link10455 link10456 link10457 link10458 link10459 link10460 link10461 link10462 link10463 link10464 link10465 link10466 link10467 link10468 link10469 link10470 link10471 link10472 link10473 link10474 link10475 link10476 link10477 link10478 link10479 link10480 link10481 link10482 link10483 link10484 link10485 link10486 link10487 link10488 link10489 link10490 link10491 link10492 link10493 link10494 link10495 link10496 link10497 link10498 link10499 link10500 link10501 link10502 link10503 link10504 link10505 link10506 link10507 link10508 link10509 link10510 link10511 link10512 link10513 link10514 link10515 link10516 link10517 link10518 link10519 link10520 link10521 link10522 link10523 link10524 link10525 link10526 link10527 link10528 link10529 link10530 link10531 link10532 link10533 link10534 link10535 link10536 link10537 link10538 link10539 link10540 link10541 link10542 link10543 link10544 link10545 link10546 link10547 link10548 link10549 link10550 link10551 link10552 link10553 link10554 link10555 link10556 link10557 link10558 link10559 link10560 link10561 link10562 link10563 link10564 link10565 link10566 link10567 link10568 link10569 link10570 link10571 link10572 link10573 link10574 link10575 link10576 link10577
Ахмедина Майра Канатовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область город Экибастуз село имени академика А. Маргулана
Интеллектуалдық ойын "Ойлан, тап!"

Интеллектуалдық ойын

Тақырыбы: Ойлан, тап!

Мақсаты: 1. Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау, өз - өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету, білім деңгейлерін толықтыру, тез әрі жауап қайтару.
2. Оқушылардың ынтасын арттырып, қазіргі заман талабына сай әр түрлі білім сайысына қатысуға дайындау. Ойлау қабілеттерін, зейін, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке, сапалылыққа, білімді, дарынды, озық болуға үйрету.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!
ІІ. Мұғалімнің сөзі
Бүгін сіздер 2 сынып оқушыларының «Ойлан , тап!» атты сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер! Халқымыз жан - жақты адамды «Сегіз қырлы, бір сырлы»дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның білімі. Олай болса бүгін 2 сынып оқушылары алған білімдерін ортаға салады. Оқушыларға сәттілік тілейік.
ІІІ. Әділқазы алқасын сайлау.
ІҮ.Ойын.
І. « Сәлемдесу».
ІІ. « Ұранын айту».

ІІІ. «Шығарманың атын тап»

ІҮ. «Халық ертегілері»

Ү. «Он сөзден бастайық»

ҮІ. «Өлеңді жалғастыр»

І-тур «Ұранын айту»

«Тұлпарлар» тобы

І-тур «Сәлемдесу»

«Тұлпарлар» тобы
Сәлемдесу:

Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз!

«Арғымақтар» тобы

Сәлемдесу:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бар екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

ІІ-тур «Ұранын айту»

«Тұлпарлар» тобы
Ұраны:

Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әқашанда үміткерміз жеңіске!

«Арғымақтар» тобы

Ұраны:

Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

ІІІ-тур: «Шығарманың атын тап»

Шығармалардан үзінділер оқылады ойыншылар шығарманың атын және авторын табу керек.

1. «… Қартқожа жазық далада. Койлекшең, жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып-шып шығып, кітабын оқып жатыр....» /Жүсіпбек Аймауытов, «Кітап оқу»/

2. «Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамсы болды».» / Сапарғали Бегалин «Зеректік»/

3. « .. Арыстан көлге шомылуға кетеді. Арыстан келгенше түлкі есектің шекесін теседі де, миын сорып, түгел жеп қояды..» / «Аңқау арыстан»

Ертегі/

4. « … Бір тойда ашқарақ біреу қомағайлана ішіп-жегенімен қоймай, қалтасына құрт пен ірімшікті сала береді…» /Аңыз «Қожанасыр мен ашқарақ»/

5. «…Қас қарайды. Қой қотанға келді. Арбаны тңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдында о жағып, кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр» / Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожаның туған жері»/

6. « Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа –үшеуі кімнің жақсы мекені , жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты…» /Сәкен Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?»/

7. «… Желтоқсан жұлдызы. Қар көптеп жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Өзенді , көлді мұз қаптаған. Жұрт үстімен жүре бастады…» / Міржақып Дулатов «Қыс»/.

8. «…Балапан қанат қақты… Жас еді. Қанаты да қатып жеткен жоқ еді. Амалсыз қақты.» / Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты»/

9. «…Ата қартайып, күші кеміді: нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды....» / Спандия Көбеев «Атасы мен немересі.»/

10. «… Бір жарлы шалесекке мініп келе жатыр еді, балалар есектің бақырған даусын естіп, шалға : «Неге есегіңді өлең айтуға үйреттің?»-дейді» /Спандияр Кобеев «Шал мен балалар» /

ІҮ- тур: «Халық ертегілері»

Жүргізуші ертегіден үзінді оқиды. Ойынға қатысушылар ол ертегінің атын айтады.

1. « -Бұдан былай, араздықты қояйық, тату-тәтті өмір сүрелік! Сол үшін біздің ауылға келіңдер, құшақ жайып қарсы аламыз, сый-сияпат көрсетеміз…» / Мысық пен тышқандар/.

2. « Содан бері түйе күл көрсе, тышқанды таптамақ болып, күлге аунайды. Ал жылдың басы түйе емес, тышқан болыпты....» /Түйе мен тышқан/

3. «…-Уа, ием, менің соңғы тапқан жұмырқамның ішінде алтын сақина бар. Соны ал да, мені босат…» /Сақина/

4. «…-Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай молса, сол мұрагерім болады…» / /«Байлық пен ақыл»/.

5. « …-Мен сені жері отты, суы мол, оңаша бір шабындыққа ертіп барайын. Сонда жүріп семір, сайранда,-дейді» /Аңқау арыстан/.

6. «…-Достым, сөз тасып сыбырласыдың керегі жоқ еді. Өсек айту жақсылыққа жеткізбейді,- депті .» / «Қасқыр мен түлкі » /.

Ү- тур :«Он сөзден бастайық»

Жүргізуші ретпен сөйлемнің сөздерін оқиды. Ойыншылар ертегінің атын шешуі керек. Кім тез айтса, сол жеңімпаз атанады.

1. «егінші таң сәріден егін орып, шаңқай тусте демалады. Аздап тыныққан…» / «Егінші мен қасқыр»/

2. «Жақсылық шаршап-шалдығып, арып-ашып, кешке жақын күркеге келеді. Ішіне кірсе....» / «Жақсылық пен Жамандық»/

3. « Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді айламен аулағысы келді.....» / «Арыстан мен түлкі»/

4. «Шал Қазбайдың ауылына келеді. Қазбай шалды күттіп алады. Шал Қазбайдан....» / «Ұр, тоқпақ»/

5. «- Ойбай! Бауырым-ай!-деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті…» / «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас»/.

6. «-Е, аңқаулар, амалымызды асырдық па?-деп тепсенеді де, мысықтап лап....» / «Мысық пен тышқандар»/

ҮІ- тур: «Өлеңді жалғастыр»

Жүргізуші өлеңді бастайды, ойыншылар жалғастырады.

1. Бір,Аллаға сыйнып,

Кел, балалар, оқылық.

/Оқығанды көңілде,

Ықыласпен тоқылық/Ы. Алтынсарин

2. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

/Білмейбін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан/ Абай.

3. Қарашы далаға,

Реңі сары ала.

/ Пісті алма албырап,

Сарғайды бал құрақ./ Жеңіс Қашқынов «Ұнатам күзді мен»

4. Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай жүрісің?

/Белгілі тұрағын жоқ,

Бас түгіл құлағын жоқ/ «Бидай мен Қаңбақ» Асқар Тоқмағамбетов.

5. Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт –берекең-атаң қымбат,

/Аймалайтын –анаң қымбат,

Мейрімді-апаң қымбат.........../ Қазыбек бидің сөзі

6. Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар.

/ Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем/. Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»

Ү.Ойынның қорытындысын тыңдау.

ҮІ.Жеңімпаз топты марапаттау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности