы кезеңнін бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші: Сайысымыздың 3-кезеңі

«Тіл-сындырайық» деп аталады бұл кезеңде сайыскерлер берілген мақал-мәтелдің ішіндегі керекті сөзді дұрыс тауып, орысша,қазақша айту керек.

1-топқа:

1........ қызған кезде соқ. (темір-железо)

2....... көрсе періште жолдан таяды.(алтын-золото)

3.Сыйлап берген ....... тәтті (су-вода)

4. Аз сөз –.......... (алтын-золото)

Көп сөз-......... (күміс-серебро)

5.Батыр майданда шынығады............. қайнауда шынығады . (болат-сталь)

1-жүргізуші:

2-топқа:

1.Жылтырағанның бәрі.............. емес. (алтын-золото)

2.Өшпейтін өмір жоқ

Сынбайтын ............. жоқ. (темір-железо)

3. Ел іші ..........бесік. (алтын-золото)

4............. ішкен құдығына түкірме (су-вода)

5. Ақыл арымас

............. шірімес. (алтын-золото)

Әділқазы алқасы осы сайысымыздың бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші:

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

Келесі кезең «Сен білесің бе?» деп аталады мұнда оқушылар тәжірибе жасайды,оған әр топ талдау жасайды.

Бірінші топқа арналған тәжірибе ойлануға 1минут уақыт беріледі.

орындайтын оқушы_______________

Екінші топқа берілген тәжірибе ойлануға 1 минут.

орындайтын оқушы ________________

1-жүргізуші:

Ал,қазір сендерге қоятын,

Бар менің бірнеше сұрағым.

Жауаптарыңды әдемі,

Зейін қойып тыңдайын.

Келесі кезең «Химиялық бәйге»

( бұл кезеңде топ басшысы 1 минуттың ішінде қойылған сұраққа жылдам әрі нақты жауап берулері керек )

1-топ ______________тобына

1.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (Моль)

2.3 түрлі күйде кездесетін зат (Су)

3.Химиялық құрылыс теориясының авторы. (А.М. Бутлеров)

4.Органикалық заттар , органикалық химия терминдерін енгізген ғалым.(Берцелиус)

5.Медицинада , сүйек сынғанда таңуға пайдаланатын химиялық қоспа .(Гипс )

6.10-шы қаныққан көмірсутек. (декан)

7.Органикалық заттың құрамына кіретін негізгі элемент (С)

8.Қай газ «шахта газы» деп аталады (СН4)

9. Егер орын басушы топтар қос байланыстың бір жағында орналасса

қалай аталады (Цис-изомерия)

10.Алкандарға тән реакция. (Орын басу).

11. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (йод)

12.Адам ағзасында қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады (фтор)

13. Геометриялық изомерияның екінші аты (кеңістіктік)

14. Периодтық заңды ашқан ғалым. (Д.И. Менделеев )

15.Гевея өсімдігінен алынатын сүтті шырын. (Каучук)

16.Каучукты вулканизациялау арқылы алынатын зат (резеңке)

17.Калий пермаганатының тұрмыстық атауы (марганцовка )

2-жүргізуші:

2-топ________________тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар

1.Тұрмыста қолданылатын табиғи газ (пропан)

2. Алкандардың гомологтық қатарының бірінші өкілі. (CН4)

3. Металл кесуде және пісіруде қолданылатын қанықпаған көмірсутек (ацетилен)

4.Ең қиын балқитын металл (вольфрам)

5.Алкандардың алғашқы төрт өкілінің агрегаттық күйі қандай

6.Алкендерге тән реакция ( қосып алу)

7.Ацетиленді көмірсутектердегі байланыс түрі (үш байланыс )

8.Көкөніс пісуін тездететін органикалық зат (этилен )

9.Органикалық заттың жанғыш болып келу себебі неден (көміртектің болуында)

10.Қандай галоген жетіспесе тісте қарақұрт қолданылады. (фосфор)

11.Өрт сөндіруге қолданылатын органикалық зат.(тетрахлорметан)

12.Темекінің құрамындағы алколоид,улы зат (никотин)

13.Ауаның негізгі құрам бөлігі (оттегі)

14.Сұйық металл (сынап)

15.Адамның дене жасушасындағы хромосома саны (46)

16. Теріс және оң зарядталған атомдар (иондар)

Әділқазы алқасы осы сайыстың бағасын берсеңіздер.

2-жүргізуші:

Қызық думан ,өміріміз ғаламат!

Қас-қаққанша жаңа қала, жаңа бақ.

Қыруар істің қайсысында болса да,

Құдіретті химия жүр аралап.

Сайысымыздың келесі кезеңі « Химиялық тәжірибелер»

1 топ. Крахмалды анықтау. ( алдарындағы әр түрлі тағам берілген тағаммның құрамында крахмал бар жоқтығын анықтау.)

2 топ. Кермек және жұмсақ суды анықтау.(берілген судың кермек жұмсақтығын сабын және синтетикалық жуғыш ұнтақ көмегімен анықтау.)

1-жүргізуші:

Білмейтінін білем деп олжа қуар,

Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.

Химияны болжаммен ұға алмайсың,

Формуланың оң жағы, сол жағы бар

«Кім жылдам» деп аталады берілген сұрақтар бойынша сөздер құрастыру

1-топқа

  1. Сұйықтың өлшем бірлігі (литр)
  2. Қосылысының бактерицидтік қасиеті бар галоген (хлор)
  3. Тісте кездесетін элемент (фтор)
  4. Қос байланысты көмірсутектің бірінші өкілі (этен)
  5. Заттың өлшем бірлігі (моль)

2-жүргізуші:

1.Бесінші топтың элементі тыңайтқыш құрамында болады (азот)

2. Сұйық галоген (бром)

3. Қаныққан көмірсутектің екінші өкілі (этан)

4. Заттың кіші бөлшегі (атом)

5. Грек тіліндегі «1» сөзі (моно)

1-жүргізуші :

Күшейтеміз химияның сапасын!

Берер бізге болашақ ақ батасын.

Ғылымдардың негізгі бір саласы-

Химиямыз мәңгі бақи жасасын !- дей отырып, сайысымызды қорытындылауға сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Әділ қазылар шешімімен жеңімпаздар марапатталады.

2-жүргізуші :

2030-дың барысымыз,

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу парызымыз,- дей отырып,бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Қош, сау болыңыздар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности