link8496 link8497 link8498 link8499 link8500 link8501 link8502 link8503 link8504 link8505 link8506 link8507 link8508 link8509 link8510 link8511 link8512 link8513 link8514 link8515 link8516 link8517 link8518 link8519 link8520 link8521 link8522 link8523 link8524 link8525 link8526 link8527 link8528 link8529 link8530 link8531 link8532 link8533 link8534 link8535 link8536 link8537 link8538 link8539 link8540 link8541 link8542 link8543 link8544 link8545 link8546 link8547 link8548 link8549 link8550 link8551 link8552 link8553 link8554 link8555 link8556 link8557 link8558 link8559 link8560 link8561 link8562 link8563 link8564 link8565 link8566 link8567 link8568 link8569 link8570 link8571 link8572 link8573 link8574 link8575 link8576 link8577 link8578 link8579 link8580 link8581 link8582 link8583 link8584 link8585 link8586 link8587 link8588 link8589 link8590 link8591 link8592 link8593 link8594 link8595 link8596 link8597 link8598 link8599 link8600 link8601 link8602 link8603 link8604 link8605 link8606 link8607 link8608 link8609 link8610 link8611 link8612 link8613 link8614 link8615 link8616 link8617 link8618 link8619 link8620 link8621 link8622 link8623 link8624 link8625 link8626 link8627 link8628 link8629 link8630 link8631 link8632 link8633 link8634 link8635 link8636 link8637 link8638 link8639
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Қонақ күту

Год: 2012

Страна: Казахстан

Астана қаласы

№28 орта мектебі

Өткізген: Букенбаева С. Н.

Сабақтың тақырыбы:

Қонақ күту

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: өткенді қайталау, қонақ күту туралы қысқаша әңгіме құрату, білім деңгейінде сөйлетіп, тілдесім әрекетіне жетелеу.

2. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу әрекеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, білімнің қажеттілігін терең ұғына білуге тәрбиелей түсу, қазақ халқының салт - дәстүрін құрметтей білуге, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, аудару, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Оқыту формалары: жеке, жұптық, топтық.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
  2. Психологиялық дайындық.

Бір-біріне сәттілік тілеу.

Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.

Қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.
Балалар, бүгінгі күнімізге, өзімізге және сабағымызға жақсылық , көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.
Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
ІІ Жаңа сабақ.

1.Оқушыларды III топқа бөлу.

Сары, қызыл, жасыл жапырақтарды бөліп алу.

2.Топ басшысын сайлау.

Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.

3.Ой қозғау. «Қонақ» деген сөзді қалай түсінесіңдер. Ассоциацияларын жасыңдар.

Ассоциацияларын постерге жазу

береке мейірімді сыйлы құрметті ағайын тәртіпті


төрде отырады


қымбат

жақсы

әдепті кәде

құт сыйлық ырыс көпшіл туыстар

қарым - қатынас

Балалар, сендердің үйлеріңе қонақтар келе ме?

- Иә, біздің үйге қонақтар келеді.

- Олар кімдер?

- Достарым, туыстарым, ағалар, аталар, әжелер, көршілер, құдалар, шақырған адамдар, таныстар.

- Дұрыс. Оларды қалай қарсы аласыңдар?

- Амандасамыз, үйге кіруге шақырамыз. Төрге отырғызамыз. Дастарқан төсейміз.

- Дастарқан үстіне тағамдар қоямыз. Жақсы лебіздерімізді білдіреміз.

- Өте жақсы. Дұрыс, балалар. Бүгін біз қазақ халқы дәстүр бойынша қонақты қалай күткенің танысайық.

4.Презентация арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

« Қонақ келсе — құт кел» - қазақ халқының мақал — мәтелі бар.

Осыны біліп отырып қазақ халқы қонақты жақсы көңілмен, төрге отырғызып, дастарқан әзірлеп, қонақтарына жақсы жағдай жасап береді.

«Батамен ел көгерер, еңбекпен жер көгерер» - тағы бір мақал — мәтеліміз бар.

Қонағын жақсы күткен үй иесіне, келген қонақ риза болса, сол кезде қонақ үй иесіне бата береді.

5.Енді, мәтінмен жұмыс өткізейік.

  1. 1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
  2. 2. Сөздік жұмысы.

Білетін сөздерге қанат белгісін қояйық.

Білмеген сөздерге сұрақ белгісін қояйық

Білмеген сөздермен жұмыс өткізу. Сурет бойынша жұмыс.

төрге отырғызу дастарқан әзірлеу

ән айту, күй тарту ағайын — туыстарын сыйлау

ел — жұртты құрметтеу

  1. 3. Мәтінді оқу.
  2. 4. Бәйге. Ойын. Кім жылдам.

- Қай үйді Қонақжай дейміз?

- Жылы қарсы алған үйді.

- Қазақ халқы қалай қонақты қарсы алады?

- Дастарқан әзірлеп, жылы көңілмен қарсы алады.

- Қонақ қалай ризашылығын білдіреді?

- Жақсы әңгіме айтады, ән шырқайды, күй тартады.

  1. 5. Грамматикалық тапсырма

1топ. Көп нүктенің орнына ілік септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан…, қонақ…, үй иесі…, ән…, күй…

2 топ. Көп нүктенің орнына барыс септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан…, қонақ…, үй иесі…, ән…, күй…

3топ Көп нүктенің орнына табыс септіктің жалғауын қой. Сөйлем құрастыр.

Дастарқан…, қонақ…, үй иесі…, ән…, күй…

  1. 6. Топпен жұмыс. Әр топ сұрақтарға жауап береді.

1 топ. Сурет бойынша әңгіме құру.

2 топ. Эссе жазу.

3 топ. Диалог құрастыру. Үй иесі мен қонақ.

  1. 7. Сергіту сәті.
  2. 8. Венн диаграммасын толтыру.

Постерге сызып айырмашылықтарын жазу.

IVҚорытынды.

- Балалар, бүгінгі тақырыбымыз не туралы?

- Қонақжайлық. Қонақ күту.

- Біз бұл сабақта нені үйрендік?

- Қонақты қалай күту.

- Сонымен қатар конақ күту нені білдіреді?

- Адамдарға жақсы көңілмен қарау.

- Үлкендерді сыйлау, құрметтеу.

- Кішіге қамқор болу.

V. Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау. Бата жаттау. Диалог құру.

VI. Бағалау парағы бойынша бағалау.

VII. Рефлексия.

Скачать урок

Скачать файл: konak-kutu.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности