link3600 link3601 link3602 link3603 link3604 link3605 link3606 link3607 link3608 link3609 link3610 link3611 link3612 link3613 link3614 link3615 link3616 link3617 link3618 link3619 link3620 link3621 link3622 link3623 link3624 link3625 link3626 link3627 link3628 link3629 link3630 link3631 link3632 link3633 link3634 link3635 link3636 link3637 link3638 link3639 link3640 link3641 link3642 link3643 link3644 link3645 link3646 link3647 link3648 link3649 link3650 link3651 link3652 link3653 link3654 link3655 link3656 link3657 link3658 link3659 link3660 link3661 link3662 link3663 link3664 link3665 link3666 link3667 link3668 link3669 link3670 link3671 link3672 link3673 link3674 link3675 link3676 link3677 link3678 link3679 link3680 link3681 link3682 link3683 link3684 link3685 link3686 link3687 link3688 link3689 link3690 link3691 link3692 link3693 link3694 link3695 link3696 link3697 link3698 link3699 link3700 link3701 link3702 link3703 link3704 link3705 link3706 link3707 link3708 link3709 link3710 link3711 link3712 link3713 link3714 link3715 link3716 link3717 link3718 link3719
Джуматаева Акмарал Болегеновна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Акмолинская область,Бурабайский район, с. Окжетпес
Авторлық ертегі-қойылым: "Орманға көмек берейік!"

Орманға көмек берейік.
(Экологи
ялық ертегіқойылым)

Авторы: Джуматаева Ақмарал Бөлегеновна және 3 сынып оқушылары.

Қатысатындар:

Қасқыр -Саян
Қоян анасы- Мерей -
Құндыз -Алишер
Түлкі- Назира
Кірпі-Саржан
Сауысқан- Аннура -
С
анжар
Аяулым
Мұғалім
Орманшы ағай- Нариман

1 қойылым

Алаңқайға орман тұрғындары жиналды. Олар өзара бірдеңеге наразылық білдіре сөйлесіп тұр.

Қасқыр (ашулана). Осы адамдарды ма! Келіп, барлығын қорқытып, қоқыс тастап кетті! Тіпті жинамаған!

Қоян ана. Ал менің көжегім шыныға аяғын тіліп алды. Енді жүре алмай жатыр.

Құндыз. Аяғын тіліп алғаны ештеңе етпес. А менің кішкентай, сүйкімді балам бір пакетке оранып қалып, тұншыға қала жаздады.

Түлкі. (ойлана) . Иә, жағдайымыз нашар! Өмір сүру қиынға соқты. Ал мына қоқыстың барлығын жинай алмаймыз.

Кірпі. Неге жинай алмаймыз?

Түлкі. Біз тырысып едік қой. Бәрі зая кетті. Келесі күні тағы да қоқыстап, ластайды..

Қасқыр. Мүмкін, оларды ондап тұрып қорқыту керек шығар. Маңайдағы қасқыр достарымды шақырайын....

Қоянның анасы.(сөзін бөліп). Жоқ-жоқ, Қасеке, одан кейін бұл адамдар мылтықпен келуі мүмкін. Онда жағдайымыз мүлдем нашарлайды.

Кірпі. Бізге бір шешімін табу керек. Былай өмір сүруге болмайды. Адамдар өз қателіктерін түсінетіндей бірдеңе істеу керек. .

Құндыз.. Иә, орман- біздің тек үйіміз ғана емес.

Түлкі. Әрине. Егер орман құрыса, онда адамдар да жидек, саңырауқұлақ, жаңғақ, дәрілік өсімдіктерді жинай алмайды. Олар ешқашан да қызғалдақ пен қалампырдың жайқалғанын көре алмайды, құстардың әнін естімейтін болады. Тіпті, жай таза ауа жұтып , орманда серуендей алмайды.

Сауысқан. Мүмкін, мен адамдарға барып, біздің үйімізді, біздің орманымызды ластамасын деп түсіндіріп келемін.?

Қасқыр. Сен барып ұшқанмен, пайда жоқ. Адамдар жануарлар мен құстардың тілін түсінбейді ғой.

Сауысқан. (ойлана) .Иә, рас. Дегенмен, бір ғажайып болып, айтқанымның бәрін түсінетін адам табылатын шығар!

Қасқыр.Жарайд, дегенің болсын, ұш.

Сауысқан ұшып кетеді. Орман тұрғындары тарайды.

2 көрініс

Сауысқан мектеп қасына ұшып келеді. Оны балалар байқап қалады.

Аяулым. Ой, қараңдар, қараңдар, құс!

Санжар.Бұл- ала сауысқанқой!

Сауысқан (Үрейлене)

О, адамдар, адамдар!

Маған құлақ салыңдар!

Орман біздің панамыз,

Үйімізді ластамаңыз!.

Жақсылықпен келіңіз,

Баламызға тимеңіз.

Өзен, орман, жайлаудың

Кереметін жоймаңыз!

Гүлдерді де жұлмаңыз,

Орманда от жақпаңыз.

Орманды қадірлеңіз!

Оның көзін құрпаңыз!

Аяулым. Санжар, мына сауысқанның саңқылдаған үні мұңды секілді.

Санжар. Иә, мен де соны байқадым. Бірақ оның не айтқысы кеп тұрғанын қайдан білеміз?

Аяулым. Мүмкін мұғалімнен сұрармыз

Мұғалімі кіріп келеді.

Аяулым. Ақмарал Болегеновна мына сауысқанды тыңдап , оның не айтып тұрғанын түсініп көріңізші.

Сауысқан ( соңғы шумақты қайталайды).

Гүлдерді де жұлмаңыз,

Орманда от жақпаңыз.

Орманды қадірлеңіз!

Оның көзін құрпаңыз!

Мұғалім. Иә, сауысқан көмек сұрап тұр. Өкінішке орай мен құстар тілін түсінбеймін. Бірақ, құстардың тілін түсінетін бір орманшы атаны білемін. Сол атаға барып келейік.

Барлығы кетеді.

3 көрініс

Бағанағы алаңқайда томаршада(ойыншық) көжекті сипап орманшы ата отыр.

Орманшы ата. (күрсініп) Еее, сорлы көжегім-ай! Аяғың жазылып кетеді, уайымдама. Эй, адамдар-ай, бәрін қоқыстапты. Қалай ұрынбассың!

Сауысқан ұшып кіреді. (Фонограмма қойылады) Өз әнін айта жөнеледі.

Орманшы. Міне, сауысқан да шағымданып жатыр, байғұсым-ай!

Мұғалім мен оқушылар кіреді.

Мұғалім. Сәлеметсіз бе, ата! Бізге мына сауысқанды түсінуге көмектесіңізші. Ол бізге бірдеңе айтқысы келеді. .

Орманшы (қабағын түйе) Түсінетіні несі бар? Сіздер айналаға қараңыздаршы, сонда бәрін түсінесіздер. Сіздерден барлығы көмек сұрап жатыр.

Мұғалім. Рас-ау, балалар. Айналаға қараңдаршы, қанша көп қоқыс жатыр.

Санжар. Апай, бұл жерді жинауға көмек керек. Мен мектептегі балаларды шақырып келейін.(жүгіріп кетеді)

Аяулым. Жинап алғасын, орманның тазалығын қадағалап жүреміз. Барлығына табиғатта өзін қалай ұстау керектігін түсіндіретін боламыз.

Мұғалім. Ұнқағаз саламыз, адамдар орманды ластамай оған көмек қажет екенін түсінеді.Орманға дәл қазір көмектесе бастайық.

Жинай бастайды. Әуен ойнап тұрады. Оларға Санжар мен басқа да балалар қосыла кетеді. «Орманды сақтаңдар!» деген табличка қояды. Орман тұрғындары жиналады.

Қасқыр. Айнала тазарды, көңілім ағарды!

Түлкі. Орманымыз жайнай түсті!

Қоян ана. Көжегім де жылауын қойды. Жазылғасын, секіріп жүгірер әлі!

Құндыз.(бобер)Бұлағымыз тазарды, көңіліміз жақсарды.

Кірпі. Жақсылықпен келіңіздер адамдар, баламызға тимеңіздер ешқашан!

Барлығы бірге.

Орман біздің үйіміз!

Қадірлеп оны сүйіңіз!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности