link10962 link10963 link10964 link10965 link10966 link10967 link10968 link10969 link10970 link10971 link10972 link10973 link10974 link10975 link10976 link10977 link10978 link10979 link10980 link10981 link10982 link10983 link10984 link10985 link10986 link10987 link10988 link10989 link10990 link10991 link10992 link10993 link10994 link10995 link10996 link10997 link10998 link10999 link11000 link11001 link11002 link11003 link11004 link11005 link11006 link11007 link11008 link11009 link11010 link11011 link11012 link11013 link11014 link11015 link11016 link11017 link11018 link11019 link11020 link11021 link11022 link11023 link11024 link11025 link11026 link11027 link11028 link11029 link11030 link11031 link11032 link11033 link11034 link11035 link11036 link11037 link11038 link11039 link11040 link11041 link11042 link11043 link11044 link11045 link11046 link11047 link11048 link11049 link11050 link11051 link11052 link11053 link11054 link11055 link11056 link11057 link11058 link11059 link11060 link11061 link11062 link11063 link11064 link11065 link11066 link11067 link11068 link11069 link11070 link11071 link11072 link11073 link11074 link11075 link11076 link11077 link11078 link11079 link11080 link11081 link11082 link11083 link11084 link11085 link11086 link11087
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Клуб бірлестіктері мен үйірме жұмыстары

Республика Казахстан,ВКО,г.Семей

Педагогический коллелдж им. М. О. Ауезова

Преподаватель методики воспитательной работы

Жунусова Ляззат Байботаевна

Қоршаған ортаны танып білу оқыту процесінде ғана емес, сонымен қатар үйірме жұмыстарын ұйымдастыру арқылы да жүзеге асады.

Үйірмені ұйымдастыру мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәжірибелік іс -әрекеттер, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыру.

Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартатын, қоғамдық пайдалы еңбекке баулитын ең маңызды формалардың бірі — үйірмелер. Үйірме сабақтары, оқушылардың жалпы және арнайы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.

Үйірме жұмысы-балаларға қосымша білім беру жүйесіндегі ерікті, дәстүрлі балалар бірлестігінің кең тараған түрі.Үйірмелер алғашқыда өнерпаздар бірлестігі ретінде пайда болып,кейіннен сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыс түрінде жүзеге асып отырды.

Сыныптан тыс, мектептен тыс тәрбие жұмысы ретінде үйірме келесі функциялар атқарады:

-Оқу пәндерінің білімін тереңдету,кеңейту,толықтыру;

-Балаларды мәдени-әлеуметтік іс-әрекет түрлеріне баулу;

-Коммуникативтік тәжірибені кеңейту;

-Кәсіби бағдар беру;

-Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру;

Үйірмелер-баланы қызықтыратын іс-әрекет саласында өз мүмкіншіліктерін сынайтын , шыңдайтын ынтымақ пен қарым-қатынас ортасы.

Үйірме арқылы баланың қарапайым қызығушылығы мазмұнды ұйымдастырылған маңызды іс-әрекетпен айналысуға,сол арқылы өзін-өзі дамытып жетілдіруге көмектеседі.

Үйірме жұмысының қызықты және нәтижелі ұйымдастырылуы балалардың белсенді қатысуымен қатар ұйымдастырушы - педагогтың кәсіби біліктілігі мен жеке тұлғалық қасиеттеріне де байланысты болады.

Үйірменің жоспары әртүрлі қызықты отырыстардан құралады. Олардың әрқайсының негізгі мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, тәжірибелік дағды мен іскерліктерді қалыптастыру бала тұлғасын жан-жақты дамыту.

Үйірме уақыты — 20-40 минутқа созылады, қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады.

Үйірме отырыстары уақытының ұзақтылығы және іс-әрекет көлемі балалардың көңіл-күйі, қалауы, өзара қарым-қатынас ерекшелігіне байланысты.

Үйірмені ұйымдастырудың негізгі әдісі: балалардың тәжірибелік жұмысы. Олар: конструкциялау, модель жасау, іс-тәжірибе жүргізу, бақылау болуы мүмкін.

Көбінесе сабақтар әңгіме, баяндама, тәжірибелер, зертханалық, тәжірибелік жұмыстар, әр түрлі модель үлгілерін жасау түрінде жүргізіледі.Сонымен қатар үйірме отырыстары әр - түрлі қызықты ойындар,сайыс,диалог алаңы т.б. түрде де өтеді. Диалог, пікірталас түрінде өтетін отырыстар әсіресе жоғары сынып оқушыларына ұнамды келеді.Осы жас ерекшелігіне тән - өз ойын ашық айту, көзқарасын дәлелдеу,жетістікке ұмтылу сияқты әрекеттер баланың тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.

Үйірменің маңызды элементінің бірі - оның нәтижесін көрсету. Үйірме жұмысы жариялы түрде болуы керек. Үйірме жұмысының нәтижесінде байқау, сайыс , жарыс ұйымдастыру, мерекелік іс-шара өткізу, көрме ұйымдастыру жұмыстары , концерттер,фестивальдар,театрландырылған қойылымдар сияқты көз тартымды ұтымды іс-шаралар.

Үйірме жұмысы нәтижелі болуы үшін:

1) үйірме белгілі жоспар бойынша

2) оның әрбір сабағы мұқият ойластырылып дайындалған

3) үйірмеге қабылданған балалардың жалпы даму деңгейі, қызығушылықтары мен бейімділіктері ескерілуі қажет.

Үйірме жұмыстары қоғамдық — пайдалы сипатта болуы қажет.

Балалар өз жұмыстарының қоғамдық маңызы бар екендігін білгендері жөн.

Бастауыш сыныптағы үйірме жұмыстарының өз ерекшеліктері бар.

Бастауыш сынып оқушылардың бойында тұрақты қызығушылықтар әлі де қалыптаса қойған жоқ, сондықтан олар бәріне де қызыға қарайды.

Бастауыш сыныптарда балаларды қызықтыратын үйірме түрлері: қолөнер, сурет,ән,би үйірмелері. Мысалы: «Шебер қолдар», «Он саусағы майысқан», «Әсем әуен», «Сурет сала білейік» т.б.

Орта буындағылардың үйірме жұмыстары олардың белгілі бір пәнге немесе ғылым саласына деген қызығушылығына бағытталады.

Сонымен қатар орта буындарда: «Жас фотограф», «Жас Қастеевшылар», «Жастар биі» т.б. осы сияқты үйірмелерге оқушылар белсене қатысады.

Қандай да үйірме,клуб т.б балалар бірлестігінің жұмысының нәтижелі болуы алдымен ұйымдастырушы - педагогтың шеберлігіне байланысты болады.Сондықтан бүгінгі таңда,осы салада арнайы кадрлар даярлануы қуантады.Баланың жан-жақты болып дамуы,өнерлі «сегіз қырлы,бір сырлы» болып тәрбиеленуі, арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары арқылы жүзеге асады.Осыған байланысты балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, мектептегі сабақтан тыс уақытта балаларды өнерге баулу, танымдық қызығушылығын ояту,бос уақытын мазмұнды өткізу басты мәселенің біріне айналуда. Өкінішке орай, ата-аналардың айтуынша балалардың көпшілігі бос уақытын компьютер алдында өткізеді.Бала табиғаты бойынша көп қимылдап, ойнап серігуі қажет екені белгілі.

Балалар мен жасөспірімдердің үйірмелерінің ең кең тараған түрлері олар: эстетикалық бағыттағы үйірмелер: музыкалық (ән, вокал), хореографиялық (би), театрлық, драмалық.

Көптеген оқушылар ғылыми — техникалық, туристік — спорттық бағыттағы үйірмелерге баруға ынта байқатады.

Тәрбие процесін ұйымдастыруда клуб жұмыстарының алатын орны ерекше.

Клуб жұмыстары арқылы балалардың:

- Шығармашылық қабілеттері дамиды;

- Өзін-өзі еркін ұстауы жүзеге асады, жағымды қарым-қатынас орнайды;

- Баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің бағалануы;

- Қызығушылықтары мен бейімділіктерінің анықталуы;

- Мазмұнды демалыс ұйымдастырылуы іске асады.

«Клуб» - сөзі ағылшын тілінен XVIII ғасырда орыс тіліне енген, «адамдар бірлестігі» деген мағынаны білдіреді.

Клубтың ерекшелігі — ортақ қызығушылықтары негізінде біріккен адамдардың ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын білдіреді.

1905 жылы С.Т. Шацкийдің басшылығымен Ресейде алғашқы балалар клубтары ұйымдастырылған. Оның ойынша клубтардың негізгі идеясы — «бала табиғатына негізделген талаптарға сай құрылған балалар өмірін ұйымдастыратын орталықтың болуы».

Онда ең бастысы:

- Балалардың өзін-өзі басқаруы;

- Өздігінен әрекет жасай білуі;

- Шығармашылық қабілеттердің дамуы.

Клуб жұмыстарының нәтижелі болуы:

1) Іс-әрекеттердің формаларының алуан түрлі болуы және белгілі мақсаттарға бағытталуы;

2) Белсенділердің қызметі;

3) Жағымды әлеуметтік — психологиялық ахуалдың болуы;

4) Дәстүрлердің қалыптасуы;

5) Әрбір клуб мүшесінің қызығушылықтарының, мүддесінің ескерілуіне байланысты болады.

Қосымша білі беру және мектеп мекемелеріндегі клубтық бірлестіктердің кең тараған түрлері:

1) Қоғамдық бағыттағы клуб бірлестіктері ( эко - клубтар, өлкетану, т.б.);

2) Ғылыми өндірістік бағыттағы клубтық бірлестіктер (техникалық шығармашылық бағыттағы клубтар);

3) Жаратылыстану бағытындағы клубтық бірлестіктер (табиғатты қорғаушылар клубы, гүл өсіру, бау-бақша жұмыстарын қамтитын клубтар);

4) Эстетикалық бағыттағы клубтық бірлестіктер (фольклор, бейнелеу өнері, жас фотографтар клубы).

Педагогтың клубтық бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру жүйесі:

- Клуб бірлестігінің жалпы ережелерін құрастыру;

- Мақсаты мен міндеттерін және іс-әрекет формаларын анықтау;

- Клуб бірлестігінің мүшелерінің құқығы мен міндеттерін анықтау;

- Клуб бірлестігінің бағдарламасын құру.

Балаларға қосымша білім беруде клуб мәдени - әлеуметтік өзгешелігі бар тәрбие технологиясы бола алады.Осы тұрғыда педагог - ұйымдастырушылардың шығармашылықпен ұйымдастырылған іс-әрекеттері қажет.Клубтық жұмыстың нәтижесі ретінде: балалардың ойлау техникасының амал-тәсілдерінің қалыптасуы, мінез-құлық, рефлексия мәдениетінің қалыптасуы жүзеге асады.Сондай-ақ клубтар баланың салауатты өмір салтын,бос уақытын өткізу мәдениетін қалыптастыру ортасы болып табылады.

Сонымен, клубтық бірлестіктер, үйірме жұмыстары балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, жаңа білім, дағды, іскерліктерді игеруіне, көркем — эстетикалық сезімдері мен талғамдарының қалыптасуына, ұжымдық жұмыс дағдыларын игеруге ықпал жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Классному руководителю» /под ред. М.И.Рожкова, Москва 1999г.
  2. Губашева.С.Г.,Отарбай А.Ж. «Тәрбие жұмысының әдістемесі». Астана, 2007 жыл.
  3. Исаева И. Ю. Досуговая педагогика.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности