link2592 link2593 link2594 link2595 link2596 link2597 link2598 link2599 link2600 link2601 link2602 link2603 link2604 link2605 link2606 link2607 link2608 link2609 link2610 link2611 link2612 link2613 link2614 link2615 link2616 link2617 link2618 link2619 link2620 link2621 link2622 link2623 link2624 link2625 link2626 link2627 link2628 link2629 link2630 link2631 link2632 link2633 link2634 link2635 link2636 link2637 link2638 link2639 link2640 link2641 link2642 link2643 link2644 link2645 link2646 link2647 link2648 link2649 link2650 link2651 link2652 link2653 link2654 link2655 link2656 link2657 link2658 link2659 link2660 link2661 link2662 link2663 link2664 link2665 link2666 link2667 link2668 link2669 link2670 link2671 link2672 link2673 link2674 link2675 link2676 link2677 link2678 link2679 link2680 link2681 link2682 link2683 link2684 link2685 link2686 link2687 link2688 link2689 link2690 link2691 link2692 link2693 link2694 link2695 link2696 link2697 link2698 link2699 link2700 link2701 link2702 link2703 link2704 link2705 link2706 link2707 link2708 link2709 link2710 link2711 link2712 link2713 link2714 link2715 link2716 link2717 link2718 link2719 link2720 link2721 link2722 link2723 link2724 link2725 link2726 link2727 link2728 link2729 link2730 link2731 link2732 link2733 link2734 link2735
Каримбаева Айнур Турановна
Должность:преподаватель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:город Астана
Оқыту технологиясы "ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ"

ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңа табылатын өнер», - деп тәлімгер-ғалым Ж.Аймауытов көрсеткендей, пәннің пәрменділігін арттыруда мұғалімнің рөлі зор.

Оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы тақырыпты жеке меңгерту — әр мұғалімнің басты міндеті. Мұнда тек мұғалімнің біліктілігі мен қабілеті, дарындылығы мен тапқырлығы ғана ескеріліп қоймай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялар тереңдігіне ден салу керек.

Қазіргі таңда қолданылатын әдістер мен технологиялар оқушының жан-жақты дамып, пәнді терең түсінуіне ықпал етеді. Ал, оқытудың ақпараттық технологиясы — заман талабы. Жалпы алғанда, оқытудың ақпараттық технологиясы — бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) болып табылады.

Оқытудың ақпараттық технологиясы — білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.

Оқытудың ақпарттық технологиясын қолдану пәнді жеңіл түсіндіріп қана қоймай, оқушылардың білімді игеруін жетілдіруге қол жеткіземіз.

Әрбір топта шетел тілі пәнінің оқытылуын жетілдіру, оқыту әдісінің тиімділігін арттыру, тілді үйренуге қызығушылығын ояту — әрбір сабаққа қойылатын мақсат. Сол себепті, оқыту үрдісінде оқытудың ақпараттық технологиясының алатын орыны ерекше. Шетел тілінде оқытудың ақпараттық технологиясын қолданудың артықшылықтары мынадай:

1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

3. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

4. Бейне материалдарды көрсете отырып, оқушылардың көре отырып есте сақтауларын дамыту.

5. Дыбыстық жазбалар арқылы шетел тілінде сөйлеу мәнерін, дыбыстардың шығарылуының нақтылығын қалыптастыру.

Оқыту құралдарының бірі — электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі — пәндік білім, екіншісі — компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есіне жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады.

Шетел тілі пәнінде оқытудың ақпараттық технологиясын қолданудың негізгі мақсаттары:

1. ақпараттық технологиясын қолдану арқылы оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру;

2. оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;

3. коммуникативтік қабілеттерді дамыту.

Компьютерді білу, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу, презентациялар, электронды кітаптар, сабақта оқу фильмдерін көру, ғаламтор желілерін пайдалану сабақтың нәтижелілігін көтереді және оқытылып отырған пәнге қызығушылықты арттырады.

Интерактивті тақтаны пайдалану:

üИнтерактивті тақта — басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда; бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі — түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.

üСлайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.

üСабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

üAktiv Wand указкасының көмегімен тышқанның қызметін атқару және кішкентайларға да тақтаның жоғарғы бөлігіне қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз — мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі — жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, білімділер қатары көбейері анық.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

3.«Әдіскер мұғалім» журналы №4, 2009

4. Bilimdiler.kz - білім порталы

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности