link13734 link13735 link13736 link13737 link13738 link13739 link13740 link13741 link13742 link13743 link13744 link13745 link13746 link13747 link13748 link13749 link13750 link13751 link13752 link13753 link13754 link13755 link13756 link13757 link13758 link13759 link13760 link13761 link13762 link13763 link13764 link13765 link13766 link13767 link13768 link13769 link13770 link13771 link13772 link13773 link13774 link13775 link13776 link13777 link13778 link13779 link13780 link13781 link13782 link13783 link13784 link13785 link13786 link13787 link13788 link13789 link13790 link13791 link13792 link13793 link13794 link13795 link13796 link13797 link13798 link13799 link13800 link13801 link13802 link13803 link13804 link13805 link13806 link13807 link13808 link13809 link13810 link13811 link13812 link13813 link13814 link13815 link13816 link13817 link13818 link13819 link13820 link13821 link13822 link13823 link13824 link13825 link13826 link13827 link13828 link13829 link13830 link13831 link13832 link13833 link13834 link13835 link13836 link13837 link13838 link13839 link13840 link13841 link13842 link13843 link13844 link13845 link13846 link13847 link13848 link13849 link13850 link13851 link13852 link13853 link13854 link13855 link13856 link13857 link13858 link13859
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Тұздар гидролизі

Қазақстан Республикасы,Шымкент қаласы

Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-гимназиясының

Химия пәні мұғалімі

Ташметова Хакима

Жалпы мақсат:

Білімділік : тұздар гидролизі туралы түсінік бере отырып, реакцияның молекулалық, толық және қысқарған иондық теңдеулерді жазуға меңгерту.

Дамытушылық: әртүрлі тұздар ертіндісінің ортасын анықтай отырып проблемалық жағдайларды шешуге үйрету.Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Тақырыпқа сай тесттерді шешудің тиімді жолдарын қолдану Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.
Тәрбиелік: Өзбетімен жұмыс істей білуге, топта өзін және өзгені сыйлай білу сезімін қалыптастыру, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білік пен дағдыны жүйелеу,жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі сұрақ- жауап, ой- толғаныс.
Сабақтың көрнекіліктері:1. Интерактивтік тақта,«Тұздар гидролизі» презентация

Күтілетін нәтиже:1.Тұздар гидролизі туралы түсініктері қалыптасады.

2. Гидролиз теңдеулерін құра алады,ерітінділерін ортасын

болжап айтады.

3. Өз бетінше тапсырманы орындайды.

4. Сұрақ қоя біледі.

5. Топпен жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы;

І Ұйымдастыру. 1-2 минут Психологиялық дайындық.

Келісім шарт қабылдау.

v Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

v Бір — бірімізді тыңдаймыз;

v Бір ғана адам сөйлейді;

v Өз ойларымызбен бөлісеміз;

v Бос сұрақтар болмайды;

v Уақытты үнемді пайдаланамыз.

І І .Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Тұздарды табиғатына қарай 4 топқа бөлінеді

  1. Топ: Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар
  2. Топ: Әлсіз негіз бен күштi қышқылдан түзілген тұздар
  3. Топ: Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар
  4. Топ : Әлсіз негіз мен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар

І І І.Мағынаны тану «Ой шақыру»

Әр ұжымға тапсырмалар беріледі. Кім? Не? Қашан? Қалай? Не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.

Тақтаға күшті қышқыл, күшті негіз, әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдардың формулаларын жазу.Тақырыпты алдын-ала бөліктерге бөлу. Оқушылар әр бөлікті оқығаннан кейін сұрақтар қою.

1. Қандай ерітіндіні бейтарап ерітінді дейміз?

2. Сілтілік ерітіндіде қандай иондар артық болады?

3. Сутек иондары артық болса, қандай ерітінді болады?

4. Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздар гидролизі кезінде ерітіндіде қандай иондар жиналады және орта қандай болады?

5. Тұздар гидролизі деген не?

6. Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар гидролизінде қандай иондар артық жиналады және орта қандай болады?

7. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролиздену процесі қалай жүреді?

Жұмыстың теориялық негізі Гидролиз деп тұз иондары мен су иондарының арасындағы реакцияны айтады. Реакция нәтижесiнде әлсiз электролиттер түзiледі және ерітiндi ортасының рН өзгереді.

1-топ.I-жағдай. Күштi негiзден және әлсiз қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсiз қышқылдың анионы арқылы жүредi:

СО32- + НОН НСО-3 + ОН-

Na2CO3 + HOH NaHCO3 + NaOH яғни pH > 7.

2-топ. II-жағдай. Әлсiз негiзден және күштi қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi әлсіз негіздің катионы арқылы жүредi:

АI3+ + НОН АIОН2+ + Н+

АIСI3 + НОН АIОНСI2 + НСI яғни pH < 7.

3-топ. III-жағдай. Әлсiз қышқылдан және әлсiз негiзден түзiлген тұздың гидролизi катион және анион арқылы жүреді.

+4 + СН3СОО- + НОН NН4ОН + СН3СООН

4СН3СОО + НОН NН4ОН + СН3СООН яғни pH 7.

4-топ. IV-жағдай. Әлсiз негiзден және әлсiз қышқылдан түзiлген тұздың гидролизi бiр саты бойынша жүретін қайтымсыз процес, егер реакция нәтижесiнде түзiлген заттың бiрi газ күйiнде болса:

АI2S3 + 6HOH 2AI(OH)3 + 3H2S яғни pH 7.

Бiрнешетұздардыңбіргегидролизінәтижесiндесудаерімейтiннемесесудакездеспейтiнқосылыстартүзiледi.

АI2(SО4)3 + 3Nа2СО3 + 6HOH = 2АI(ОН)3 + 3Н2СО3 + 3Nа24

2АI3+ + 3СО32- + 6НОН = 2АI(ОН)3 + 3Н2СО3 яғни pH

Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы — NaNO3 Натрий нитратының суда еруін алайық:

МТ. NaNO3 + H2O → NaOH + HNO3 ТИТ. Na+ + NO3- + HOH→ Na+ + OH- + H+ + NO3-

ҚИТ. HOH→ H+ + OH- [ OH- ] = [ H+]

Мұнда H+ және OH- иондары концентрациясы бірдей, сондықтан ерітінді ортасы бейтарап қасиет көрсетеді. Қорытынды: Бұл типтегі тұздар гидролизге ұшырамайды.

IV. Ой қозғау

Әр топқа тұздардың гидролиз теңдеулерін жаздыру

  1. Ой толғаныс Әр топқа бірнеше тұз ерітінділері беріліп, оларды анықтау тапсырылады.

4 пробиркаға 5-6 мл дистильденген су құйып, 2-6 кристалдан мына тұздарды салыңдар да, ерітіңдер: 1-ге натрий ацетатын, 2-ге натрий силикатын, 3-ге күміс нитратын, 4-ге алюминий сульфатын. Бірінші және үшінші пробиркадағы ерітінділердің рН-ын универсал индикатор қағазымен, екінші пробирканы фенолфталеинмен, төртінші пробирканы метилоранжбен тексеріңдер. Сосын бірінші пробиркаға 1-2 тамшы фенолфталеин, ал үшінші пробиркаға 1-2 тамшы метилоранж тамызыңдар. Бірінші және үшінші пробиркаларда ерітінділер түсі өзгереді ме? Көрген құбылыстарыңды жазып түсіндіріңдер. Алынған тұздардың гидролиз реакцияларының теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.

.ҰБТ — дегі гидролизге берілген тесттерді орындау

1.32г Кальций карбиді жұмсалған болса, гидролиз нәтижесінде түзілген 36,4г ацетальдегидтің шығымы:

2.Гидролизге ұшырамайтын заттың формуласы: Спирт; глюкоза; альдегид; фенол; сахароза.

3.Өзгерістердегі гидролиз реакциясы нәтижесінде түзілген заттың аталуы: CH4→C2H2→C2H4→X→ A.

4.Индикатордың түсін өзгертпейтін тұз: MgSO4, Na2S, KCl, K3PO4, Cu(NO3)2

5.Темір (ІІ) хоридінің гидролизінің 2 сатысының толық иондық теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы:

6.Егер шығымы 75% болса, 1620г крахмалды гидролиздегенде түзілген глюкозаның спирттік ашуынан алынған этанолдың массасы:

  1. 300г. 10%- тік глюкоза ерітіндісін әзірлеу үшін гидролизденетін сахарозаның массасы:

VІІ. Қорытынды:

Әр топ тұздар гидролізінің адам өміріндегі ,ауыл шаруашылығындағы, табиғаттағы,тұрмыстағы маңызы туралы түсінік беру.

1-топ. Адам өміріндегі 3-топ. Табиғаттағы

2-топ . Ауыл шаруашылығындағы 4-топ. Тұрмыстағы

Гидролиз процесінің адам өмірінде және тіршілігінде маңызы көп.Мысалы: өнеркәсіпте — целлюлозаның гидролизі нәтижесінде: ашытқы, глюкоза, техникалық спирт, скипидар, фурфурол т.б алынады;Ауылшаруашылығында — топырақтың химиялық өңделуі, мал азықтарының өңделуі т.б.Табиғатта — тұздардың су арқылы шайылуы, тау жыныстарының ыдырауы т.б.Тірі организмде — майлардың, көмірсулардың, ақуыздардың қорытылуы;Тұрмыста — тұз гидролизін суды тазартуда, судың кермектігін азайтуда кеңінен пайдаланылады.Қорыта келгенде, гидролиз табиғатта кең таралған және адам тіршілігінде зор маңызы бар процестердің бірі болғандықтан мектепте гидролиз тақырыбын оқыту оқушының ғылыми және сарамандық әзірлігін күшейту негізгі мәселелердің бірі деп есептеймін.

VІІІ. Бағалау Бағалау шкаласы:

20 -25 — «5»

15-19- «4»

8– 15 - «3»

1-7 - «2»

IX. Үйге тапсырма беру:2010-2014 жылдардағы тақырыпқа сай тесттерді шешу

X.Рефлексия.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности