link1080 link1081 link1082 link1083 link1084 link1085 link1086 link1087 link1088 link1089 link1090 link1091 link1092 link1093 link1094 link1095 link1096 link1097 link1098 link1099 link1100 link1101 link1102 link1103 link1104 link1105 link1106 link1107 link1108 link1109 link1110 link1111 link1112 link1113 link1114 link1115 link1116 link1117 link1118 link1119 link1120 link1121 link1122 link1123 link1124 link1125 link1126 link1127 link1128 link1129 link1130 link1131 link1132 link1133 link1134 link1135 link1136 link1137 link1138 link1139 link1140 link1141 link1142 link1143 link1144 link1145 link1146 link1147 link1148 link1149 link1150 link1151 link1152 link1153 link1154 link1155 link1156 link1157 link1158 link1159 link1160 link1161 link1162 link1163 link1164 link1165 link1166 link1167 link1168 link1169 link1170 link1171 link1172 link1173 link1174 link1175 link1176 link1177 link1178 link1179 link1180 link1181 link1182 link1183 link1184 link1185 link1186 link1187 link1188 link1189 link1190 link1191 link1192 link1193 link1194 link1195 link1196 link1197 link1198 link1199
Nazar Bazarov
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:не указан
Бейнелеу өнерінен баяндаманың тақырыбы: "Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу және олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бейнелеу өнері пәнінің қосар үлесі."

“Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу және олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бейнелеу өнері пәнінің қосар үлесі.”

І. Сапалы сабақ — басты мақсат.
ІІ. Үйірменің үйретері көп.
ІІІ. Мұғалім зертханасы.
ІV. ҚР 2014 жылғы бастауыш білім берудің мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жаңартылған мазмұны(жоба).

Қазіргі таңда жеке тұлғаға бағытталған сабақ– бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, сондай-ақ оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәрбиесін үнемі назарға ұстауы. Заман талабы қоғамымызда рухани бай, терең білімді, көнеден келе жатқан асыл қазыналарды бағалап, оны әлем мәдениеті деңгейіне көтеретін, халық мұратын дамытатын, шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелеп шығаратын оқу-әдістемелік кешеннің болуы.

Танымдық белсенділік — жас ұрпақтың оқуға, өнерді тани білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Баланың оқып-үйренуіне негізгі түрткінің бірі — қызығу. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілген білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты өнер-білімнің сатыларын үйрету керек. Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін білім мен білігіне сай келетін оқыту бағдарламасын таңдай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек.

Мұғалімнің негізгі мақсаты — өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдылық әрекет әдістері мен дағдыларын меңгерту, ақыл-ой қабілетін жетілдіру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу керек.

üөнер-білімнің арнайы ерекшеліктерін ескеру;
üжас ұрпақтың өнер-білімге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту;
üоқыту барысында жүйелілік пен бірізділікті ұстану;
üоқушының жас ерекшеліктерін ескеру;
üимандылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру;
üполитехникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру.

Сабақ жоспарының құрылымы дәстүрлі үш функцияға байланысты оқу мақсатына негізделеді:

üбарлық оқушылар біледі, орындайды,
üоқушылардың басым көпшілігі орындайды,

üкейбір оқушылар орындайды.

Қазақтың тарихи көркем өнерін жақсы білетін және жаңа заман талабына сай жаңа технологияларды меңгерген, әрі жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеп шығару бейнелеу өнері пәні мұғалімдерінің негізгі міндеті болып табылады. Бұл орайда үйірме жұмыстарының алатын орны ерекше. Осы үйірме сабақтарының міндеттері негізінен: оқушы бойындағы кәсіптік білімді қалыптастыру, біліктілік пен танымды, еңбекке деген сүйіспеншілік пен қарым-қатынасты тәрбиелеу, саналы түрдегі еңбек тәртіптерін сақтау, үнемділік пен еңбек өнімділігіне жетуді үйрету, шығармашылық белсенділікті арттыру, конструкциялық ой-өрісін дамыту болып табылады.

üҮйірме сағаттарының тиімді өтуі мұғалімнің материалды-техникалық даярлығымен қоса әдіскерлік жағдайдағы сапалы даяллығы өте маңызды.
üҮйірме сабақтарының сапалы өтуінің тағы бір кепілі — ол жетекші мұғалімнің жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы.
üҮлкен көңіл бөлетін тағы бір жағдайдың бірі — оқушының жұмыс орнының ұйымдастырылуы.

Әр мұғалім өзінің пәні бойынша оқушылардың бойына білім нәрін сіңіру үшін үнемі ізденісте болуы — қазіргі өмір талабының басты міндеті. Бұл орайда мұғалім зертханасының алатын орны ерекше. Мұғалім зертханасын мынадай топтарға жіктеуге болады:

1.Мұғалімнің жеке кітапханасы әр түрлі әдеби және саяси оқулықтар, әдістемелік оқулықтар мен газет-журналдар, жаңа оқу бағдарламалары мен пән оқулықтарынан тұрады және заман талабына сай электрондық оқулықтар, аудио және бейнежазбалар мен ақпараттық сайттар тізімін қамтиды.
2.Сабақтың көрнекілігін арттыру үшін — карточкалар, картотекалар плакаттар, дидактикалық материалдар, қолдан жасалған көрнекіліктер т.б. көрнекілік элементтері болу керек.
3.Техникалық және ақпараттық оқыту құралдары — компьютер, интерактивтік тақта, мультимедиалық құрылғылар, техникалық құрал-жабдықтары(DVD player, бейне магнитафон, теледидар, камералар т.б.) оқыту құралдарын қамтиды.
Қалған материалды суреттерімен жүктеу кезінде аласыз
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности