Сабақ жоспары
Күні:
Сынып: 3 «г»
Мұғалімі: Хасенова М.М.
Тақырыбы: Спорт. Нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды өткен тақырып бойынша игерілген білімдерін еске түсіру, жинақтау ,пысықтау.
2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: спортқа,денсаулыққа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Әдіс — тәсілдер: сұрақ-жауап, ойландыру, іздендіру, әңгімелеу, ойын, қайталату, аударма.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, спорт құралдары.
Инновациялық технология түрі: Ойын технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек.
Қанеки балалар келген қонақтарымызбен амандасып алайық.
Олай болса мен сендерге сәттілік тілеймін.
Сабағымызды бастамас бұрын қанеки балалар топ тарға бөлінейік.
Тіл дамыту кезеңі
Қазір қай жыл мезгілі?
Бүгін ауа райы қандай?
Көктем айларын ата:
Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін сендерде неше сабақ?
Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Өздеріне ұнайтын спортшылар туралы шағын мәлімет беру.
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрайық. Үй тапсырмасын сұрап, дәптерлерін тексеріп шығып, күнделіктеріне бағаларды қоямын.
ІІІ. Нәтиже сабақ: Балалар бізге Сочи олимпиадасының спортшылары бізге хат жазып жіберіпті жәнеде сыйлық беріп жіберген екен.Қанеки балалар хатты алып оқиықшы не деп жазған екен спортшылар бізге? Сендерге қызықты ма? Ашамыз ба бұл хатты? Хатта Балалар, барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін ғана сендердің қораптарын ашылады.
Балалар енді мұқият қарандаршы сендердің үстелдеріннің үстінде не жатыр?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Неліктен олай ойлайсыңдар?
Екі топқа бөлінген соң біздің сабағымыздың түрі қандай болады деп ойлайсыңдар?
Мақсатымыз: Бір бірімізге сұрақ қойып сызба арқылы сөйлемдерді аяқтап сөйлеу, сурет бойынша сөйлеу, сұрақтарға жауап береміз, қазақшадан орысшаға аударамыз.
Балалар, сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер? Ал енді қандай спортшыларды білесіңдер? Өте жақсы спорт түрлері және спортшыларды біледі екенсіңдер, енді біз сол білімдерімізді қорытындылап, келесі тапсырмаларды орындайық.
Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазайық.
ІY. Тапсырмалармен жұмыс.
1- Топ.
1-тапсырма. Сөздерді тәуелде:
Доп, шаңғы, шана, есік.
1 жақ. Менің добым шаңғым
2 жақ. Сенің добың шаңғың
Сіздің добыңыз шаңғыңыз
3 жақ. Оның добы шаңғысы
2- Топ. Сөздерді жікте.
Спортшы, суретші, оқушы
1жақ. Мен спортшымын
2 жақ Сен спортшысың
Сіз спортшысыз
3жақ. Ол спортшы.
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
Абылай бос уақытын пайдалы өткізеді. Бос уақытта спортпен айналысады. Қыста шаңғымен сырғанайды, коньки тебеді. Жазда футбол, волейбол ойнайды. Ол спорт үйірмесінде жүгіреді, секіреді, жаттығады.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Орыс тіліне аудару.
Қысқаша мазмұнын айту.
1 топ. Кім? Не? Деген сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.
2 топ. Не істейді? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді табады.
Сергіту сәті
Денені тік ұстаймыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Қолды алға созамыз,
Төбемізге қоямыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Спортты серік ете біл,
Салауатты өмір сүр!
3- Сөйлем құрастыру.
1топ. Баскетбол , алтын.
1. Баскетбол ойыны
2. Мен баскетбол ойнаймын.
3. Біз сабақта баскетбол ойнаймыз.
2 топ.
Спорт , күрес сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
4- Тапсырма. Диалог құрастыру.
- Сәлем, Мәдина.
- Сәлем, Вова.
- Қайда барасың?
- Стадионға барамын.
- Мынау не?
- Бұл — доп.
- Кімнің добы?
- Менің добым.
- Ол қандай доп?
- Ол — футбол ойнайтын доп.
- Бұл үлкен доп па?
- Иә, үлкен доп.
Ойын.
Ойын шарты:1 оқушы шығып, спорт түрлерін қимыл арқылы көрсетеді. Отырған оқушылар оның қай спорт түрлерін көрсетіп тұрғанын табулары керек.
IY. Сабақты бекіту кезеңі.
Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
Сен қандай спорт түрімен шұғылданасың?
Спорт денсаулыққа пайдалы ма?
Y. Сабақты қорытындылау.
Балалар енді сыйлықты ашып көрейік, спортшылардың барлық тапсырмаларын орындап болдық, ашылады ма екен біздің сыйлығымыз көрейік.
Сендерге сабақ ұнады ма?
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалап күнделіктеріне бағаларын қойып беремін. Жақсы оқушыны мадақтаймын. Алған бағаларын хабарлап айтамын.
YI. Үй тапсырмасын беру: «Мен чемпион болғым келеді» тақырыбына шығарма жазу