Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
№49 оқу іс-әрекеті

Қазақстан, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№2 «Жанар» балабақшасы

Дене пән жетекшісі

Жайлиева Унеркул Турсынбаевна

Мақсаты: Шеңбер бойында белгі бойынша бағытты өзгерте жүру және жүгіру;қиғаш жүру,ирелеңдеп жүру,жартылай отырып жүру. Қозы лақтай секіріп жүгіру,құлын болып жүгіруге жаттықтыру.Көлденең қойылған гимнастикалық тақтайшаға аяқ ұшымен мініп жүгіріп түсу,құрсаудың ортасынан өтіп,баскетболь сеткісіне допты салуды үйрету.

Дамытушылық: Қимыл үйлесімділігін, ептілік пен шапшаңдықты дамыту.

Тәрбиелік: Ептілікке, шыдамдыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар:Әр балаға екі таяқшадан, таяқшалар,доп, гимнастикалық тақтайша, құрсау, баскетболь сеткісі.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, нұсқау беру , ойын,мадақтау, сұрақ-жауап,қорытындылау.

Әрекет кезеңдер

Тәрбиешінің іс -әрекетті

Балалардың іс- әрекетті

Мотивациялық

қозғаушы

1-бөлім.

1.Сапқа тұру,түзел,тік тұр,оңға бұрыл,сәлемдесу,солға бұрыл.

2. Шеңбер бойында белгі бойынша бағытты өзгерте жүру және жүгіру;қиғаш жүру,ирелеңдеп жүру,жартылай отырып жүру. Қозы лақтай секіріп жүгіру,құлын болып жүгіру.

Балаларкорсетілген нұсқау бойынша бағытты өзгерте жүру және жүгіру,қиғаш жүру,ирелеңдеп жүру,жартылай отырып жүру,қозы лақтай секіріп жүгіру,құлын болып жүгіру жаттығуларын

орындады.

Ізденуші

ұйымдастырушы

2-бөлім

Таяқшалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

  1. Б.қ.- негізгі тұрыс, таяқшаны ұстап, қолдарын төмен түсіріп тұрады. 1-қолды алға созып, таяқшаларды 3 рет бір-біріне ұру. 2-б.қ. 3-қолдарын жоғары көтеріп, қолдарына қарап, таяқшаларды «1-2-3» деп, бір-біріне ұру. 4-б.қ. (дауыстап санау); (6-8 рет).

2. Б.қ.-аяқты сәл алшақ қойып, қолды жоғары көтеріп тұру. 1-оңға иіліп, тая «1-2-3» деп, бір-біріне ұру. 2-б.қ. 3-солға иіліп, таяқшаларды «1-2-3» деп, бір-біріне ұру. 4-б.қ. (дауыстап санау). (6-8 рет)

3. Б.қ.- шеңбер бойында аяқтарын ашып, қолдарын тізелеріне қойып отыру. 1-алға иіліп, таяқшаны өзінен алыстау жерге қою; 2-б.қ.; таяқшаны 3-иіліп, алу; 4-б.қ.-қа келу. (6-8 р)

  1. Б.қ. –аяқты сәл ашып, қолды жоғары созып,таяқшаны қосып шалқадан жату.1-3аяқты велисопедтсе тебу. (6-8 рет).

5. Б.қ.-қолды жанына қойып, аяқты алшақ қойып тұрады. 1-аяқты алшақ қойып, қайтадан біріктіріп секіріп, таяқшаларды бір-біріне соғу. 2-б.қ.-қа келу. Баяу қарқынмен 4 рет, жылдам қарқынмен 4 рет орындау.

  1. Шеңбер бойы тұрып, қолдарын бір-бірінің иығына қойып (қолдарын созып) тұрады. Шеңберді айнала толқын тәрізді қимылдар жасайды.

Негізгі қимылды жаттығулары.

Балдарды екі топқа бөліп жаттығуларды орындату.

Көлденең қойылған гимнастикалық тақтайшаға аяқ ұшымен мініп жүгіріп түсу.

Құрсаудың ортасынан өтіп,баскетболь сеткісіне допты салу.

«Ауырма» нүктелі массаж.

-Тамақ ауырмасын,жөтелмейік,түшкірмейік.

Батылырақ уқала мұрын тұсын,маңдайды да уқалауға ерінбейік.

Алақандарды маңдайға,саусақтарды айырлап,уқала құлақтарды сондайда.

Суықтан біз қорықпаймыз,

Ия,ия,ия.

Қолымызды жылтайық,(ауызды түтікше қылу)

Аяғымызды уқалайық.

Аяғымызды жылтайық

Суықтан біз қорықпаймыз,

1-2-3

«Өз үйіңді тап» қимыл-қозғалыс ойындары.

Балаларкөрсетілген нұсқау

бойынша таяқшалармен жалпы

жетілдіру жаттығуларын

орындады.

Балдарды екі топқа бөлініп,

көлденең қойылған гимнастикалық тақтайшаға аяқ ұшымен мініп жүгіріп түсіп,

құрсаудың ортасынан өтіп,баскетболь сеткісіне допты салып негізгі қимылды жаттығуларын орындады.

«Ауырма» нүктелі массаж жаттығуларын орындады.

Балдарды екі топқа бөлініп

көлденең қойылған гимнастикалық тақтайшаға аяқ ұшымен мініп жүгіріп түсіп,

құрсаудың ортасынан өтіп,баскетболь сеткісіне допты салу жаттығуларын орындады.

«Өз үйіңді тап» қимыл-қозғалыс ойындарында ойыншылар 3-4 тақтайшаға отырады .1-ші тақтайшаға қуыршақ, 2-ші тақтайшаға қояндар, 3-ші тақтайшаға аюлар, 4-ші тақтайшаға

«Серуенге шығамыз»деген нұсқау берілгенде балалар әр түрлі қозғалыс қимылын жасайды. «Жаңбыр жауа бастады »дегенде балалар өз үйлеріне қарай жүгіреді.Ойынды қайталау барысында ойыншық орны ауыстырылады.Балалар адаспай өз үйлерін табуға тырысады. Балалар қимылды ойынды

қызығушылықпен ойнады.

Рефлексті коррекциялаушы

Қимыл-қозғалысы аз «Айна» ойындары.«Иығымызға үреміз» Тыныс алу жаттығулары :Тік жүру,қол түсірулі.Бас тіке-мұрынмен дем алу.Басты түсіреміз-дем шығару.

Дем аламыз оң иыққа(ауызды түтікше қылу)

Дем аламыз сол иыққа(ауызды түтікше қылу)

Бұлтқа қарап дем аламыз(ауызды түтікше қылу)

Қорытындылау,сұрақ-жауап,мадақтау,ұрандарын айту.

Балалар аз қимылды ойынды

қызығушылықпен ойнады.

Тыныс алу жаттығуларын

жүру арқылы орындады.

Берілген сұрақтарға жауап

беріп, ұрандарын айтты.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: жүру,жүгіру жаттығуларын

Нені игереді: балалар екі топқа бөлініп,көлденең қойылған гимнастикалық тақтайшаға аяқ ұшымен мініп жүгіріп түсіп,құрсаудың ортасынан өтіп,баскетболь сеткісіне допты салып негізгі қимылды жаттығуларын игереді.

Нені біледі: таяқшалармен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын .

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности