link4662 link4663 link4664 link4665 link4666 link4667 link4668 link4669 link4670 link4671 link4672 link4673 link4674 link4675 link4676 link4677 link4678 link4679 link4680 link4681 link4682 link4683 link4684 link4685 link4686 link4687 link4688 link4689 link4690 link4691 link4692 link4693 link4694 link4695 link4696 link4697 link4698 link4699 link4700 link4701 link4702 link4703 link4704 link4705 link4706 link4707 link4708 link4709 link4710 link4711 link4712 link4713 link4714 link4715 link4716 link4717 link4718 link4719 link4720 link4721 link4722 link4723 link4724 link4725 link4726 link4727 link4728 link4729 link4730 link4731 link4732 link4733 link4734 link4735 link4736 link4737 link4738 link4739 link4740 link4741 link4742 link4743 link4744 link4745 link4746 link4747 link4748 link4749 link4750 link4751 link4752 link4753 link4754 link4755 link4756 link4757 link4758 link4759 link4760 link4761 link4762 link4763 link4764 link4765 link4766 link4767 link4768 link4769 link4770 link4771 link4772 link4773 link4774 link4775 link4776 link4777 link4778 link4779 link4780 link4781 link4782 link4783 link4784 link4785 link4786 link4787
Танабаев Сакен Нуркешевич
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Карагандинская область, город Шахтинск
Открытый урок по казахскому языку "Ауыл өмірі"

Өткізу мерзімі

13.11.2013

Сынып

11 А

Тексеруші

Нурасылова Б.Р.

Қолы

Сабақтың тақырыбы: Ауыл өмірі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өткен материалдарын қайталай отырып, сөз таптары мен септіктердің түрлерін еске алып, анықтап, оларды дұрыс қолдануға үйрету. Дамытушылық: сұрақ-жауап бойынша еркін сөйлетіп, қайталап, оларды айтқызып тіл дамыту, ойлау қабілеттерін меңгеру. Тәрбиелік: Ауыл өмірі туралы өз ойын айту мәтін арқылы адамгершілікке, сауаттыққа баулу. Сыныптастары айтқан ақпаратты тыңдап түсіну. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою. Тірек-сызба бойынша сөйлемдер жазу.

Сабақтың мазмұны мен жүрісі.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ:

Қоғалы ауылының өмірі

1-тапсырма. Мәтінді оқып, асты сызылған сөздерге назар аудару.

… Ерте көктемде ауыл сыртындағы жазыққа егістікке дәрі себетін кішкентай ұшақ келіп қонған еді. Оны көрген балалар үйде тыныш тауып отыра алсын ба!? Алақайлап қуана жүгіріп, бағана-ақ солай қарай кеткен болатын. Тіпті түскі тамақты ішуге де ешқайсысы келмеді. Ұшақ ақ дәріні тиеп алып, егістіктің үстімен ұшып кетсе, олар көгілдір аспаннан көз алмай қарап, тобын жазбай күтіп тұра береді.

Түс ауа Ұлдай балаларын үйге шақырып келмек болып солай қарай жүрген. Ұшақ қонатын алаңға жақындай бергенде Балағыз алдынан жүгіріп шығып:

- Апа, біздің Жақия жаңа ғана ұшаққа мініп ұшып кетті! — деді қаннен –қаперсіз көздері күлімдеп.

Ұлдайдың жүрегі тас төбесіне шықты. Сол жерде не болып, не қойғанын өзі де сезген жоқ. Әлгі сөзді ести сала сонау көк жүзінде қылдырап ұшып бара жатқан ұшақтың соңынан

жанұшырып жүгіре беріпті, жүгіре беріпті....

- Апа, тоқтаңыз! Қайда барасыз?! — деп артынан айқайлаған Балағыздың даусын естіген де жоқ.

Аспандағы ұшақтан көз жазып қалуға қорқып, алға қарай ұмтыла берді. Бір-екі тұста сүрініп кетіп, тез қайта тұрды. Екі өкпесін қолына алып тағы да жүгірді…

(Н.Ораз. «Қазығұрт оқиғалары» әңгімесінен үзінді)

Сөздік

қонған еді — приземлился қаннен-қаперсіз - спокойно

түскі тамақ — обед ұшақтың соңынан-за самолетом

көгілдір аспаннан — на небе қайта тұрды — снова встала

2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Мына сөздерді сөз құрамына талдау, сөз тіркесін құрастыру. Сыртындағы, аспандағы, үстімен, балаларын, қонатын.

2. Мына сөзді септеу. Ұлдай, ұшақ.

3. Сұрақтарға жауап беру. а) Көктемде егістікте қандай жұмыс жасалады?

ә) Ұлдай балаларын неге шақырмақ болды? б) Балағыз не деді?

ІІ деңгей

1. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Ұшақ ақ дәріні тиеп алып, егістіктің үстімен ұшып кетсе, олар көгілдір аспаннан көз алмай қарап, тобын жазбай күтіп тұра береді.

2. Керекті сөздерді қойып, көшіріп жазып, сөйлемнің түрлерін анықтау.

… ауа Ұлдай … үйге шақырып .... болып солай қарай жүрген. … … тас төбесіне шықты. Сол жерде … болып, … қойғанын өзі де сезген жоқ. …, тоқта!

3. Мына сөздердің синонимдерін табу. тамақ, көгілдір аспан, алаң, көз жазып қалу

3-тапсырма. Мәтін бойынша мына сызбаны толтыру.

есімдік

зат есім

сын есім

етістік

4-тапсырма. Септік жалғаулы сөздерді бағанға орналастыру.

Көктемде, ақжазыққа, егістікке, үйде, тамақты, ішуге, егістіктің, алаңға, Ұлдайдың, ұшақтың.

Ілік септік

Барыс септік

Жатыс септік

Табыс септік

5-тапсырма. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындау.

1.Қатаң дауыссыз дыбыстан басталып, қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсет.

а) көктемде; ә) егістікке; б) себетін; в) шақырып;

2. Тұйық, бітеу, тұйық, ашық буынды сөзді көрсет. а) ақжазыққа; ә) кішкентай; б) егістікке; в) тыныш;

3.Алақайлап қуана жүгіріп, бағана-ақ солай қарай кеткен болатын. Қандай сөйлем екенін анықта.

а) жай сөйлем; ә) салалас құрмалас сөйлем; б) сабақтас құрмалас сөйлем; в) толымды сөйлем;

4. Ұлдайдың жүрегі тас төбесіне шықты. Сөйлемдегі баяндауышты тап.

а) шықты; ә) жүрегі; б) Ұлдайдың; в) тас төбесіне;

5. Сын есім мен зат есімнен жасалған тіркесті көрсет.

а) балалар үйде; ә) шақырып келмек; б) кішкентай самолет; в) тобын жазбай;

6. Аспаннан сөзіндегі қосымша қай септікте тұр? а) барыс; ә) ілік; б) көмектес; в) шығыс;

7. Болымсыздық есімдігін көрсет. а) оны; ә) ешқайсысы; б) сол; в) қайда;

8. Мына сөйлемдегі етістікті көрсет: Екі өкпесін қолына алып тағы да жүгірді.

а) өкпесін; ә) жүгірді; б) қолына; в) екі;

9. Сан есімді тіркесті тап. а) ерте көктемде; ә) ақ дәріні; б) екі өкпесін; в) түс ауа;

10. Омоним болатын сөзді тап. а) ау; ә) ауыл; б) көктем; в) көрген;

6-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беру.

1) - Сіздің ойыңызша, ауылда қандай мамандық иелері жұмыс істейді? 2) -Ауыл адамдары көбінесе немен айналысады?

3) - Егер сіз ауылда тұрсаңыз, ең алдымен нені дамытар едіңіз?

Бекіту:

Бағалау:

Үйге тапсырма: «Ауыл өмірі» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности