Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Дидактикалық материалдар 4-cынып Қазақ тіл

Алғы сөз

Бұл дидактикалық материал жалпы білім беретін мектептердің 4- сыныбына арналып жасалған. Дидактикалық материалды қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен оқушылар пайдалана алады. Оқу бағдарламасына сәйкес қазақ тілі оқулығындағы барлық тараулар толық қамтылған. Дидактикалық материалдағы жұмыстар оқушылардың терең білім алуына, білімін жетілдіруге негіз болады.

Т Ү Й І Н Д Е М Е

Аты-жөні:

Есенова Балагүл Әбілқайырқызы

Туған күні, айы, жылы: 22.07.1972 жыл

Ұлты: қазақ

Білімі: жоғары

Бітірген оқу орындары: Қызылорда М. Мәметова атындағы педагогикалық

училище, Қазақстан-Ресей университетінің

Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі

Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі, І (ілгері) деңгей

Қызмет орны: Арал қалалық «№ 220 орта мектебі» коммуналдық -

мемлекеттік мекемесі

Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 24 жыл

Санаты: бірінші

Білімі: жоғары

Біліктілік арттыру курсынан өтуі : 2010,2013, 2014 жыл

Зерттеу тақырыбы: «Өзіндік жұмыстар арқылы оқушы білімін жетілдіру»

Мекен жайы: Арал қаласы, Т. Әлімбетов көшесі № 9 үй

Пошталық индекс: 120102

Байланыс телефондары: 8(72433)21339( үй), 8778 442 2840 (ұялы)

Электронды мекен- жайы: balagul1972@mail.ru

Қазақ тілінен дидактиалық материалдар

І. Дыбыс пен әріп . Буын .

Т1 –1. Тиісті әріпті қой .

Шка… , дө…гелек , …алат ,көкпең…ек.

Т1 — 2 . Мәтінді оқы. Мәтіннен бір буынды сөздерді тап .

Таңертең.

Таң білінді. Торғайлар шырылдады . Қаз, үйрек

қаңқылдады . Олар көлде жүзе бастады . Мал өріске

шықты . Күн арқан бойы көтерілді .

Т1 — 3 . Тиісті буындарды қосып жаз .

Ағаш дар

Биік тар

Құлын теу

Т1 — 4 . Дыбыс үндестігіне сәйкес өзгерістерді тап .

Бозжорға , жұмысшы , Ботагөз , Махамбет , бүгінгі .

Т1 — 5 . Бағандағы сөздерді салыстырып оқып , өзгерген

дыбысты тап .

сан — сән он - өн бол — бөл ор - өр

Т1 — 6 . Өлеңді мәнерлеп оқы . Қосарлы дауысты

дыбысты сөзді тап .

Бұл — қызыл бояу ,

Бұл — сары бояу,

Бұл — көк бояу .

Менде осындай көп бояу .

Т1 — 7 . Буын үндестігін сақтап , сөздерге тиісті

қосымшаларын қосып жаз .

әтеш… , бұлбұл… , ақын… , үстел… , жауқазын… ,өзен…

Т1 — 8 . Сөздерді оқы . Айтылуында қандай өзгерістер

бар .

Жеті адам , дала үні , Сарыөзен , Сарыарқа , алты ай , қара

ала

Т1 — 9 . Жақсы сөз — жарым ырыс .

Қарамен жазылған сөзге дыбыстық талдау жаса .

Т1 — 10 . Сөздерді оқы , Сөз соңына ы , і әріптерінің

тиістісін қойып жаз .

Түбір сөздің соңындағы өзгерісті байқа .

Парақ , күрек , жиек , көрік , пырақ , бөрік , мектеп , құлып .

Т1 — 11 . Мына сөздерге у әрпін қосып жаз . Сөз соңында

қандай өзгеріс болды

Ой , той , жи , қой , қи .

Т1 — 12 . Тасымалдау үлгісін көрсет .

Балапан Егінші Кітапхана

1 1 1

2 2 2

3 3 3

Т1 — 13 . Аялайды туымды ,

Қуаныштың үні деп .

Ардақтаймыз бұл күнді ,

Тәуелсіздік күні деп .

Қарамен жазылған сөзді құрамына талда .

Т1 — 14 . Жұмбақты оқып , шешуін тап .

Темір қайшы - қос қайшы,

Шығыршықсыз бос қайшы .

Еңбеккерге дос қайшы,

Еріншекке қас қайшы .

Өтпейді бір бос күні .

Т1 — 15 . 1.Жаңылтпашты жатқа жаз .

Тоқсан тоқсан ,

Төртінші тоқсан .

2. Тоқсан сөзіне дыбыстық талдау жаса .

ІІ . Сөйлем .

Т2 — 1 . Әрбір сөйлемнен кейін тыныс белгісін қойып , сөйлемдерді көшіріп жаз .

Ардақты ана аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың

Т2 — 2 . Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің санын анықта .

Қалада бір зор білімді оқымысты молда бар екен , соған үй сыпыруға жалданып , ақысына оқу оқыпты .

Т2 — 3 . Сурет бойынша екі құрмалас сөйлем құрап жаз .

Т2 — 4 . Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жаз .

  1. Мал қайтты .
  2. Ол қарады .
  3. Алысқа ұшты .

Т2 - 5 . 1. Өлеңді мәнерлеп оқы .

Палуан .

Жарыстарда жүлде алған ,

Көрсең көзің тойғандай .

Елдің атын шығарған ,

Ер десең де болғандай . ( Ж. Қашқынов )

2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдырып жаз .

Т2 — 6 . Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастырып жаз .

  1. Балалардың бесеуі шаңғы тепті .Қалғандары қардан аққала жасады .
  2. Сәлима би үйірмесіне қатысады . Әсел сурет үйірмесіне қатысады .

Т2 — 7 .Сөйлемдерді оқып , хабарлы сөйлемдерге айналдырып жаз .

  1. Перизат сабаққа барды ма ?
  2. Мына тау қандай биік !
  3. Зәуре сурет салды ма ?

Т2 — 8 . Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз .

1 .Баяу , толқып , жатыр , көл .

2. Келді , балалар , шомылуға , көлге .

3. Айша , оңға жүзді .

Т2 — 9 . 1. Мақалды түсініп оқы .

  1. Әр мақал неше жай сөйлемнен құралған , арасына қандай тыныс белгі қойылады .

Көпшіліктен береке кетпес , берекелі жерден мереке кетпес .Отты үрлеген жағады , шындықты іздеген табады .

Т2 — 10 .Мақалды оқып, баяндауышын тап . Ол қай сөз табынан жасалған.

Жақсы ата — орман ,

Жақсы бала — қорған .

ІІІ . Сөйлемнің бірыңғай мүшелері . Күрделі сөздер .

Т3 — 1.Орны ауысқан әріптерді өз орнына қойып , бірыңғай мүшелерді құрастыр .

Апам е,б,и,р,с,ы,и ,р,а,н сауады .

Т3 — 2 . Әріптерден біріккен сөздер жаса .

А у н қ ұ т

(бір әріпті бірнеше рет қайталауға болады )

Т3 — 3 . Мына сөздердің ішінен қысқарған сөзді тауып , сөйлем құрап жаз .

Аққу , Жетісу , кг , үп-ұлкен , алтыбақан , жалт-жұлт .

Т3 — 4 . Мына сөйлемнен бірыңғай мүшені тап .Бұл терекке жақын жерде, қалың шөптер арасында жылда жайнап шешек атып , айналаға жұпар иісін тарататын бір қызыл гүл өсетін еді .

Т3 — 5 . Не артық ?

Уақыт , алма , шие , қарақат , өрік , алмұрт .

Артық сөзге сөйлем құра .

Т3 — 6 . Жұмбақтың шешуін тап .Бірыңғай баяндауыш мүшені тап .

Гүл секілді Күн секілді

Қызарады , көктейді . Бірақ нұрын төкпейді . (күнбағыс)

Т3 — 7 . Қос сөздерді тауып , қалай жасалып тұрғанын түсіндір .

Бала жалмауыздан аман-сау құтылып келгеніне әке- шешесі қатты қуанып,

ел-жұртын жиып , үлкен той қылады .

Т3 — 8 . Кейбір асқабақтар 100 кг дейін жетеді . жер шарында асқабақтан үлкен көкөніс жоқ.

Сөйлемнен біріккен сөзді тап . Оның түбірлерінің жеке мағынасына тоқтал .

Т3 - 9 . Мына сөздегі қыстырма сөзді тап .

Мен білем бе себептерін, қыз жүрегі қызыл гүлге жақын

болған ғой ежелден, әйтеуір , ол содан кейін келіп

қызыл гүлді сылап-сипап мәпелейді .

6

Т3 — 10 . Қос сөзді тауып , дефис қойып жаз.

Желп-желп етіп сақалы ,

Қолыңнан дәм татады. (ешкі)

Т3 — 11 .Өлеңді мәнерлеп оқы . Одан қаратпа сөзді тап.

Тоқташы , балапаным , Алмасаң ана тілін ,

Жүрегім — балақаным ! Не болар ,балам , күнің ?!

Т3 — 12 . 1. Өлең жолынан қыстырма сөзді тап .

Ал ,ендеше, біз де

Асыға күттік күзді .

2. Өзіңше сол қыстсрма сөзге сөйлем құрап көр .

Т3 — 13 . Бірінші бағандағы сөздерді қысқарған

сөздермен сәйкестендір .

Алма л

Сүт кг

Отыз мин

Т3 — 14 . Мына сөздердің алдына күшейткіш буын

қосып, қос сөз жаса.

Сары , үлкен , қара , жылтыр , ақ .

Т3 -15 .Төмендегі сөздерге сөйлем құрап жаз .

Аққұтан , әке-шеше , бірқазан , оқ-дәрі Т3 — 16

Жұмбақты шеш , ішінен күрделі сөзді тап .

Өзіне шап-шақ ,

Киген қалпағы аппақ.

Балалар тұр қаптап . (бақбақ )

V. Зат есім

Т4 — 1 . Мәтінді оқып , зат есімдерді тап .

Менің атам жайлауға Көк шалғынды қойнауға

Малын айдап шығыпты. Киіз үйін тігіпті .

Т4 — 2 . Қосымшалы зат есімнің түбірі мен қосымшасын ажырат .

Далада қызғалдақтар гүлдеді . Олардың қызыл гүлі алыстан көрінеді .

Т4 — 3 . Жұмбақтың шешуін тап .

Көп , көп ине ,көп ине , Іс тікпейді , әрине ,

Бір сабағы жоқ ине . Бұл не деген көп ине ? ( кірпі)

Жұмбақтың шешуіне сөйлем құра.

Т4 — 4 . Ілік септігіндегі сөздерді теріп жаз .

Нанның дәмін сезіпті , оның дастарханға қалай келетінін түсініпті .

Ата-ананың қадіріне жетіпті .

Т4 — 5 . Сөздерді ауызша жіктеп айт .

Дәрігер , биші , бағбан .

Т4 — 6 . Сурет бойынша сөйлемдер құра . зат есімін тап .

Т4 — 7 . Тәуелдеулі зат есімді тауып , қосымшаларын ажырат .

Арайлым достарымен көлге бармақшы .

Серіктің ағасы малға салды .

Т4 — 8 .Тәуелдеулі зат есімді септе . Қозым , кітабы , дәптерің .

Т4 — 9 . Суда сайраңдайды ,

Құрғақта қайраңдайды . (қайық)

Жатыс септігіндегі сөзді тап .

Т4 — 10 . Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қойып , көшіріп жаз .

Бала өзен… жағасына келді .

Жаға… түрлі тастар бар .

Балалар тастар… су… тастады .

Т4 — 11 . Сөздерді септе .

Ұшақ , Әсет , диқаншы .

Т4 — 12 . Сөздерді үш жақта септеп айт . Осы сөздерге сөйлем құрап жаз .

Оқушы , дәптер , ұшқыш .

V . Етістік .

Т5 — 1 . Өлеңді жатқа жаз .

Құстардың досымыз .

Біз қамқоршы баламыз ,

Жем — су беріп жаз бойы ,

Құстарға ұя саламыз .

Балапанын бағамыз .

( А. Бақтыгереева )

Т5 — 2 . Сурет бойынша әңгіме құрап айт . Етістігін тауып жіктеп жаз .

Т5 — 3 . Етістікті жіктеп айт .

Жүгір , сөйле , ұш .

Т5 — 4 . Етістіктерді болымсыз етістікке айналдырып жаз .

Айт , әңгімеле , қайт , сөндір , жаз.

Т5 — 5 . Өтірік өлеңді жатқа жаз . Етістікті тауып , күрделі етістікке айналдырып жаз .

Түнде күндіз болды ,

Жерге жұлдыз қонды .

Т5 — 6 . Сөйлемді толықтыр .

Әсет күрекпен (не істеді? )

Ұста қашаумен ( не істеді? )

Болат шалғымен (не істеді ? )

Керекті сөздер : шапты , қашады , қазды .

Т5 - 7 . Мына етістікті үш жақта айт .

Оқы , көрдім , жазды .

Т5 — 8 . Мәтін үзіндісінен етістікті тап .

Ерлан шабындықтың басына жетті . Ол атасына сусын

ұсынды . Атасы « Қам- қоршым менің » , - деп арқасынан

қақты . Ерлан атасына сүйсіне қарады .

Т 5 — 9

Мына етістікті қарастырып мәтін құрап жаз.

Тірек сөздер: келе жатыр, оқиды, ұстайды, көмектеседі,

барады, алады.

Т 5 — 10 Сөйлемді көшіріп жаз.

1. Болатбек сабақ оқыды. 2. Бағым ағасына хат жазып

отыр. 3. Самал жел соқты. 4. Айдос астанадан келді.

Етістікті тап, қай шақта екенін айт.

Т 5 — 11 Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз.

Етістігін тап, қай жақта, қай шақта айтылып тұрғанын анықта.

Арасынан гүлдердің,

Ұшып жүрген гүл көрдім. (көбелек)

Т 5 — 12 Етістікті жекеше және көпше түрде жіктеп жаз.

Кетті, айтқан, сөйлесті.

Т 5 — 13 Өлеңді мәнерлеп оқы.Осы шақта айтылып тұрған

етістікті тап.

Мысық пен құмыра

Сүтке толы құмыраны,

Айналшықтап қызығады.

Төңкеріп тастап қарап отыр,

Енді ернін жалап отыр. (М.Әлімбаев)

VI Сын есім

Т 6 — 1 Алғашқы әріптерінен сары сөзі шығатындай сөзжұмбақ құрап көр.

С

А

Р

Ы

Т6 — 2 .Дара сын есімдерді күрделі сын есімге айналдырып жаз .

Қызыл , сары , қара .

Т6 — 3 . Сұрақтарға жауап бер . Сын есімді тап .

1. Бұрыштың дәмі қандай ?

2. Аспанның түсі қандай болады ?

3 . Шыршаның түсі қандай болады ?

Т6 — 4 . Араласқан сөздерден сын есім мен зат есімді топтастыр .

Орман , үлкен , тәтті , жасыл , сай , қалың , жидек , бұлақ , шырша , мөлдір , терең , машина .

Т6 — 5 . Туынды сын есім мен түбір сын есімді топтастырып жаз .

Ащы , тәтті , аспалы , жұқалау , білімді , қоңыр , өнерлі .

Т6 — 6 . Кестені толтыр .

Заттың дәмі

Заттың түсі

Заттың көлемі

Т6 — 7 . 1. Жаңылтпашты жатқа жаз .

Қаз маңғаз ,

Маңғаз қаз .

Әр қаз маңғаз .

2. Әр сөзді сөз табына талда .

Т6 — 8 . Төмендегі сөздерге қарсы мәндес сөздерді тауып жаз .

Алыс - … ақ - …

Тұщы - … таза - ..

Биік - … терең - …

Т6 — 9 . Құрамында сын есімі бар мақал — мәтелді тауып жаз .

Т6 — 10 . Сұрақтың орнына сын есімді қойып , сөйлемді көшіріп жаз .

1. (қандай?) бала дегеніне жетеді .

2. (қандай?) сиыр бұзаулады .

3 .(қандай?) балық қармаққа түсті .

Т6 — 11 . Сөйлемдерді оқып , туынды сын есімді тап . Байланысын сызба арқылы көрсет .

Қазақ үшін ең құнды , қасиетті мал — жылқы . Халық жылқыны жоғары бағалап, оны көп өсірген.

Т6 — 12 . Ақ , көк сөздеріне табиғат құбылыстарын білдіретін зат есімдерді тіркестіріп жаз .

Үлгі : ақ қар , көк аспан …

Т6 -13 . Суретке қарап сипаттау мәтінін құр . Оның ішінде сын есім болсын .

VII . Сан есім .

Т7 — 1 . Құрамында сан есімі бар мақал тауып жаз .

Т7 — 2 . Мына жұмбақтың шешуін тап . Оның ішінен сан

есімді көрсет .

Бір өркешті жануар ,

Арқасында тау бар . (түйе)

Т7 — 3 . Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз .

Отыз , мың , қырық , сегіз , елу .

Т7 — 4 . Реттік сан есімді құрамына талда.

Алтыншы , жүзінші , екінші

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра .

Т7 — 5 .

1.Мақалды түсініп оқы .

2. Көшіріп жазып , сан есімнің байланысын анықта .

Ердің құны — жүз жылқы , ары - мың жылқы .

Т7 — 6 . Сандарды сөзбен жаз .

53 , 8 , 7000 , 197 , 20 , 561 , 902 .

Сөйлем құрап айт.

Т7 — 7 . Дара сан есімдерді күрделі сан есімге айналдырып жаз .

Жеті , отыз , жиырма , үш , сексен , тоғыз .

13

Т7 — 8 . Мәтінді түсініп оқы . Сан есімдерді тап .

Серік Сәпиев екі дүркін әлем чемпионы .

2005 жылы Қытайдың Миньең қала- сында тұңғыш рет әлем үздігі атанған .

Т7 — 9 .

Мына зат есімдердің қасына күрделі сан есім қойып , көшіріп жаз .

… кітап , … жұмбақ , …сиыр , … гүл , …мектеп , … пәтер .

Т7 — 10 . Сөз тіркестерін толықтырып жаз .

… езуі - екі құлағында . … аттам жер .Ұлға … үйден тыйым , қызға … үйден тыйым .

Т7 — 11 . Жұмбақты жатқа жаз . Сан есімнің астын сыз .

Төрт аяғы бар ,

Екі құлағы бар .

Бауырында бұлағы бар ,

Төбесінде шырағы бар . (самаурын)

Т7 — 12 . Суретке қарап әңгіме құрап жаз . Ішіндегі сан есімді тап .

Т7 — 13 . 1. Жаңылтпашты жатқа айт .

Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым ,

Үшеуі де үшкір , ұшқыр деп алдым .

2. Есептік сан есімді байланысқан сөзімен бірге көшіріп жаз .Т7 — 14 . Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз .

үш пәтер - …

он бес парта - …

жеті тон - …

VIII . Есімдік.

Т8 — 1 . Мәтінді түсініп оқып , есімдіктерді тап.

Бөлме .

Мынау менің бөлмем . Оның терезелері үлкен . Бөлменің ауасы таза . Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған.

Т8 — 2 Есімдіктердің орнына кісі аттарын қойып жаз.

Мен би үйірмесіне қатысамын. Ол мұражайға барды. Сен кішкентайларға қамқор бол.

Т8 — 3 Мәтінді оқып, есімдіктерді теріп жаз.

Жиде

Жиде — жемістің бір түрі. Жиде ағаштары бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласна жиде ағашын отырғыздық. Оны суарып, күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.

Т8 — 4 Есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Мен, сен, олар, біз, сіз, ол.

Т8 — 5 1.Жаңылтпашты жатқа айт.

Ала — ала алашалар,

Тамаша олар.

Оған кім таласа алар,

Таба алса, алар.

2.Есімдіктер қай септікте тұр.

Т8 — 6 Жұмбақтың шешуін тап.

Дейді бәрі киелі, Аппақ, адам болғасын,

Иір мойнын иеді. Оны бәрі сүйеді.

( Аққу)

Есімдікті тап. Жұмбақты көшіріп жаз.

Т8 — 7 Берілген есімдіктерді сөз құрамына талда.

Біздің, олар, сендердің, оның, менің.

ІХ Үстеу

Т9 — 1 Жаздыгүні бар бітірер жұмысымыз бақша суару, ертеңгілік өріске сиыр айдау. Кеш түсісімен би алаңына барып, би тамашалаймыз.

1. Сөйлемдеді көшіріп жаз.

2. Үстеулерді тап.

Т9 — 2

Иілеміз оңға бір, Шынығамыз, талмаймыз,

Иілеміз солға бір. Қатардан еш қалмаймыз.

Жарамайды бекерге, Бүгін бөбек болғанмен,

Қарап тұрған біздерге. Ертең жігіт боламыз.

Осы өлеңнен үстеулерді тап. Оның түрлерін ажырат.

Т9 — 3 «Өзіңді тексеріп көр!»

Мекен үстеуі

Мезгіл үстеуі

Сын-қимыл үстеуі

Т9 — 4 Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Дереу, жылдам, кенеттен, әзер.

Т9 — 5 1. Сөйлемдерді оқы.

2. Үстеулерді теріп жаз.

Ол достарымен бірге келді. Гүлсім кітапханаға күнде барады. Биыл Қайрат мектеп табалдырығын аттады.

Т9 — 6 1. Өлеңді жатқа жаз.

2. Үстеулерді тауып, сұрақ қой.

Жалқау.

Айтқан сөзді ұқпайды,

Үйден тысқа шықпайды.

Соғып алып құрт, майды,

Кешке дейін ұйықтайды.

(Ө. Ақытпеков)

Т9 — 7 1. Үстеуді тап.

2. Байланысқан етістігін анықта.

Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отыр.

Т9 — 8 1. Сөйлемдерді көшіріп жаз.

2. Үстеулердің астын сыз.

Сен арасы қуыс-қуыс кірпіштерді көрген шығарсын. Қуыстарда ауа бар, сондықтан олар әрі жеңіл, әрі үйдегі жылуды сақтайды.

Т9 — 9 Мына тірек сөздерді пайдаланып мәтін құра.

Көктем, жоғары-төмен, айдын көл, құстар, табиғаты.

Т9 — 10 Көп нүктенің орнына тиісті үстеуді қой.

1. … үлпілдек шыны мақта.

2. … қуып жете алмайтын болған соң, кемпір бір тісін жұлып лақтырады.

3. … шілде болғанда,

Көгорай шалғын бәйшешек.

Керекті сөздер: әрі-бері, ортасында, жаздыгүні.

Х Шылау

Т10 — 1. 1. Өлең үзіндісін оқы.

2. Шылауларды тап.

Мәтел де, мақал да

Өмірден туады.

Күн болып жаһанға

Шуағын шашады.

Т10 — 2. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып жаз.

1. Менің атам … әжем ауылда тұрады.

2. Хайуанаттар бағында тырна … , көкқұтан … , аққу … бар.

3. Ит … жеті қазынаның бірі.

Т10 — 3. 1. Жаңылтпашты жатқа жаз.

2. Шылауларды тап, астын сыз.

3. Қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта.

Үш қыз да ұшқыш,

Ұшқыш та үш қыз.

Т10 — 4. Төмендегі шылауларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.

пен, және, ба, да.

Т10 — 5. Сұраулық шылауларды қатыстырып, диалог құр.

Үлгі: - Сәлеметсіз бе, бүлдіршін?

Т10 — 6. 1. Сұрақтарға жауап жаз.

2. Ондағы шылауларды тап.

- Екі көзің не үшін керек?

- Екі құлағың не үшін керек?

- Екі қолың не үшін керек?

- Екі аяғың не үшін керек?

Т10 — 7. 1. Жұмбақтың шешуін тап

2. Шылаудың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта

Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар. (сіріңке)

Т10 — 8. Ойды жалғастырып көр.

Шекпеннен жел де, су да өтпейді..

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности