link3480 link3481 link3482 link3483 link3484 link3485 link3486 link3487 link3488 link3489 link3490 link3491 link3492 link3493 link3494 link3495 link3496 link3497 link3498 link3499 link3500 link3501 link3502 link3503 link3504 link3505 link3506 link3507 link3508 link3509 link3510 link3511 link3512 link3513 link3514 link3515 link3516 link3517 link3518 link3519 link3520 link3521 link3522 link3523 link3524 link3525 link3526 link3527 link3528 link3529 link3530 link3531 link3532 link3533 link3534 link3535 link3536 link3537 link3538 link3539 link3540 link3541 link3542 link3543 link3544 link3545 link3546 link3547 link3548 link3549 link3550 link3551 link3552 link3553 link3554 link3555 link3556 link3557 link3558 link3559 link3560 link3561 link3562 link3563 link3564 link3565 link3566 link3567 link3568 link3569 link3570 link3571 link3572 link3573 link3574 link3575 link3576 link3577 link3578 link3579 link3580 link3581 link3582 link3583 link3584 link3585 link3586 link3587 link3588 link3589 link3590 link3591 link3592 link3593 link3594 link3595 link3596 link3597 link3598 link3599
Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Қазақстан
Регион:не указан
"Білім теңізінлдегі саяхат" кластан тыс шара

5-класс. Тәрбие сағаты

«Жол ережесін жадыңда ұста!»

Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы

Ақтөбе облыстық араулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған

балалар мектеп-интернаты

Мақсаты: а) білімділік: Жолда жүру ережелерін пысықтау;

ә) тәрбиелік: оқушылардың жол ережелері туралы білімдерін пысықтау, қоршаған ортаға бейімдеу;

б) дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, есту қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын байыту; шығармашылық қабілеттерін шыңдау,

в)коррекциялық: сөздерді анық айтуға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: Балалардың салған суреттері, көшеде, жол бойында түсірілген фотосуреттер, машина, ақ жолақ жол, бейнетаспа, үнтаспа.

Өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу.

ІІ. Тіл жаттығуы. Жұмбақты шешейік. (оқушыларға оқыту)

Жоқ өзінде бас та, ауыз, құлақ та,

Бақырайған үш көз бар бірақ та.

- Жұмбақтың шешуі не?

- Жұмбақтың шешуі — бағдаршам.

- Бағдаршамды қайдан көрдіңдер?

- Бағдаршамды көшеден, жол бойынан көрдік.

- Бағдаршамның қай түсі жанғанда өту керек?

- Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өту керек.

- Суретке қараймыз. Сендер қай жолдан қалай өтіп келесіңдер?

- Біз жолдан жаяу адамдарға арналған жолмен өтіп келеміз.

III. Бейнетаспамен жұмыс.

- Нені көріп тұрсың?

- Көшедегі бағдаршамды, адамдарды.

- Жаяу адамдар неге тұр?

- Себебі, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұр.

- Қазір бағдаршамның қандай түсі жанды?

- Қазір бағдаршамның жасыл түсі жанды.

- Енді жаяу адамдар не істейді?

- Енді жаяу адамдар жолдан өтеді.

IV. Сендер жол ережелерін үйренген сияқтысыңдар. Қазір жол ережесіне байланысты көріністерді тамашалаймыз.

1) Музыка ойналып, көліктер жүре бастайды. Жолға Балым мен Ерлан келеді.

Балым: Бағдаршамның жасыл түсі жанды, жүр, жолдан өтейік.

Ерлан: Дұрыс айтасың, Балым, жасыл түсте өтуге болады.

(Екеуі жолдан өтіп кетеді)

Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Машина жүреді. Ақсәуле (анасы) Нұржанды (баласын) ертіп жолға келеді. Бала жолдан өтпек болады. Анасы тоқтатады.

- Балам, қызыл түсте өтуге болмайды. Жасыл түс жанғанша күту керек. Есіңде болсын!

- Енді есіме сақтаймын. Жасыл түс жанғанша күтемін.

Бағдаршамның жасыл түсі жанады.

Баласы: Енді өтуге бола ма?

Анасы: Әрине, жасыл түс жанса, өтуге болады.

VI. Жағдаятты шешу.

1) Ерлан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға қарай домалап кетеді. Машиналар сигналы естіледі. Ерлан добын тастай қашады. Ерланның әрекеті дұрыс па?

2) Бейнекөріністегі жағдаятты шешу. Бағдаршамсыз көшеден 2 бала өтпек болды. Бірі жолдан жан-жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өте шықты. Екіншісі алдымен сол жағына, көшенің ортасына барған соң, оң жағына қарап өтті. Кімнің әрекеті дұрыс?

VIІ. Қорытынды.

Балалар, бізге бүгін МАИ қызметкері қонаққа келіпті. Қарсы алайық. (МАИ қызметкерінің киімін киген оқушы кіреді).

- Сәлеметсіз бе?

- Амансыңдар ма, балалар! Менің кім екенімді білетін боларсыңдар?

- Әрине, білеміз. Сіз - Мемлекеттік автоинспекция қызметкерісіз.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл - Мемлекеттік автоинспекция қызметкері, ол жол ережелерінің орындалуын қадағалайтын адам. Қоятын сұрақтарың бар ма?

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтуге болады?

- Бағдаршам жоқ көшеден өтерде, көліктер өтіп кеткенше күт. Алдымен, жолдың ортасына дейін сол жағыңа, сосын оң жағыңа қара! (оқушыларға көрсетеді, оқушылар қайталайды).

- Ұзын көше бойымен қалай жүру керек?

- Ұзын көшенің бойында көшенің сол жақ жиегімен машинаға қарама-қарсы бағытта жүру керек. (көрсетеді)

- Жауабыңызға рахмет!

- Балалар, енді сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Жол ережесіне байланысты қандай ережелерді білесіңдер?

- Жолдың жиегінде ойнауға болмайды!

- Тек жаяу адамдарға арналған ақ жолақ арқылы өту керек!

- Бағдаршамсыз жағдайда жолдың ортасына дейін сол жағыңа, сосын оң жағыңа қара!

- Ұзын көшенің бойында көшенің сол жақ жиегімен машинаға қарама-қарсы бағытта жүру керек

- Балалар, жол ережесін сақтаңдар! Аман жүріңдер! Қазір барлығымыз ән айтайық! «Әрқашан жолың болсын!» әні.

Көңіліміз күндей күліп,

Жүректерде гүлдейді үміт.

Өмір сүру мүмкін емес

Жол тәртібін білмей тұрып.

Әрқашан жолың болсын!

Жаныңа шаттық толсын!

Қасыңда болсын анаң,

Болайық біз де аман.

Балғын жаспыз, жас ұланбыз,

Гүл боп жаңа ашылғанбыз.

Жол тәртібін есте сақтап,

Болашаққа асығамыз!

VIІІ. Аяқтау.

Балалар, сендерге айтылған және өздерің көрген ережелерді үнемі естен шығармаңдар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности