link11844 link11845 link11846 link11847 link11848 link11849 link11850 link11851 link11852 link11853 link11854 link11855 link11856 link11857 link11858 link11859 link11860 link11861 link11862 link11863 link11864 link11865 link11866 link11867 link11868 link11869 link11870 link11871 link11872 link11873 link11874 link11875 link11876 link11877 link11878 link11879 link11880 link11881 link11882 link11883 link11884 link11885 link11886 link11887 link11888 link11889 link11890 link11891 link11892 link11893 link11894 link11895 link11896 link11897 link11898 link11899 link11900 link11901 link11902 link11903 link11904 link11905 link11906 link11907 link11908 link11909 link11910 link11911 link11912 link11913 link11914 link11915 link11916 link11917 link11918 link11919 link11920 link11921 link11922 link11923 link11924 link11925 link11926 link11927 link11928 link11929 link11930 link11931 link11932 link11933 link11934 link11935 link11936 link11937 link11938 link11939 link11940 link11941 link11942 link11943 link11944 link11945 link11946 link11947 link11948 link11949 link11950 link11951 link11952 link11953 link11954 link11955 link11956 link11957 link11958 link11959 link11960 link11961 link11962 link11963 link11964 link11965 link11966 link11967 link11968 link11969
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Мектепке дейінгі тәрбиеленушінің психикалық денсаулығын қалай сақтау керек

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

№8 "Айгерім" балабақшасы

Меңгеруші

Жүнісова Ж.Ж.

Мектепке дейінгі баланың психикасы өте нәзік және сезімтал болып келеді. Қоршаған орта балаға өте күшті әсер етеді және жүйке реакцияларының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Ата –аналар 3-6 жасар аралық балалардың психоэмоционалдық шекарасын білуі керек, сондықтан қоздырғыштарды болдырмауға тырысуы керек. Өйткені ондай қоздырғыштар жүйке қызметінің ауруына, ауытқуына әкеліп соқтырады. Мектепке дейінгі балалардың невроз дамуына бас миында қоздырғыш және тоқтап қалу үрдісінің соғысу қаупі бар. Оның мәні келесіде: кейбір тәрбие әсері балада ұстамдылық қалыптастыру. Өз тілектерін басу, көрсетпеу, бірақ өз жас ерекшелігіне байланысты белсенді, қозғалғыш, бәрін бірден білгісі келетін,қоршаған әлемді танығысы келетін, өз күшімен бір істі атқарғысы келетін, сол кезде оның осы белсенді іс-әрекеттері ата-анасының «болмайды», «олай жасама», «сөйлей берме», «қозғалма» және т.б. қарсы келеді. Осындай тоқтатулар үнемі өзі нашар, әлсіз жүйке жүйесіне қосымша жүктеме болады. Оның жасағысы, істегісі келетін заттарға рұқсат бермеу жиі қайталана берсе, балада невроз ауруының дамуы мүмкін. Оның дамуына ата-ананың рұқсат бермеуімен қатар, айқай-шу көтеруі, кей жағдайда қол көтеруі, қорқытуы да әсер етеді. Осыдан бала мен ата-ана арасында тек жанжал ғана болмай, баланың ойы мен сезімі қатаң түрде бұзылып, психоэмоционалдық әрекеттің толық бұзылуына әкеп соқтырады. 3-4 жастағы дұрыс тәрбие алған бала «жоқ», «болмайды» деген сөздердің мағынасын түсінеді. Ол өзінің негізсіз, себепсіз талаптарына жауап бере алады. Айқаймен, шумен, жылаумен ештеңені өзгерте алмайтынын түсінеді. Біріншіден үлкендер баланың ондай тәртібі оларды алаңдататынын көрсетпеуі керек. Екіншіден қатты айқайлау немесе керісінше баланы тез арада уата бастаудың да еш пайдасы жоқ. Бұл жағдайда балаға өз тәртібінің, талабының еш себепсіз, негізсіз екенін түсіндіру қажет. Бұл кезде ата-ананың немесе үлкендердің ойы, сөзі, қимылы бір жерден шығуы керек. Екеуі екі ойда болмауы және қарама-қайшы сөйлемеуі керек. Қажет жағдайда баланың ар-намысына тимей оған жаза қолдануға болады. Мысалы, тәтті бермеу, жақсы көретін ойыншықтарынмен ойнатпау және т.б.сияқты. Егер баланы әкесі жазаласа, тек ол ғана жазаны алып тастайды. Егер отбасының басқа мүшесі жазаны алып тастаса, онда ол үлкен қателікке жатады. Мұндай жағдай баланың үлкендердің талабымен санаспауына әкеліп соқтырады. Жазалаудың тағы бір түрі отбасы мүшелерінің балаға уақытша салқындық көрсетуі.

гравировка на нержавейке лазером.

Қатты психикалық жара баланың неврозбен ауруына әкеледі. Невроздың бір түрі сөйлеуінің бұзылуы-кекештенуі немесе кей жағдайда мүлдем сөйлемей қоюы. Баланың кекештенуіне себеп мас ата-анасының тәртібі, баланы жазалауы болуы мүмкін. Кекештену басқа адамдармен сөйлесуге қиындық тудырады, осыдан өзін кемсітуге әкеп соқтырады. Жанындағы адамдармен жанжаласуы немесе қатты әсер алуы баланың күдіктену жағдайындағы неврозды тудыруы мүмкін. Ол баланы қорқуы, мінез-құлқы, естелігі. Басынан өткен психикалық жарақаттың байланысы: қайта-қайта түкіре беруі, мұрнын тарта беруі, аяқты шайқай беруі, қолын соққылай беруі, басын шайқауы сияқты қозғалыстарда кездеседі.

Мектепке дейінгі баланың психикалық жарақаты (әсіресе 3-4 жасар) әр түрлі жайттағы өте күшті бір мезеттік әсерден болуы мүмкін, бірақ та ол міндетті түрде қорқумен байланысты болады. Бала найзағайдан, өрттен, жер сілкінуден қорқы мүмкін. Қатты үрген итті көргенде балада қорқыныш сезімі пайда болады. Бұл сезім циркте, жануардар алаңында, үлкен жыртқыш аңдарды көргенде қайталануы мүмкін. Ескеретін бір жайт, жиі ауыратын, тез қоздырылатын, туғаннан әлсіз, нәзік балалардың психикасы өте сезімтал. Ол балаларға қоршағанортаның психикаға зиян келетін жағдайды сақтау өте қажет. Мысалы, зоопаркке барарда баланы алдын ала дайындау керек. Балада қорқу неврозы кинофильмдерді немесе басқа да бағдарламаларды көргенде болуы мүмкін. Ертегілер, әңгімелер, өлең шумақтары, әндер балаға түсінікті болуы керек. Кейбір ата-аналар тәрбиелеу кезінде баланы қорқытады. Мысалы, «сені милиционер келіп алып кетеді», «доктор келіп саған екпе жасайды». Осындай сөздерден кейін бала ол мамандықтардан қорқатын болады. Ал балаға өмірде дәрігермен кездесу керек қой. Отбасының бұзылуы балағақатты психикалық соққы болып келеді. Ол барлық жағдайды дұрыс түсінбегендіктен, отбасынан әкесінің немесе анасының кетіп қалуы оның психикасында із қалдырады. Балаларда кездесетін невроздың бір түрі-неврастения. Орта ми жүйке жүйесі мүмкіншілігінің айқын жұқаруы. Оларда есте сақтау қабілетінің нашарлауы, назарының төмендеуі, өз күшіне сенбеуі, ұйқысының бұзылуы жиі байқалады. Олар шамалы жұмыс жасаса немесе ойлауды қажет ететін затпен шұғылданғанның өзінде вегетативтік реакция пайда болады: бет әлпетінің бозаруы, қызаруы, қатты терлеуі, жүрегінің шаншуы, дене қысымының көтерілуі. Балаларда невроздың алдын алу үрдісінің негізгісі-ол өмір ағысын оптимальді түрде сақтау: күшті қажет ететін, ойлауды қажет ететін, эмоционалды жағдайларды бір-бірімен үйлестіру.

Егер бала қандай да өтінішке кері мінез көрсетсе, онда оны орындатудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда бала тынышталғанша тоса тұру керек. Мінезі қиын балаларға бұйрықпен емес өтініш ретінде айтып жасату керек. Және де айтқанда тыныш, бәсең дауыспен айтқан жөн.

Соңында, ата-аналарға айтарым неврозды емдеу өте қиын, сондықтан алдын алу дұрыс.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности