link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308 link4309 link4310 link4311 link4312 link4313 link4314 link4315 link4316 link4317 link4318 link4319 link4320 link4321 link4322 link4323 link4324 link4325 link4326 link4327 link4328 link4329 link4330 link4331 link4332 link4333 link4334 link4335 link4336 link4337 link4338 link4339 link4340 link4341 link4342 link4343 link4344 link4345 link4346 link4347 link4348 link4349 link4350 link4351 link4352 link4353 link4354 link4355 link4356 link4357 link4358 link4359 link4360 link4361 link4362 link4363 link4364 link4365 link4366 link4367 link4368 link4369 link4370 link4371 link4372 link4373 link4374 link4375 link4376 link4377 link4378 link4379 link4380 link4381 link4382 link4383 link4384 link4385 link4386 link4387 link4388 link4389 link4390 link4391 link4392 link4393 link4394 link4395 link4396 link4397 link4398 link4399 link4400 link4401 link4402 link4403 link4404 link4405 link4406 link4407 link4408 link4409
МАТЕНОВА ГУЛЬНАРА ДИЛДАШОВНА
Должность:қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті
«АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ»

«АҚҚАН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ»

«Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,

Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.

Артыңда сөзің менен ісің қалса,

Өлсең де өлмегенге боларсың тең!»

(АБАЙ)

Әдебиет әлемінде талай қыршын жас ақын, жазушы «Құйрықты жұлдыздай» жалт етіп ағып өткені мәлім. Бірақ солардың ішінде қысқа өмірімен, өз халқы алдындағы перзенттік борышын ақтап кеткен сол асыл жастардың бірі - Саттар Ерубаев. Қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, жалындаған жастық ғұмыры қамшының сабындай қысқа болған Саттар Ерубаев тірі болғанда, биыл 101 жасқа толар еді.

Жарық жұлдыздай ағып өткен қас-қағым өмірінде ол өзін халқының адал перзенті ретінде көрсете білді. Көлемі шағын болса да салмақты, мазмұны құнды мұра қалдырды. Алғашқылардың бірі болып өндіріс тақырыбына жазылған туындылары бүгінге дейін жаңа шығарма тәрізді. Жаңа жанрдағы шығармалары — балладалары, новеллалары, пародиялары мен эпиграммалары қазіргі әдебиеттің алтын қорына енді. Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және жастарды өз өлкесінің, елінің тарихы туралы кітаптарды оқуға шақыру мақсатында, Қарабас кенті, №15 жалпы білім беретін орта мектебінде жалынды жазушы Саттар Ерубаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аққан жұлдыздың жарығы» атты іс-шаралар болып өтті. Өткізілген іс-шарада жазушының өмірі мен шығармашылығы, зерттеу еңбектері, кітап көрмесі, өлеңдерін мәнерлеп оқу қамтылды. Іс-шарада мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері түрлі сабақ үлгілерін көрсетті. Г.Д.Матенова, А.Тотоон Саттар Ерубаевтің өмірін, адамшылық тұлғасын, ақындық талантының шеңберін танытып,есте қалдыру мақсатында 8 -11 сынып оқушылары арасында «Арманының ақ желкені асқақтап» еске алу кешін және 5-7 сынып оқушылары үшін «Саттардың сұлу сырлары» мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Саттар Ерубаевтің “Менің құрдастарым” романы бүгінгі күні де халқымыз сүйіп оқитын жаңашыл мәнді жас шығарма. Бұл роман қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастау тарихынан, 30-жылдарғы Қарағанды сынды ірі өнеркәсіп ошағының тыныс-тіршілігінен сыр шерткен, алғашқы ұлттық техникалық интеллигенция өкілдерінің бейнелерін сомдаған туынды. А.Ж. Нүрпейісованың осы роман тұрғысында 9 сынып оқушыларының арасында өткізген «Жарқ еткен сәуле ғұмыр» атты дөңгелек үстелі танымдық тұрғыда қызықты өтті. Жазушының «Бақыт»новелласында жастарды өздеріңдей балаларды бақытты өмір сүру үшін күресу керектігін, Отанды сүюге, адал еңбек етуге шақырады. Тарих пәні мұғалімі А.Саней мен А.С. Сарсембаеваның «Бақыт деген не?» тәрбие сағаты оқушыларға «бақыт» ұғымын түсіндіру әрі бақытты бола білудің маңызын ұғындыру мақсатында болды. 16 ақпанда мектеп кітапханасында жазушы, публицист, аудармашы Саттар Асқарұлы Ерубаевтің туғанына 101 жыл толуына арналған «Жиырма үш жыл-бір ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби таныстырылым өткізілді. Көрмеде оқушылар Саттар Ерубаевтің бай шығармашылық мұрасымен танысты. Жоғарыда аттары аталған ұстаздар іс шараларда жаңа технологияларды пайдалана отырып интербелсенді тақтамен жұмыс жасады. Сабақтары өте қызықты да тартымды болып өтті.Саттар Ерубаев аз өмірінде көп еңбек етіп, артынан жастық жалынға, шығармашылық шабытта, өршіл романтикаға толы еңбектерін тастап, қазақ әдебиетінің қасиетті төрінен жазушы ретінде өзіне тиісті орнын алды. Өмірден аққан жұлдыздай ерте кеткен, ал шығармалары әлі күнге дейін мазмұнын жоймай, жаңашылдықты суреттеп тұрған Саттар Ерубаев өмірі мен шығармашылығы - бүгінгі жас ұрпақты қызықтырады. Оның өмірінен, еңбекқорлығынан, табандылығынан үлгі алу — үлкен парыз. Қарағандыда Саттар Ерубаевтың аты мектепке, үлкен көшелердің біріне берілді.

Г.Д.Матенова

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

КММ “№15 ЖББОМ, Қарабас кенті, Абай ауданы, Қарағанды облысы

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности