link2268 link2269 link2270 link2271 link2272 link2273 link2274 link2275 link2276 link2277 link2278 link2279 link2280 link2281 link2282 link2283 link2284 link2285 link2286 link2287 link2288 link2289 link2290 link2291 link2292 link2293 link2294 link2295 link2296 link2297 link2298 link2299 link2300 link2301 link2302 link2303 link2304 link2305 link2306 link2307 link2308 link2309 link2310 link2311 link2312 link2313 link2314 link2315 link2316 link2317 link2318 link2319 link2320 link2321 link2322 link2323 link2324 link2325 link2326 link2327 link2328 link2329 link2330 link2331 link2332 link2333 link2334 link2335 link2336 link2337 link2338 link2339 link2340 link2341 link2342 link2343 link2344 link2345 link2346 link2347 link2348 link2349 link2350 link2351 link2352 link2353 link2354 link2355 link2356 link2357 link2358 link2359 link2360 link2361 link2362 link2363 link2364 link2365 link2366 link2367 link2368 link2369 link2370 link2371 link2372 link2373 link2374 link2375 link2376 link2377 link2378 link2379 link2380 link2381 link2382 link2383 link2384 link2385 link2386 link2387 link2388 link2389 link2390 link2391 link2392 link2393
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
Ашық тәрбие сағаты "Құлағымда әлди үнің, анашым!"

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Құлағымда әлди үнің, анашым!»

Мақсаты: дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге, мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Мұғалім сөзі: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол — Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да — Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де — Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұл соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылыуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше анамызды сыйлап, құрметтейікші, жас достар!

Ән «Анашым» хор

1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды. Сол уақыттан бастап 8- наурызда халықаралық әйелдер мерекесін тойлап келеміз.

Аналарымызға жүрегімізден шықан өлең шумақтарымызды арнаймыз.

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды

Гүлжайна Айдос

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Дүниедегі ең ардақты асыл жан

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың Анам менің мәпелеген жасымнан

Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Мен қуансам қуанады ол бірге

Кең құшағың аясындай гүл бақтың. Мен қиналсам табылады қасымнан

Ер жеткізіп елге берген баласын, Маған қымбат жан жоқ сірә анадан

Ақылдысың, ардақтысың, данасың! Бар жақсылық аналардан тараған

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, Жер бетіне өмір нәрін себуші

Қайратыңнан қайта көрме, анашым Ана алдында борышты ғой бар адам

Данабек Дина

Ана тұрса құшаққа алып баласын Асыл анам — алтын жан, асқар тауым

Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым Арайланып алдымнан атқан таңым

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде Әлпештедің, әлдилеп аяладың

Қуанышқа кенеле бер, анашым Әр кеш мені — ән-күйім, сая бағым

Мен ананы шуағы мол күн деймін Гүлім болып көгімде сен көрінген

Анадан зор құдіретті білмеймін Күнім болып көгімде сен көрінген

Анам ылғи қамқор болып жүреді Ақын ең сен — әр таңға асық жаның

Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін Алыс кетсем — аңсаймын, сағынамын

Назерке Қазбек

Ана деген — асыл жандар болаттай Анашым, жыр арнады қалқаң бүгін

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай Көмкерер сен дегенде бір таңды күн

О, адамдар, қадірлей біл ананы Болса егер уысымда бір өзіңе

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай Сыйлар ем дүниенің дархандығын!

Ана десем сезім билер тым ыстық «Қой» десең балаң күнде «неге» дедім

Жарасымды адамдарға туыстық Өзіңде мені нұрға бөлеген үн

Берсе барлық адамға ана мейірін Қанат жоқ әттең шіркін, асыл анам

Орнар еді бар әлемге тыныштық Жұлдыздың бәрін әкеп берер едім

Ерасыл Қызғалдақ

Төгілген маған мейірің — бейне шуағың Халқымызға билік айтар даналар

Сарқылмас мәңгі ән салған бастау бұлағың Даналардың өзі анадан жаралар

Жасашы, ана, жасашы — менің тілерім Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Қанатын қомдап ұшса да биік ұланың Сізден жақын адам бар ма аналар?

Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім Балаға ең жақыны сіз ғой ана

Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана

Еңбегіңді ақтап, аялап өтсем тек сені Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ

Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана

Нұрғиса Айтгүл

Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім

Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың Жанымды жадыратып күлдіретін

Әлпештедің, аяладың, өсірдің Сендегі маған деген мол мейірді

Кең құшағың аясындай гүл бақтың Нұр толы қос жанарың білдіретін

Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін Өзіңсің өмірдегі асылым да, ардағым

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің Анашым, айтарым көп тіл жетпейді

Қандай бақыт ортамызда жүргенің Бір сендей асыл адам таба алмадым

Жангүл Ғалымжан

Аялаумен ер жеткізген баласын Ана сүтінен барлық адам нәр алған

Ақылдысың, ардақтысың, данасың Ол азығың өзіңмен бірге жаралған

Қажымашы, шаршамашы, анашым Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол

Қарайлаймын кірбің шалса қабағың Күш-қуат боп өн бойыңа таралған

Адалдыққа баулыдың әуел бастан Өмірге ана — бақыт, ана — пана

Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан Өмірді өркендетер ана ғана

Ақ ботаңды демей гөр, жан анашым Өсірген талай көсем, талай шешен

Үлкен өмір жолында аяқ басқан Талай ер, талай ақын, талай дана

Нұрлан Мейрамбек

Мен ана деп ән саламын Ана — өте қымбат жан

Мен ана деп билеймін Әлемге өмір сыйлаған

Мен ана деп гүл теріп Мәпелеген біздерді

Терген гүлді сыйлаймын Баласы үшін жан қиған

Терген гүлім қызғалдақ Ана деген ең асыл

Қызғалдақты сыйладым Мейірімі күнмен тең

Қолы жұмсақ мақпалдай Саған айтам мың алғыс

Менің анам жан анам Мені әлдилеп тербеткен

Айнұр Жалғас

Достарым, анамызды құрметтейік Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Көңілін ешқашанда кірлетпейік Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп. Ана деген — бәйтерегі өмірдің

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік. Ана деген — алтын қазық, алтын бағалар

Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады.Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау х

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности