link14453 link14454 link14455 link14456 link14457 link14458 link14459 link14460 link14461 link14462 link14463 link14464 link14465 link14466 link14467 link14468 link14469 link14470 link14471 link14472 link14473 link14474 link14475 link14476 link14477 link14478 link14479 link14480 link14481 link14482 link14483 link14484 link14485 link14486 link14487 link14488 link14489 link14490 link14491 link14492 link14493 link14494 link14495 link14496 link14497 link14498 link14499 link14500 link14501 link14502 link14503 link14504 link14505 link14506 link14507 link14508 link14509 link14510 link14511 link14512 link14513 link14514 link14515 link14516 link14517 link14518 link14519 link14520 link14521 link14522 link14523 link14524 link14525 link14526 link14527 link14528 link14529 link14530 link14531 link14532 link14533 link14534 link14535 link14536 link14537 link14538 link14539 link14540 link14541 link14542 link14543 link14544 link14545 link14546 link14547 link14548 link14549 link14550 link14551 link14552 link14553 link14554 link14555 link14556 link14557 link14558 link14559 link14560 link14561 link14562 link14563 link14564 link14565 link14566 link14567 link14568 link14569 link14570 link14571 link14572 link14573 link14574 link14575 link14576 link14577 link14578 link14579 link14580 link14581 link14582 link14583 link14584 link14585 link14586 link14587 link14588 link14589 link14590 link14591 link14592 link14593 link14594 link14595 link14596 link14597 link14598 link14599 link14600 link14601
Тенизбаева Дина Муратбаевна
Должность:учитель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область, Карасайский район, село Ушконыр
Внеклассная работа по информатике "Информатика кемесі-білім теңізінде (сахналы-көрініс)"

Информатика кемесі-білім теңізінде (сахналы-көрініс)

Түрі: Әдеби -музыкалық сабақ

Сабақтыңмақсаты:
-
ЭЕМ-нің даму тарихы мен компьютердің құрылу және жұмыс істеу принциптері және Интернет желісі туралы алған білімдерін қайталап жүйелеу;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту;

-Ординарлы емес жағдайлардан туындаған негізгі бағдарламалық материалды қайталау және бекіту.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра отырып, пәнаралқ байланысты қалыптастыру.
Тәрбиелік: Логикалық ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Дамытушылық: Зейінділігі мен пәнді жан-жақты игеруін дамыту.

Дайындық кезеңі және рольдегілер мен орындаушылар:

1. Сахнада: «Информатика кемесі — білім теңізінде» тақырыбында безендірілген.

Рольдегілер:
Капитан: - Ергазиев Нұрсұлтан -9а

Боцман: — Ғазиз Нұрбек - 9а
1-Мотрос – Асылбек - 9а

2-Мотрос – Қоңыров Абдусамат -9а
3-Мотрос – Жұман Дана -9а

ASCII коды — Тлеубаева Алфия - 9а
Ноотбук — Түкенов Бақдаулет - 9а
Кәрі мотрос: - Кемалов Бақдаулет — 9а

Жарнама: - 9а,9б сынып оқушылары
Жүргізуші: Снабекова Сымбат -6б
Жарнама оқыған: – 9а сынып оқушылары

Даму тарихы: 6а,6ә сынып оқушылары

Интернет — Капсатарова Диана - 9а

Көріністің жалпы мазмұны:

Сахнада капитан және кеме командасы «нарды» ойнап отырады.

1-Мотрос: – Капитан, бұл өмір не болып кетті? Бірсарынды.
2-Мотрос: – Иә, жігіттер, теңізге шығып, саяхат жасайық.
Капитан: – Теңізге шықсақ, шығайық. Әлемде не жаңалық, қызық болып жатқанын көрейік.

- Боцман, команданы жинап, кемені теңізге шығуға дайында!
Боцман: - Біздің кеме әр қашан да дайын ғой, капитан. Команда да осында.
Капитан: – Дайын болса, команданы палубаға жина.
Боцман: – Команда, түзел, тік тұр!
- Капитан мырза, Информатика кемесі Білім теңізіне шығуға дайын!
Капитан: – Менің қызық та, ауыр жолда сенім артар мотростарым. Біз бүгін Білім теңізіне ғажайып қызық, жаңалықтар іздеу саяхатына шығамыз.
Сәт-сапар тілеймін.
Боцман: – Якорьді көтер, парусты түсір.Курсты тік ұста!

Кеме теңізге шығады. (Теңіздің дауысы бар музыка қосылады). Штурвалда 1-мотрос, қалғандары орындықтарда отырады.

Капитан: – Қосшы ана телевизорды, көрейік, не жаңалық, қандай қызықтар болып жатқанын.

Мотрос қолындағы пультпен телевизорды іске қосады.
Жүргізуші: – Құрметті
Үшқоңыр телеарнасының көрермендері. Сіздердің

назарларыңызға Үшқоңыр ауылының М.Әуезов атындағы орта мектебінде ИФМ әдістемелік бірлестігі онкүндігінің барысы туралы хабарлар ұсынамыз.

Қаңтар айының 9–шы жұлдызынан 15-ші жұлдызы аралығында Информатика, Физика, Математика әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті. Онкүндікте төмендегідей іс-шаралар жүргізілді:

- 9 қаңтар күні ИФМ бірлестік онкүндігінің салтанатты ашылуы болып өтті.

- 10 қаңтар күні Математика пәнінің бірінші санатты «Өрлеу» екінші деңгей бағдарламасы бойынша тәжірибелі ұстаз Балтабаева Кулайсан 8а сынып оқушыларымен «Квадрат теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұстаз сабағында инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолданды. Сабақ қызықты өтті.

- 12 қаңтар күні Математика пәнінің екінші санатты мұғалімі Джаздықбаева Майра 9а сынып оқушыларымен «Тригонометриялық теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

- 13 қаңтар күні Математика пәнінің мұғалімі екінші санатты «Өрлеу» үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқып келген ұстаз Джаздықбаева Олтинай 6а сыныбымен «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ тартымды әрі қызықты өтті.

- 13 қаңтар күні Информатика пәнінің мұғалімдері Шонкина Гульсара мен Тенизбаева Динара 9 сыныптармен «Компьютердің пайдасы мен зияны» тақырыбында ашық пікір-талас сабағын өткізді. Кеш әділқазылар мен көрермендер көңілінен шыға білді.

- 14 қаңтар күні Физика пәнінің мұғалімі жас маман Утеулиева Күләнда 8а,8ә сыныптарымен «Физика әлеміне саяхат» тақырыбында сыныптан тыс шара тамашаланды. Сынып оқушылары осы тақырыпта алған білімдерін әр түрлі логикалық есептерді, жұмбақ, мақал-мәтелдерді шешуде толық көрсете білді. Кеш көңілді, әрі қызықты өтті.

- 15 қаңтар күні бірлестік мүшелерінің ұйымдастырылуымен онкүндіктің жабылуы болып өтті.

Онкүндік оқушылар мен ұстаздардың ұйымшылдығымен талапқа сай, қызықты әрі тартымды болып өтті.

Сіздермен болған Үшқоңыр телеарнасы. Бізбен бірге болыңыздар!

Капитан: - О-о –Керемет екен! Қайран, Өте шыққан балалық шақ!

Ж а р н а м а

Қалам, қағаз, қалам, қағаз шаршадыңыз ба? Бізге келіңіз! Біздің дүкенде жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары, үйде де, далада да, әуеде де қолайлы ең арзан Ноотбуктар сатылады.

Анасы мен баласы skypeарқылы сөйлеседі:

Баласы: -Сәлеметсізбе Анашым. Қаліңіз қалай? Әкемнің қалі қалай?

Анасы: - Сәлеметсің балам. Жақсы. Өзің қалайсың? Жұмысың қалай?

Баласы: -Жақсы анашым.

Анасы:- өзің қайда жүрсің?

Баласы: - Мен Сулпак дүкенінде жүрмін. Ноутбук қарап жүрмін. Өзіме Ноутбук сатып алайын дегенмін.

Анасы: - өзіңде Ноутбук бар емес пе?

Баласы: - Барғой. Бірақ мына ноутбуктың мүмкіндігі жоғары. Жедел жады — 6 терабайт, қатқыл дискі — 750 гегабайт. Осы Ноутбукпен сізбен Skype арқылы сөйлесіп отыратын боламын. Және мына принтерді, сканерді сатып аламын.

Анасы: - Ал, сенің Каринаң қайда?

Баласы: - Ол, ол,......ол міне тұрғой

Капитан: – Осы жарнамалардан шаршадық. Ноотбук дегені не тағы да?
Боцман: – Капитан, сіз білмейсіз бе? Ол кез-келген уақытта, кез-келген жерде алып жүре беруге болатын, компьютер ғой.
Капитан:
Мегабайт, Гигобайт, Терабайт дегені немене сонда?
Боцман: – Ту-у-у капитан, ол компьютер жадының көлемі емес пе, яғни ақпарат сиымдылығы.
Капитан: – Е-ей, басты қатырмашы, бәрі-бір түсінбеймін. Басқа каналға қой!
(Осы кезде басқа каналды КВН көрінісі)
Мотрос: – Тасташы, КВН-ніңді, басқа каналға қой. Концерт көреміз.
Мотрос: – КВН, КВН, жалықтырды, қойшы «Хабарға» жөнді нәрсе көрейік -деп шулап таласа кетеді.

(осы кезде штурвалда тұрған мотрос)

Мотрос: – Жер, Жер, курс бойынша арал көріп тұрмын.
Капитан: – Кемені тоқтат, якорьді таста.

(Аралда 11 оқушы омырауларында кодтары бар. 1 кәрі мотрос қолында трубкасы бар орындықта отырады)

Капитан: – Боцман, бұл не арал, қай жерге келдік?- дейді.
Боцман: – Менің түсінуімше, Жұмбақ аралына ұқсайды.
Капитан: – Мына тұрған сандар нені білдіреді?
Боцман: – Жұмбақ аралы болғандықтан бұл кодқа ұқсайды. Ана тұрған кесте арқылы кодты шешу керек.

(Команда кодтардың қасына жақындайды. Осы кезде кәрі мотрос)

Кәрі мотрос: Тоқта, тоқта, тұра тұр. Кодты шешу үшін менің сұрағыма жауап бер, алдымен.
- ЕЭМ-нің даму тарихы туралы не білесіңдер?
Капитан: – Боцман, қайда әлгі білгірлерің? Шақыр, жауап берсін.
Боцман: – Машина бөліміндегілерді шақыр.

(Сахнаға қолдарынды құралдардың суреттері бар оқушылар шығып, әркім өзінің құралы туралы түсініктеме беріп шығады)

1-оқушы: Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.

2-оқушы: Есепшотпен санау. Абак- алғашқы жетілдірілген санау құралы. Бұдан 2000-5000 жыл бұрын Ежелгі Қытайда, Египетте пайда болды. Есепшоттың өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.

3-оқушы: XVIIғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Ал, 1761 жылы ағылшын ғалымы Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады.

4-оқушы: 1642 жылы Францияда Блез Паскаль он разрядты сандармен арифметикалық амалдарды механикалық түрде орындайтын машина ойлап тапты. Соңынан бұл машина Паскаль машинасы деп аталды.

5-оқушы: 1673 жылы Германияда Г.В.Лейбниц алғашқы арифмометрді құрастырды. Арифмометр кең тарады және бірнеше рет жетілдірілді. Оған мысал: Томас арифмометрі, Болле машинасы, Орднер арифмометрі. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.

6-оқушы: 1833 жылы Англияда Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш, аналитикалық машина құрастыруға талаптанды. Бэббидждің машинасына арналған алғашқы бағдарламаны Ада Лавлейс 1946 жылы жасады.

7-оқушы: 1887 жылы алғашқы есепші перфорациялық машинаны Герман Холлерит құрастырды. Бұл құрал АҚШ-та, Ресейде, Канадада халық санағын жүргізуде, АҚШ-тың темір жолдарының есептерін өңдеуде және ірі сауда фирмаларында қолданылды.

8-оқушы: ЭЕМ-нің даму тарихы бес буынға бөлінеді. 1-буын элементтері –электрондық шамдар, 2-буын элементтері — жартылай өткізгіштер, транзисторлар, 3-буын — интегралдық схемалар, 4-буын- қазіргі кездегі ЭЕМ-дер, 5-буындағы «жасанды интеллект» ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда.

9-оқушы: 1945 жылы АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ электронды шамдардың негізінде ең алғашқы ENIAK ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әр түрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Сөйтіп Компьютер пайда болды.

Кәрі мотрос: – Дұрыс, дұрыс. ЕЭМ-нен хабарларың бар екен. Ал, енді кодты шешіп көріңдер.

(Бір мотрос шығып код туралы қысқа мағлұмат беріп кодты шешіп шығады).

Мотрос: Ақпаратты жеткізу үшін оның түрін өзгертеді, яғни оны түрлендіреді. Мысалы, ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазады. Мұндай процесті қодтау деп атайды. Аралыңыздың атын есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын ASCII — американдық ақпарат алмасудың стандартты коды кестесінің көмегімен шешіп көрейік.

К-8А; О-8Е; М-8С; П-8Ғ; Ь-9С; Ю-9Е; Т-92; Е-85; Р-90

(Аралдың аты «Компьютер» болып табылады)
Капитан: – Аралдарыңның аты ғажап екен. Қандай қызықтарың бар?
Кәрі мотрос: — О-о-о, бұл аралда қызықтар өте көп. Қайсыбірін айтайын?
А-а, біздің аралда ғажайып бір құрал бар. Сол жайында айтайын. Ол компьютер.

( Бариева Асем «Компьютер» әнін «Ұстазым » әнінің әуенімен орындайды)

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.

Қ-сы
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
<!-- [if !supportLineBreakNewLine]-->
<!--[endif]-->

Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің

Қ-сы

Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың

Кәрі мотрос: Иә, иә, тура осы өлеңдегідей адамзаттың жағдайын ойлап ыңғайлы етіп жасалған. Стол үстінде тұратыны, қалтаға салып жүретіні, шағын сумкаға салып алатын, түр-түрі көп. Оның көмегімен:
-Мәтін, хат, хабар жазуға;
- Кесте құруға, әр түрлі есептеулер жүргізуге;
- Диаграмма, графиктер сызуға,
- Кино, концерттер көруге болады.

Бұл құралдың тағы бір мүмкіндігі — бүкіл әлеммен байланысу мүкіндігін беретін ИНТЕРНЕТ торабына қосылу.

(Капсатарова Диана «Интернет»)

Ақпараттану күнбе-күн
Өрге басып келеді.
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енеді.

Интернетке қосылу –
Бір-ақ жұмыс керегі!

Компьютер-сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности