link12528 link12529 link12530 link12531 link12532 link12533 link12534 link12535 link12536 link12537 link12538 link12539 link12540 link12541 link12542 link12543 link12544 link12545 link12546 link12547 link12548 link12549 link12550 link12551 link12552 link12553 link12554 link12555 link12556 link12557 link12558 link12559 link12560 link12561 link12562 link12563 link12564 link12565 link12566 link12567 link12568 link12569 link12570 link12571 link12572 link12573 link12574 link12575 link12576 link12577 link12578 link12579 link12580 link12581 link12582 link12583 link12584 link12585 link12586 link12587 link12588 link12589 link12590 link12591 link12592 link12593 link12594 link12595 link12596 link12597 link12598 link12599 link12600 link12601 link12602 link12603 link12604 link12605 link12606 link12607 link12608 link12609 link12610 link12611 link12612 link12613 link12614 link12615 link12616 link12617 link12618 link12619 link12620 link12621 link12622 link12623 link12624 link12625 link12626 link12627 link12628 link12629 link12630 link12631 link12632 link12633 link12634 link12635 link12636 link12637 link12638 link12639 link12640 link12641 link12642 link12643 link12644 link12645 link12646 link12647 link12648 link12649 link12650 link12651 link12652 link12653 link12654 link12655 link12656 link12657 link12658 link12659 link12660 link12661 link12662 link12663 link12664 link12665 link12666 link12667 link12668 link12669 link12670 link12671
Байназаров Айдын Айткалиевич
Должность:Преподаватель-организатор НВП
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан,ВКО,Тарбагатайский район,село Тана мырза
Жалпыәскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі және құрылысы

1. Сабақтың тақырыбы: Жалпыәскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі және құрылысы, ГП-5, ГП-4у, ПДФ-Ш газтұмылдырықтары құрылысының ерекшеліктері, сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты жинау және қалтаға салу, газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері, зақымдалған адамға кигізу әдістері, бұзылған газтұмылдырықты қолдану

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаппай жою қаруынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралармен және жеке қорғану құралдарымен (сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар) таныстыру.

3. Уақыты: 45 мин.

4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар.

6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі — 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі — 9 мин.

- Биологиялық қаруға анықтама беріңіздер.

- Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекеті неге негізделген?

- Биологиялық қарудың тарихы туралы не білесіңдер? Биологиялық құралдарды қару ретінде қолдану қашан басталған?

- Биологиялық құралдардың түрлері мен негізгі қасиеттері туралы не білесіңдер?

- Жануарларды, ауылшаруашылық дақылдарын зақымдау үшін қандай қоздырушылар қолданылады?

б) Негізгібөлім — 24мин.

Жаппайжоюқаруынанәскериқызметшілердіқорғаужәнеолардыңқауіпсіздігінқамтамасызету. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар. Жеке қорғану құралдарын жіктеу(сүзгіш газтұмылдырықтар мен тұмылдырықтар).

Зақымдану, қирату, өрт және су басу аймағындағы әрекеттер кезінде әскери қызметшілерді қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету келесі шараларды орындаумен жетілдіріледі:

- үзіліссіз радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізу;

- уақытымен және ебін тауып жеке, ұжымдық қорғану құралдарын, қару-жарақ, әскери техника мен жергілікті жердің қорғаныш қасиеттерін, радиацияға қарсы препараттарды, антидоттарды, жедел медициналық жәрдем көрсету құралдарын, инженерлік құрылыстарды пайдалану;

- зақымдану, қирату, өрт және су басу аймақтарын мейлінше орынды жеңу тәсілдерін таңдау;

- зақымданған жерде әскери қызметшілермен бекітілген тәртіп ережесін қатаң сақтау.

Көрсетілген шаралар мазмұны мен тізімі әрбір нақты оқиға, жағдай шарттарымен айқындалады.

Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда немесе бөлімше қарсыластан қорғануға жеткілікті түрде дайын болмағанда, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бірінші кезекте зақымданған аймақты барлауды және әскери қызметшілерді зақымданбаған ауданға қысқа мерзімде орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жеке қорғану құралдарын орынды және уақытымен пайдалану адамдардың химиялық және биологиялық қарумен зақымданбауына, ядролық жарылыстың зиянды сәулеге шалдығу әсерін әлсіздендіруге және әскери қызметшілерді радиоактивті шаңмен уланудан сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке қорғану құралдарына: газтұмылдырықтар; тұмылдырықтар; жалпы әскери кешенді қорғаныш киімі (ЖӘКҚК); жалпы әскери қорғаныш толымы (ЖӘҚТ); қорғаныш киім (ҚК) және қорғаныш көзәйнек жатады.

Сүзгіш газтұмылдырықтары дем алу органдарын, көзді, бетті УЗ, РЗ БҚ аэрозольдерінен қорғауға арналған.Тұмылдырықтың қажетті өлшемі беттің биіктігі Һ бойынша таңдалады ( иектің төменгі нүктесі мен кеңсірік арасындағы қашықтық).

Аталуы

Маркасы

Алдыңғы

Салмағы, кг

Сүзгіш газтұмылдырықтар

РШ - 4

ШМ — 41 МУ

ШМС

1,8

ПМГ

ШМГ

ПМГ — 2

ШМ — 66 МУ

1,1

ШМ - 62

0,9

ПМК

М - 80

Жекеленген дем алу аппараты

ИП - 46

ШВС

4,6

ИП — 46; МИП - 4

ШВС

5,5

ИП - 5

ШИП - 26

3,4

Тұмылдырық Гопкалит патроны

Р - 2

ШИП - М

5,2

ДП - 1

Жартылай маска

0,06

в) Қорытынды бөлім — 9 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қалай жетілдіріледі?

- Зақымдалған аймақ кенеттен жасалғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін не істеу керек.

- Сүзгіш газтұмылдырықтар туралы айтып беріңдер.

- Тұмылдырықтың қажетті өлшемі қалай таңдалады?

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности