link3906 link3907 link3908 link3909 link3910 link3911 link3912 link3913 link3914 link3915 link3916 link3917 link3918 link3919 link3920 link3921 link3922 link3923 link3924 link3925 link3926 link3927 link3928 link3929 link3930 link3931 link3932 link3933 link3934 link3935 link3936 link3937 link3938 link3939 link3940 link3941 link3942 link3943 link3944 link3945 link3946 link3947 link3948 link3949 link3950 link3951 link3952 link3953 link3954 link3955 link3956 link3957 link3958 link3959 link3960 link3961 link3962 link3963 link3964 link3965 link3966 link3967 link3968 link3969 link3970 link3971 link3972 link3973 link3974 link3975 link3976 link3977 link3978 link3979 link3980 link3981 link3982 link3983 link3984 link3985 link3986 link3987 link3988 link3989 link3990 link3991 link3992 link3993 link3994 link3995 link3996 link3997 link3998 link3999 link4000 link4001 link4002 link4003 link4004 link4005 link4006 link4007 link4008 link4009 link4010 link4011 link4012 link4013 link4014 link4015 link4016 link4017 link4018 link4019 link4020 link4021 link4022 link4023 link4024 link4025 link4026 link4027 link4028 link4029 link4030 link4031
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Натюрморт (қыш ыдыс,алмұрт және мата)

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
"№3 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
Технология пәні мұғалімі
Абуталипов Алибек Тұрсынқұлұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру. Сурет салудың заңдылықтарын үйрету.;

Дамытушылық: Оқушыларды тазалыққа ұқыптылыққа, сауатты сурет салуға, натюрморттың заңын меңгертуге, ой қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: көзбен елестетуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,сурет үлгілері, қарындаш,т;тм;2м, нобай өшіргіш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу және сабақтың тақырыбын жариялау.

ІІ. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа сабақ.

Натюрморт (французша nature morte — өлі табиғат) — бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Бейнелеу өнерінің басқа түрлеріне қарағанда натюрморт суретшіден өзі кескіндейтін нәрсені табиғи қалпында, дәл де нәзік жеткізуді талап етеді. Натюрмортың алғашқы белгілері Ежелгі Шығыс, Рим, Грекия өнерінде көрініс тапқан.Натюрморт жанр ретінде 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморттың жан-жақты дамуына ұлттық кескіндеме мектептері ұйытқы болды (17 ғасырда). 19 ғасырда өмір сүрген атақты суретшілерФ.Гойя, Э.Делакруа, Г.Курбе, Э.Мане т.б. Натюрморттың өркендеуіне ат салысты. Кеңестік дәуірде натюрморт жанрында П.П.Кончаловский, И.И.Машков, М.Сарьян ерекше танымал болды. Қазақ суретшілері: Ә.Жүсіпоа (“Шыны аяқ”, 1960), А.Ғалымбаева (“Дәмді шай”, 1966), С.Айтбаев (“Кітаптар”, 1966), Т.Тоғызбаев (“Қарбыз бейнеленген натюрморт”, 1974), К.Дүйсенбаев (“Табиғат көрінісі”, 1978), Е.Кәрібеков (“Натюрморт”, 1986), Б.Ақанаева“Күміс натюрморт” (2003), А.Жансейітова “Натюрморт” (2003), т.б. натюрморт жанрының шеберлері атанды.[

Натюрморт немесе басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы құрылымының өзегі болатын - композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес.

Енді кезеңдер арқылы берілген натюрмортты салудың жолдарын қарастырайық. Натюрморт үш заттан тұрады.

Заттың бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз - бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады.

Зат бейнелерінің құрылымын табу. Натюрморттағы заттардың бір - бірінің ара қатынасын пропорциясын тексеріп өлшеп, олардың әрқайсысын сызықтық қаңқасын сызамыз. Мұндағы заттардың ара - қатынасын өлшеу қарындаш арқылы жүргізіледі.

Пішінін сомдау. Штрихтарды пайдалана отырып көлеңке мен жарықтың ара - қатынастарын шешіп табиғи формасын бейнелеуге көшеміз. Заттардың пішінін сомдауда штрихтардың рөлі өте үлкен. Солардың көмегі арқылы жартылай жарық көлеңке денеден құлай түскен көлеңкесінің айырмашылығын реттейміз.

Штрихтауды көлеңкеден жарыққа қарай жүргізген ыңғайлы, бірақ мұны (әдісті) өзгермейтін заңдылық деуге болмайды, сондықтан керісінше - жарықтан көлеңкеге де жүргізуге болады. Ол ыңғайға қарай.

Натюрмортты мұқият тексеріп көзге ұрып тұрған елеулі көлеңке немесе жарық болса, соларды басып, жалпы натюрморттың рең қоюлығына бағындырамыз. Натюрморт пен фон арасындағы кеңістіктің тереңдігін тағы бір қарап, натюрморттың фонға жабысып қалмауын тексереміз. Содан артық сызық штрихтарды өшіріп, суретті аяқтаймыз.

Оқушылар суретте көрсетілген суретті салады.

Жаңа сабақты қорыту.

Натюрморттарға байланысты сұрақтар қою:

1. Компоновка дегеніміз не?

2. Штрих түрлерін ата?

3. Переход дегеніміз не?

4. Көмекші сызықтың қызметі қандай?

5. 1, 2, 3 планды қалай түсінесіңдер?

6. Параллель сызығы дегеніміз не?

7. Салыстыру деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

8. Композиция дегеніміз не?

Бағалау. Оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау.

Үйге тапсырма: Берілген суретті аяқтау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности