link5520 link5521 link5522 link5523 link5524 link5525 link5526 link5527 link5528 link5529 link5530 link5531 link5532 link5533 link5534 link5535 link5536 link5537 link5538 link5539 link5540 link5541 link5542 link5543 link5544 link5545 link5546 link5547 link5548 link5549 link5550 link5551 link5552 link5553 link5554 link5555 link5556 link5557 link5558 link5559 link5560 link5561 link5562 link5563 link5564 link5565 link5566 link5567 link5568 link5569 link5570 link5571 link5572 link5573 link5574 link5575 link5576 link5577 link5578 link5579 link5580 link5581 link5582 link5583 link5584 link5585 link5586 link5587 link5588 link5589 link5590 link5591 link5592 link5593 link5594 link5595 link5596 link5597 link5598 link5599 link5600 link5601 link5602 link5603 link5604 link5605 link5606 link5607 link5608 link5609 link5610 link5611 link5612 link5613 link5614 link5615 link5616 link5617 link5618 link5619 link5620 link5621 link5622 link5623 link5624 link5625 link5626 link5627 link5628 link5629 link5630 link5631 link5632 link5633 link5634 link5635 link5636 link5637 link5638 link5639
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Буынның түрлері

Год: 2012

Страна: Казахстан

Кызылординская область, Казалинский район, поселок Басыкара средняя школа №182

Учитель казахского языка

Кемалова Роза Омирбековна

Сабақтың тақырыбы :

Буынның түрлері

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға буынның түрлерін меңгерту.

Дамытушылық : Ойлау қабілетін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс

жасау арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Сауатты жазуға, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі : СТО: «ББҮ» әдісі, Топтастыру , тірек сызбалар

Көрнекіліктер : үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі :

1. Сәлемдесу

2. Түгелдеу

3. Сынып ішін екі топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1) 301 жаттығуды дәптерлерінен тексеремін.

2) « Кім жылдам ? » ойыны

І топқа 1. Буын дегеніміз не?

2. Дауыссыз дыбыстан буын құрай ала ма?

3. Қазақ халқы аттың тұрмандарын әшекейлеуге көп көңіл бөлген.

( Сөйлемді буынға бөл.)

ІІ топқа 1. Қай дыбыс буын құрай алады ?

2. Буын саны неге байланысты ?

3. Шағындау алқапта ақбөкендер үйірі қаптай жайылып жүр.

( Сөйлемді буынға бөл.)

« Білемін, білгім келеді, үйрендім » әдісі

Оқушылар кестені өздері толтырады.( Білемін, білгім келеді)

Жаңа сабақ

Мұғалімнің сөзі :

- Буын дегеніміз не ?

- Буын нешеге бөлінеді ?

Ашық буын дегеніміз – Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын.

Мысалы : а — ға, ба — ла, қа — ла, т.б.

Бітеу буын дегеніміз — Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған ( дауысты дыбыс ортада келетін ) буын.

Мысалы : тал, төрт, бар, жаз, т.б.

Тұйық буын дегеніміз — Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын.

Мысалы : ат, аз, өрт, ұл, т.б.

Сонымен қатар тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді.

Мысалы: өрт + і = өр — ті , еп + і = е — бі, т.б.

Тірек сызба . Оқушылар тірек сызба арқылы буынның түрлеріне мысал келтіреді.

а — на бал аң

А ә - ке Б сән Т ақ

а — ға кең ән

Оқулықпен жұмыс : 302, 304 – жаттығу.

Кестені толтыр. Деңгейлік тапсырма негізінде оқушылар бос торкөздерді толтырады.

Берілген сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлем құрайды. Оны буынға бөліп, түрлеріне қарай ажыратады.

Сабақты қорыту :

Оқушылар « ББҮ » әдісіндегі үйрендім кестесін толтырады.

Сұрақ — жауап арқылы қорытамын.

Үйге тапсырма : Буын түрлерінің ережелерін жаттау.

309 — жаттығу

Скачать урок

Скачать файл: aza-tl-buyn-trler.doc
Посмотреть онлайн файл:


Комментарии пользователей /2/
  1. notice
    слеметсиздерме достар маган буын турлери туралы малымат керек егер билсениздер комек колын созуларыызды тинемин
  2. Алмас Болатов
    слеметсиздерме достар маган буын турлери туралы малымат керек егер билсениздер комек колын созуларыызды тинемин
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности