link2583 link2584 link2585 link2586 link2587 link2588 link2589 link2590 link2591 link2592 link2593 link2594 link2595 link2596 link2597 link2598 link2599 link2600 link2601 link2602 link2603 link2604 link2605 link2606 link2607 link2608 link2609 link2610 link2611 link2612 link2613 link2614 link2615 link2616 link2617 link2618 link2619 link2620 link2621 link2622 link2623 link2624 link2625 link2626 link2627 link2628 link2629 link2630 link2631 link2632 link2633 link2634 link2635 link2636 link2637 link2638 link2639 link2640 link2641 link2642 link2643 link2644 link2645 link2646 link2647 link2648 link2649 link2650 link2651 link2652 link2653 link2654 link2655 link2656 link2657 link2658 link2659 link2660 link2661 link2662 link2663 link2664 link2665 link2666 link2667 link2668 link2669 link2670 link2671 link2672 link2673 link2674 link2675 link2676 link2677 link2678 link2679 link2680 link2681 link2682 link2683 link2684 link2685 link2686 link2687 link2688 link2689 link2690 link2691 link2692 link2693 link2694 link2695 link2696 link2697 link2698 link2699 link2700 link2701 link2702 link2703 link2704 link2705
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Саз әлемі

Год: 2012

Страна: Казахстан


Қызылорда облысы ,Қазалы ауданы ,
Басықара ауылы,№ 182 школа ,старшая вожатая

Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна

«Саз әлемі» жобасы

Мақсаты:Оқушылардың әнге деген қызығушылығын арттыру, әншілік қабілетін, актерлік өнерін,хареографиялық талаңтың сынау. Өнерге біртабан жақындату.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым!

2-жүргізуші: Қадірменді «көкірегінің көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар және оқушылар! Баршаңызға бүгінгі «Саз әлемі» жобасына қош келдіңіздер демекпін.

1-жүргізуші: Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті- әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.

2-жүргізуші: «Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз.

1-жүргізуші:Әдетте әнші атанып жүргендердің екі тобы бар. Біріншісі нағыз әнші болып туылғандар. Олар санасы мен бүкіл жан дүниесі шамырқанып, асып-тасып, яғни шабыт арғымағы атойлап ән шырқағанда, көрерменді селт еткізіп, жетегіне алып жүре береді.

2-жүргізуші: Ал екіншілері, өзінің даусы жоқ бола тұра, әнге , өнерге деген құштарлығымен өзін бас-көзге қарамай қамшылап жүргендер.

1-жүргізуші: «Болар адам- бала шағынан». Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол- сахна. №182 мектепте 8-11 сыныптар аралығында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Саз әлемі» жобасы оқушылардың сабақтан тыс бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп отыр.

2-жүргізуші: Шараның мақсаты- Әнсүйер аға буын мен талантты жас әншілер арасындағы сабақтастықты нығайту, жас әншілерді таныстыру, жалпы ән әлеміне саяхат жасау.

1-жүргізуші:Сонымен бүгінгі кешіміздіашу үшінсөз кезегін мектебіміздің

Директоры Сейсенов Ғалымбек ағайға сөз береміз.

2-жүргізуші: Құрметті жиналған қауым бүгінгі «Саз әлемі» жобасының қатысушыларымен таныстырып өтсем.

  1. 1. 11-сынып оқушысы Сілтеу Ислам
  2. 2. 10-сынып оқушысы Сейділдә Жұлдыз
  3. 3. 10-сынып оқушысы Ақмырза Асем
  4. 4. 8-сынып оқушысы Алмас Мақсат
  5. 5. 9-сынып оқушысы Жүсіпова Назым
  6. 6. 11-сынып оқушысы Құрманәлі Жеңісбек
  7. 7. 10-сынып оқушысы Піралі Раушан
  8. 8. 9-сынып оқушысы Жұматай Тұрсынай
  9. 9. 9-сынып оқушысы Жұбайдолла Жарбол
  10. 10. 9-сынып оқушысы Жеткербай Гүлзат

1-жүргізуші: Қатысушыларымызды сахна сыртына шығарып салайық!

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін, әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтсем:

  1. 1. Тәрбие ісінің меңгерушісі Баспаев Алып ағай
  2. 2. Бастауыш бірлестік жетекшісі Мырзатаева Жаңыл апай
  3. 3. Ән-әуез пәнінің мұғалімі Ағыбаева Индира апай

1-жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Саз әлемі» жобасының сарапшыларымен таныстырып өтсем:

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сүйінтай Сұлушаш апай

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Баймағанбетова Жанар апай

10-сынып оқушысы Сәду Айдана

11-сынып оқушысы Әбиболла Азамат

2-жүргізуші:
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәрінізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,-дей келе сахнаға номері 1-ші талапкерімізСілтеу Исламды шақырамыз.

1-жүргізуші: Қол соғып қошеметпен қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Бүгінгі Саз әлемі сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады-сахнада 2-ші номерлі талапкеріміз

Сейділда Жұлдызды ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың .
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың-дей келе 3-ші номерлі әнші қызымыз

Ақмырза Асемді қарсы алайық.

2-жүргізуші: Айтса әні алыс шыңға жететін,

Шақырайық Мақсатты ән мен жырды шертетін.Сахнада 4-ші номерлі әншіміз Алмас Мақсатты қарсы алайық.

1-жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен.
Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі талапкеріміз 5-ші номерлі Жүсіпова Назымды ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл — қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз — дей отырып, келесі 6-шы номерлі талапкерімізді Құрманәлі Жеңісбекті ортаға шақырамыз. Қошемет.

1-жүргізуші: Музыка-ырғақ,нәзік әуен,асқақ үн.
Музыка-өзен,дала,аспан үн.
Ғұмыры жоқ ырғақтардан басқаның!
Кәне,әншілер,бас әуенге,қос әнге,
Шырқат биік тіршіліктің дастанын.-деп жеткізеді ақын апамыз Фариза Оңғарсынова музыка өнеріне деген махаббатын. Сонымен 7-ші номерлі әншіміз Пірәлі Раушанды қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Қазылар алқасының пікірін тыңдап көрелік.

2-жүргізуші: : Біздерде ән кешіміз жалғасады,

Тамаша күй тартылып,ән салады.

Қошеметтеп,қол соғып отыралық,

Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды-

дей келе ортаға келесі 8-номерлі әншіміз Жұматай Тұрсынайды Ортаға шақырамыз.

Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Сөз кезегі қазыларда.

1-жүргізуші: Шық аруым жарысқа,

Бір-бірінен қалыспа.

Өнерінді байқасын,

Мына отырған халықта- демекші бүгінгі сайысымыздың 9- номерлі әншісі Жеткербай Гүлзатты қарсы алайық.Қошемет.

1-жүргізуші: Қазылар алқасымен сарапшыларымызға кезек берелік.

2-жүргізуші: : Құлақтан кіріп,бойды алар

Жақсы әнмен, тәтті күй.

Көнілге түрткі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй — дей келе енді сайысымыздың соңғы номерлі талапкерін Жұбайдолла Жарболды ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп отырайық.

1-жүргізуші: Сөз кезегін қазылар алқасына берелік.

2-жүргізуші: Қазылар алқасы қорытынды шығарам дегенше тамаша әнге кезек берейік.

1-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін қазылар алқасына берсек.

Скачать урок

Скачать файл: saz-lem.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности