link3654 link3655 link3656 link3657 link3658 link3659 link3660 link3661 link3662 link3663 link3664 link3665 link3666 link3667 link3668 link3669 link3670 link3671 link3672 link3673 link3674 link3675 link3676 link3677 link3678 link3679 link3680 link3681 link3682 link3683 link3684 link3685 link3686 link3687 link3688 link3689 link3690 link3691 link3692 link3693 link3694 link3695 link3696 link3697 link3698 link3699 link3700 link3701 link3702 link3703 link3704 link3705 link3706 link3707 link3708 link3709 link3710 link3711 link3712 link3713 link3714 link3715 link3716 link3717 link3718 link3719 link3720 link3721 link3722 link3723 link3724 link3725 link3726 link3727 link3728 link3729 link3730 link3731 link3732 link3733 link3734 link3735 link3736 link3737 link3738 link3739 link3740 link3741 link3742 link3743 link3744 link3745 link3746 link3747 link3748 link3749 link3750 link3751 link3752 link3753 link3754 link3755 link3756 link3757 link3758 link3759 link3760 link3761 link3762 link3763 link3764 link3765 link3766 link3767 link3768 link3769 link3770 link3771 link3772 link3773 link3774 link3775 link3776 link3777 link3778 link3779
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Дос бола білу де өнер
Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан обласы,Шыңғырлау ауданы,Шыңғырлау ауылы
Балалар саз мектебі
Баян сыныбының мұғалімі
Хабибуллин С.М.

Мақсаты:

1/ оқушыларға «достық» ұғымын түсіндіру

2/ ұлы адамдардың достық туралы ұлағатты сөздерін талдау

3/ адал дос пен айнымалы достықтың айырмашылықтарын анықтау, пікірталас

4/ оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: пікірталас.

Жоспар

1/ «Достық туралы бірер сөз» баяндамасын тыңдау

2/ Әбунасыр әл-Фараби достық туралы

3/ Әйтімбет шешен достық жайында

4/ «Екі дос» аңыз әңгімесін тыңдау

5/ Пікірталас

6/ Қорытындылау

1. Достық туралы бірер сөз

Достық — ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып, уақыт сынынан өткен үлкен адамгершілікке тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Ол — адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез, темперамент ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін.

Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен, мәдениетсіз, самарқау, салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді.

Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін айтпау, бір-біріне жөндеп талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу-бұл жалған достық.

2. Әбунасыр әл-Фараби достық туралы.

Достықтың екі түрі болады. Оның бірі-адал дос та, екіншісі-айнымалы, алдамшы дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айырылып қалмау жағын көздегені дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ.

3. Әйтімбет шешен достық жайында

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

- Достық нешеу? — деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

- Достықтың екі түрі болады. Бірі-адал достық та, екіншісі  — амал достық, — дейді.

- Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? — дегендерге:

- Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, — деп жауап берген.

4. «Екі дос» аңыз әңгімесі

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың көптеген қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол — өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, — дейді.

Қолбасы ойланып отырып оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды, — дейді.

- Ол не? — дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, — дейді қолбасы, — екі көзіңді ойып аламын.

- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да досымды босат, — дейді. Жігіт бұл сыннан өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, соқыр күйінде қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» деп ой түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген.

5. Пікірталас. Жоғарыда айтылған әңгімелерді талдап, оқушылар өз ойларын ортаға салып пікір таластырады.

6. Қорытындылау.

Мұғалім: Ал енді балалар дос, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

/Балалар мақал-мәтелдер айтады/

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі біздің өткізген «Дос бола білу де өнер» атты тәрбиелік шарамызды аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности