link9720 link9721 link9722 link9723 link9724 link9725 link9726 link9727 link9728 link9729 link9730 link9731 link9732 link9733 link9734 link9735 link9736 link9737 link9738 link9739 link9740 link9741 link9742 link9743 link9744 link9745 link9746 link9747 link9748 link9749 link9750 link9751 link9752 link9753 link9754 link9755 link9756 link9757 link9758 link9759 link9760 link9761 link9762 link9763 link9764 link9765 link9766 link9767 link9768 link9769 link9770 link9771 link9772 link9773 link9774 link9775 link9776 link9777 link9778 link9779 link9780 link9781 link9782 link9783 link9784 link9785 link9786 link9787 link9788 link9789 link9790 link9791 link9792 link9793 link9794 link9795 link9796 link9797 link9798 link9799 link9800 link9801 link9802 link9803 link9804 link9805 link9806 link9807 link9808 link9809 link9810 link9811 link9812 link9813 link9814 link9815 link9816 link9817 link9818 link9819 link9820 link9821 link9822 link9823 link9824 link9825 link9826 link9827 link9828 link9829 link9830 link9831 link9832 link9833 link9834 link9835 link9836 link9837 link9838 link9839
Бейсенбинова Сауле Толендиновна
Должность:Учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Алматинская область, город Талдыкорган
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс

Талдықорған қаласы № 4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Т. Бейсенбинова

Мәтінмен жұмыс жүргізу

Әкенің еркелігі

Ертеде бір бала әкесіне: «Сені кейін ер жеткен соң, аяғыңды жерге тигізбей, арқалап жүремін», - дейді екен. Бұл оның әке парызы туралы түсінігі болса керек.

Уақыт деген ұшқан құс, құйғытып шапқан тұлпар емес пе? Жыл артынан жыл өтеді. Бала жігіт болады. Әкесі қартаяды да, бір күні қатты науқасқа шалдығады. Ұлы «пәлен жерде ғұлама емші бар» дегенді естиді. Әкесіне: «Баяғыда көп айта беруші едім ғой, сол сөзім — сөз, емшіге арқалап апарамын», - дейді. Әке өз қадірін түсінген перзентіне тәнті болады. Әуе айналып жерге түскендей шілденің ыстық күнінде екеуі жолға шығады. Жігіттің арқасында — әкесі. Бірнеше күн өтеді. Айнала сағым, мұнар. Топырақ та, ауа да от. Аңызақ. Шөл. Жігіт шаршайды.

Ұлының арқасында отырған әкесі бір күні көз ұшында қарайған әлденені көреді. Баласынан: - Балам, анау не, көзім жетпей тұр? — дейді. Қанша шаршаса да, жас емес пе, жігіт алға көзін тігеді. Ол қарайған түйе екен.

- Түйе ғой, әке, түйе! — дейді ол ашу-ызасыз. Ішінен: «Әкем бала болып кетті ме сонша. Адам өзі діңкелеп келе жатқанда… Мазаны алмай тыныш отырмай ма?» - деп күбірлейді.

Бұлар емшінің аулына қарай жылжи береді. Аздан соң әкесі жаңағы сұрағын қайталайды.

- Анау не, балам?

- Жаңағы түйе ғой, әке. Түйе, түйе!

Даусы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу-сүйек жеп-жеңіл боп көрінген әкесі енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі - артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбарақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды.

Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.

- Анау не, балам?

Жігіт қарайды да:

- Түйе ғой, түйе! — деп ақырып жібереді. — Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп…

- Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейді өкпелеп.

- Неге? Отыра бер.

- Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып: «Аспандағы жалғыз айды: «О, не?» деп сұрасаң, ерінбей-жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние-ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! — деді әкесі.

Бәрі де көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін…

(С. Оспанов)

Мәтін бойынша логикалық тапсырмалар:

1. Жігіттің, әкесінің әрекетіне баға беріңдер. Топтардың тапсырмасы түс таңдау арқылы жүзеге асады(қызыл — жігіт, көк — әке)

1 — топ

Жігіт

2 - топ

Әке

дұрыс әрекеті

бұрыс әрекеті

дұрыс әрекеті

бұрыс әрекеті

2. Уәде де тұру, ата-ана алдындағы парыз деген не?

3. Әке сөзінің мәтіндегі барлық тұлғасын теріп жаз, тұлғасына талда, қосымшалар сөзге қандай мән үстеп тұрғанын айт.

4. Мәтіннен диалект сөздерді теріп жаз, оларға өз тарапыңнан синоним айт. Түсінбегенің болса мұғалімнің көмегіне сүйен.

5. «Аяғын жерге тигізбеу», «бетіне жел боп тимеу», « титықтап келу», «көзі жетпеу», «көз ұшында қарайған», «көзін тігу» сөздеріне балама жаз.

6. Мәтіннен бір сөзден тұратын сөйлемдерді теріп жазып, оларға тән ерешеліктерді ата, анықтама бер.

7. Мәтінге сен қандай ат қояр едің? Неге?

8. Ата-ана алдындағы парызды өзің қалай түсінесің? Өз ойыңды дәлелдермен жеткізіп, ойтолғау жаз.

9. Өздерің оқыған қай мәтіндер естеріңе түсті?

10. Мәтіннен алынған сөздерді не біріктіреді.

Әке, әуе, аңызақ, ата-ана, ұлы, ашуланып.

11. Мәтін бойынша «Шынжыр» ойыны

Соңғы әріп тізбегі бойынша мәтіндегі сөздерді тізбекте.

Үлгі: әке, екеуі, ішінен, не, елге, …

12. «3 бітеу буын» ойыны. Мәтіннен 3 буыныда бітеу сөздерді теріп жазыңдар

Үлгі: жасқаншақ, түскендей, …

13. Мәтіннен құрамындағы қатар тұрған екі әрпін алып етістік құрауға болатын сөздерді теірп жаз.

Көңіл — іл, алға — ал, …

14. Мәтіндегі сөздерді мүмкіндігінше синонимдермен алмастырып, қайта жазып шық.

15. Мәтіннен барлық сөйлем мүшесі кездесетін сөйлемдерді теріп жаз.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности