Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Қазақ халқының дастарқаны

Год: 2012

Страна: Казахстан

Астана қаласы

№28 орта мектебі

Өткізген: Букенбаева С. Н.

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының дастарқаны

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: өткенді қайталау, қонақ күту туралы қысқаша әңгіме құрату, білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу әрекеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелей түсу, қазақ халқының салт - дәстүрін құрметтей білуге, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Оқыту формалары: жеке, жұптық, топтық.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Бір-біріне сәттілік тілеу

3. Психологиялық дайындық.
Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен сабағымызды бастайық.

Оқушыларды III топқа бөлу.

1. Оқушыларға сапқа тұрғызып, бірден үшке дейін санатып, 3 топқа бөлу.

2.Топ басшысын сайлау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар, кешегі өткен сабақта қонақ күту рәсімі туралы мәтінмен жұмыс істедік.

Енді, бүгін осы сабақ үстінде еске алайық.

1 тапсырма. Әр топтың басшысы тапсырма алады.

Сұрақ — жауап Постерді қорғау.

  1. Карточка - Қай үйді «Қонақжай» үй дейміз?
  2. Карточка - Қонақтар ризашылығын қалай білдіреді?
  3. Карточка - Қонақ күту рәсімі неге үйретеді?

- Сонымен қатар конақ күту нені білдіреді?

- Адамдарға жақсы көңілмен қарау.

- Үлкендерді сыйлау, құрметтеу.

- Кішіге қамқор болу.

2 тапсырма. Әр топ қонақты қалай қарсы алады көрініс көрсетеді.

3 Сергіту сәті

ІІІ Жаңа сабақ.

  1. 1. Дастарқан деген не?
  1. 2. Презентация. Жаңа сабақ түсіндіру.

Қазақ халқы дастарқанға аса мән — маңыз береді. Дастарқан басында бірінші үлкендер жайғасады, содан кейін барып жасы кішілер орналасады.

Қазақ халқы «Дастарқанның көркісі — нан» - дейді. Дастарқанды әзірлегенде бірінші нан, бауырсақ қояды. Содан соң құмыс немесе шәй беріледі. Қазақ ұлттық тағамдар қойылады. Шәй беру үлкен рәсімі. Дастарқан әзірлеу да бір үлкен өнер.

Сөз тіркестерді жинау.Синонимдер

көркі — сәні, дастарқан басы — дастарқан төрі

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2.Сөздікпен жұмыс:

а) өтетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп аудару;

ә) дұрыс айтуға дағдыландыру;

бауырсақ тәтті тағамдар

Бешбармақ тәтті тоқаштар

Құмыс шәй беру рәсімі

3. Топпен жұмыс.

1топ.Сурет бойынша әңгіме құру.

2топ. Диалог құрастыру.

3топ. Бата

Тапсырма. Енді балалар, қазақ халқаның және орыс халқының тағамдарын салыстыра отырып ортақ тағамдарын жазайық. Кесте толтырайық.

Қазақ ұлттық тағамдары

Ортақ тағамдар

Орыс тағамдары

бата.

Бата беретін көрініс.

V Сабақты қорытындылау.

- Балалар, бүгінгі тақырыбымыз не туралы?

- Қазақ дастарқаны туралы

- Қазақ дастарқан қандай болады?

-

VІ Үйге тапсырма беру. Ситуациалық жағдай. Мысалы үйіне қонақ келді. Қонақты қалай қарсы аласың? Шақырылмаған қонақ келсе не істейсің?

VІІ Бағалау.

Скачать урок

Скачать файл: aza-halyny-dastarany.doc
Посмотреть онлайн файл:

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности