link7440 link7441 link7442 link7443 link7444 link7445 link7446 link7447 link7448 link7449 link7450 link7451 link7452 link7453 link7454 link7455 link7456 link7457 link7458 link7459 link7460 link7461 link7462 link7463 link7464 link7465 link7466 link7467 link7468 link7469 link7470 link7471 link7472 link7473 link7474 link7475 link7476 link7477 link7478 link7479 link7480 link7481 link7482 link7483 link7484 link7485 link7486 link7487 link7488 link7489 link7490 link7491 link7492 link7493 link7494 link7495 link7496 link7497 link7498 link7499 link7500 link7501 link7502 link7503 link7504 link7505 link7506 link7507 link7508 link7509 link7510 link7511 link7512 link7513 link7514 link7515 link7516 link7517 link7518 link7519 link7520 link7521 link7522 link7523 link7524 link7525 link7526 link7527 link7528 link7529 link7530 link7531 link7532 link7533 link7534 link7535 link7536 link7537 link7538 link7539 link7540 link7541 link7542 link7543 link7544 link7545 link7546 link7547 link7548 link7549 link7550 link7551 link7552 link7553 link7554 link7555 link7556 link7557 link7558 link7559
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Мектеп кітапханаларындағы кітап қорының сапасы мен құрылымын бақылау жолдары

Қазақстан,Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы,Шебір ауылы

Қаратөбе орта мектебі

Қаратөбе орта мектебінің кітапханашысы

Аймурзаева Жанар Жолдасовнаға

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы кітапхана ісін ақпараттық, білім беру және мәдени — ағарту қызметінің негізгі болып саналатын мәдениет саласы екенін айқындайды. Сондай - ақ осы заңда мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір принциптері жарияланған: Оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне, ұлттық және әлемдік мәдениеттің байлығын бойға сіңіруге ықпал ететін білім мен тәрбие жүйесін дамыту.

«Қазақстан Республикасындағы кітапханалар ісі туралы ережесі» (29 наурыз 1996 жылы Мәдениет Министрлігінің жарлығымен бекітілген) кітапхананы ақпараттық, мәдени және білім беретін мекеме ретінде айқындап береді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында басты мақсаты ретінде мыналар көзделген: білім алу үшін қажетті жағдай жасау, ұлттық және жалпы адамгершілік бағалылық негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуын, дамуын қадағалау. Осы Заңның 19 бабында мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылатын балалармен жасөспірімдерге қосымша білім беру бағдарламалары атап көрсетілген. Бұл ұйымдардағы білім қызметінің еркін қолданылуын мемлекет қамтамасыз етеді. Мұндай ұйымдар жеке тұлғаның, шығармашылық еңбектің дамуына, жалпы мәдениеттің, салауатты өмір салтының, қоғам өміріне мазмұнды бейімделуінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.

Өкінішке орай, мектептен тыс ұйымдардың қатарында кітапханалар жоқ. Кітапханалар барлық уақытта өздерін қосымша білім беретін мекемелерге жатқызады және ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсету жүйесінің сапасын ақпарат пен білім алудың көмегімен жақсартуды қамтамасыз етеді.

Білім тек қана оқу орындарында ғана емс, сондай - ақ кітапханаларда да қалыптасады. Сондықтан әлеуметтік жағдайларына бейімделуге тырысады. Бұл жерде бейімделу процесін басқару ғана маңызды емес, сонымен қатар білім беру мен кітапханалық қызметтің бірлігін де сақтау керек. Әзірге кітапхана функциясы өзіне сәйкес келетін білім мақсаттарына жатады.

Кітапханалар біздің білімімізге не береді және білім оқу сұранысын қалай дамытады? Бұл жерде балалар мен жасөспірімдердің баспа сөзге деген қызығушылығының төмендеуі, бос уақыт құрылымындағы оқу уақытының қысқаруы, оқу сипатының өзгеруі, аудивизуальды мәдениеттің үлесі артуы секілді артықшылықтарды айту аз, сонымен қатар көңіл қойып оқу сипатын ие жоғары сауаттылықты табуға жағдай жасау қажет. Сондықтан білім концепциясы бағдарламасына өзіміздің «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсету концепциясын» өңдеп, білім концепциясының бір бөлімі ретінде ұсыну керек.

Ақпараттық, білім орталықтарының, құқық орталықтарының әлеуметтік бейімдеу орталықтарының жоспарын құру қажет. Білім мекемелерінің кітапханашылары мен көпшілік кітапханаларының кітапханашыларының арасындағы байланыс даму мен жетістіктердің мүмкіндігіне қарай бағаланады.

Балалар оқуы: мәселелері мен шешу жолдары.

Францияның белгілі жазушысы Марсель Пруст оқуды сиқырлы кілт деп атап, кітаптың маңызын тура анықтап берді. Бұл балаға өзін қоршаған әлемнің есігін, және ең бағалысы өзінің ішкі әлемін, яғни өзін - өзі тануға көмегін тигізетін сиқырлы кілт.

Кітаптың қабылдануын толық қарастыру қажет.

Оқушы мәтін, мазмұнын қабылдайды, оқып отырған мәліметті өзіне алады, оның мазмұнын миына сіңіреді. Оқып отырған мэтін мазмұнына өз көзқарасымен қарайды: келіседі немесе келіспейді, өзі бейнесін жасайды, салыстырады және бағалайды. Жазушы оқырманды жетелейді, фантазия, эмоцияға бағытталған «күш линияларын» құрады.

Осылайша, қабылдау объект көлемінен ауқымды болады.

Балаларға білім берудегі кітапханалардың ролі.

(Шымкент қаласының оқушыларына жүргізілген микрозерттеу бойынша)

Қанша адам сонша пікір.

Біз кітапты тілге тиек еткенде бір ғана нәрсе ойға келеді. Даналықпен біліммен және тәжірибемен танысу және оқу қажет. Бұған ешкім таласпайды. Ал шындығына келгенде қалай?

Алынған жауаптар тақырыпқа ауқымды қарауға мүмкіндік береді.

Бірінші сынып оқушылары. Бұл ерекше топ. Балалар енді — енді өздігінен оқуды үйреніп жүр, бірақ кітапханаларға келеді. Олардың 20 % -сабақ тапсырмасын орындауға, 10 % - өздігінен білім алуға, 40 % - үйдегі кітаптың жетіспеушілігінен, 30 % - басқалай себептермен кітапханаға барады. Бұл балаларды зерттеуде кітапханалардың тек қана плюстері, қажеттілігі айтылады, бірақ біз оқырман залдарында отырған кішкентайларды көрмейміз. Негізінен олар көркем әдебиет пен тарихи кітаптарды оқиды. Бірақ «кітапханадағы Интернет» нұсқасы бос қалады. Және соңғысы балалар кітапхана мен Интернеттің кемшіліктерін неге көрмейді? Бұл тәжірибенің жоқтығынан, яғни кішкентайлар үлкендердің мәселелерін соңына дейін түсінбейді.

Екінші топқа 2 - ші және 4 - ші сынып оқушылары жатады. Бұл топтың балалар мен қыздарының арасындағы жауаптардың азғана айырмашылығы бар. (тақырып таңдауы: қыздарда - поэзия, балаларда - автомобильдер мен энциклопедиялар). Кітапхананың плюстері мен минустарын салыстырғанда бұл топта әлі де болса кітапхананың плюстері басым (жұмыс уақытының қолайлығын, кітаптардың көп түрлілігі, қызықты кітаптар).

Үшінші топ - 5 - ші, 6 - шы сынып оқушылары. Жауаптарды таңдауда оларда мұқияттылық сезіледі, олардың анкеталарында барлығы бар: мәселені бала ретінде қабылдау да, және кемшіліктерді ересек көзбен қарауда. Бұл жастағылар - кітапхананың нағыз оқырмандары.

Және ең соңғысы төртінші топ жоғары сынып оқушыларын біріктіре (7 - ші класстан бастап). Бұлардың кітапханаға келу себебі «үй кітапханасындағы кітаптың жетімсіздігі», әсіресе бітіруші түлектерде.

Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері.

Бүгінгі күні балалар кітапханасы жан-жақты дамыған, мүмкіндіктері кең, көп салалы құбылыс.

Біз кітапхана жұмысының іс-тәжірибесіне көбірек, тереңдеп ой жүгірткен сайын, олардың жан-жақтылығы таңғалдырады. Бұл заңды құбылыс. Бүгінгі кітапханасы бұдан 7-8 жыл бұрынғы монолиттер емес, бүгінгі кітапханалардың жұмыстарының негізгі ерекшеліктері мен белгілері олардың:

- іздемпаздығы

- жаңашылдығы

- біліктілігі болып отыр.

Міне бүгінгі Ы.Алтынсарин атындағы ОБК-ның уақыт талабына үндесе отырып кітапханаға, кітапқа деген балалардың қызығушылығын арттыру арқылы кітапханаға тартудың түрлі жолдарын қарастыру мақсатында жүйелі іс-шаралар ұйымдастыруда.

Кітапханаға баланы кітап оқуға тартудың әдістері бүгінде күрделі комплексті, көп аспектілі өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде жүйелі әдісті қолдану тиімді.

Жүйелі әдістер деп отырғаным кітапханада балалардың кітап оқуын ұйымдастыру, олардың кітапханаға жүйелі келуін қамтамасыз ету мақсатындағы маңызды шарттары мен бағыттары. Біздің кітапхана бұл бағыттар мен шарттарды мынандай бірнеше блоктарға бөліп қарап, іске асырып отыр:

1. Баланың психологиялық, интелектуальдық және мәдени дамуы көрсеткіштері (логикалық ойлау, көңіл бөлу, есте сақтау қабілеттері, шығармашылық мінез-құлық, қарым-қатынас қабілеті т.б.)

2. Балалармен жұмыс істейтін кітапханалардың негізгі қызметтері (ақпараттық, білімділік, тәрбиелік, бос уақытын тиімді пайдалану т.б.)

3. Оқырмандардың жас ерекшеліктері.

4. Кітапханалық жұмыстың түрлері (жеке және көпшілік, көрнекілік, реклама т.б.)

5. Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің өзара тығыз ынтымақтастық мақсатта жұмыс істеуі.

6. Балалардың кітап оқуына оң ықпал ететін мекемелермен өзара байланыс.

7. Ата-аналармен жұмыс.

8. Жүйелі тұрғыда кітапханашылардың кәсіби деңгейін көтеру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности