link7293 link7294 link7295 link7296 link7297 link7298 link7299 link7300 link7301 link7302 link7303 link7304 link7305 link7306 link7307 link7308 link7309 link7310 link7311 link7312 link7313 link7314 link7315 link7316 link7317 link7318 link7319 link7320 link7321 link7322 link7323 link7324 link7325 link7326 link7327 link7328 link7329 link7330 link7331 link7332 link7333 link7334 link7335 link7336 link7337 link7338 link7339 link7340 link7341 link7342 link7343 link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379 link7380 link7381 link7382 link7383 link7384 link7385 link7386 link7387 link7388 link7389 link7390 link7391 link7392 link7393 link7394 link7395 link7396 link7397 link7398 link7399 link7400 link7401 link7402 link7403 link7404 link7405 link7406 link7407 link7408 link7409 link7410 link7411 link7412 link7413 link7414 link7415 link7416 link7417 link7418 link7419 link7420 link7421 link7422 link7423 link7424 link7425 link7426 link7427 link7428 link7429 link7430 link7431 link7432 link7433 link7434 link7435
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Тулегенова Гульнур Бисембаевна, учитель информатики г.Эмба СШ №3, Мугалжарский район, Актюбинская область, Казахстан

Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз үйренеміз

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

курсының II деңгейінің сертификатталушы мұғалімі

Тулегенова Гүлнұр Бисембайқызы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Ембі қаласы №3 орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

«ХХІ ғасырда нені оқыту керек? Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды? » деген сауал бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналғаны рас. Ол - сағат сайын қарыштап дамып бара жатқан әлемнің талаптарына сай өмір сүру мен өзге елдермен терезесі тең болу туралы ойлану дегенді білдіреді. Сондықтан қазіргі мұғалімдердің көбі білімдерін жетілдірумен, оқу процесін технологияландырып, соған сәйкес авторлық әдістемелік құралдарын шығарып үздіксіз ізденіс үстінде. Бұл жұмыс мұғалімнен кәсіби білімді болумен қатар жоғары кәсіби мәдениетті, өз мамандығына беріліп еңбек етуді талап етеді. Өзінің әр сабағын белсенді және шығармашыл үрдіске айналдыру кең білімді ғана емес, сонымен қатар бақылаушы, сұрақ қоя алатын, талдай алатын, рефлексия жасай алатын, шешім қабылдай, қорыта-жинақтай алатын өз ісінің шынайы шеберінің қолынан ғана келеді.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң , сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деп тұжырымдама жасаған Махатма Ганди айтқандай мен осы жобаға келгеннен бері менің өзімде де қызметімде де өзгерістер бола бастады. Адам болмысын үнемі кәсіби жаңарту арқылы өзгертуге болатынын мен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші деңгейлік бағдарламасын аяқтап, өз тәжірибелерімде, жоспар бойынша жүргізіліп жүрген іс-шараларымнан байқадым.

Үш айлық курстан өткен мұғалімдерімізді Кембридж бағдарламасымен оқыта отырып, мұғалімнің өз педагогикалық қызметіне эксперт болу керектігін, өз оқушыларын дамытуда қалай бақылаушы бола алу керектігін, қалай сыни бағалай алу, өз жұмысын жақсарту керектігін ізденудің арқасында үйрете отыра өзім үшін де үлкен тәжірибе жинадым.

Білім жетілдіру курстарында алған теориялық және практикалық білімдерінің негізінде мұғалімдер өз кәсібінің шекарасынан шығып, сол арқылы өз тәжірибесіне батыл, тез арада өзгерістер енгізе алды. Мен үшін мұғалімдердің жаңа стратегияларға талдау жасап, олардың тиімді жақтарын көре білгендері ұтымды маңызды деп есептеймін. Орындаған тапсырмалар мені неге үйретті, мен оны қай жерде қолдана аламын, менің кәсіби деңгейімнің өсуіне қандай үлес қосты деген сұрақтарға жауап бере отырып, өздерінің алған білімдеріне баға бере алды. Өз тәжірибелеріне сыни көзқараспен қарап, кем жерлерін көре білгендерін оны қалай жақсарту жолдарын да өздері айтып берді. Ендеше мұғалімдерде алға жылжу мен өсу, өзгеру бар деген сөз. Біреудің тәжірибесіне тәуелділіктен арылып, өз білгендерін, жаңалықтарын ұсынып, шығармашылық бағытта жұмыс жасауға үйренді.

Тәжірибелі мұғалімдерге коучинг әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектеседі. ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу/көре білу талап етіледі. Бұрын — мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта — мұғалім — мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу — бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады. Коучинг  — мұғалімдердің ресурстарын ашып, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек ету.Тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс.

Екінші деңгейде ұсынылған тәлімгерлік пен коучинг идеялары мектептегі тәжірибе кезеңінде қалай жүзеге асырылатын қарастыратын болсак, коучинг пен тәлімгерлік үрдісін жүргізу ісі жоспарланған. Коучинг, тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырлып отырады. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ол ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру. Сауалнама арқылы мұғалімдердің қажеттілігі анықталып, коучинг және тәлімгерлік үрдісінің ұйымдастыру түрлері жоспарланады.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болды.

Коучинг сессиясынан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, 7 модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіземіз . Меніңше , бұл оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс.

Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізіледі.

Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.

Менің пікірімше , тәлім алушы тәлімгерлік тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты ала алады деп ойлаймын.Тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне көп өзгеріс енгізе алады.

Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Үш айлық курстарда танысқан мәліметтер бойынша, мен өзімнің дәріс беріп жүрген мектебіме «коуч» есебінде тәжірибемді бастайтыным мен үшін бір ерекше сезімде өз-өзімді ұстануыныма ықпалын тигізді. Коучтер — тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне куратор рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі. Коучтер мұғалімдерге өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға көмектесетін болады. (МАН, 81 бет)

Оқу жылының басында мен мектеп басшысымен кездесіп, мектептегі атқаратын жұмысым туралы түсіндіріп, 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымды бекіттім.

Бірінші коучингімнің тақырыбы: «Оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер. Сабақта интерактивті оқыту арқылы СТО дағдыларын қалыптастыру». Бұл тақырыпты таңдаған себебім мен бағдарламаның жеті модульден тұратынын түсіндіріп, өз ұжымыма оқыту мен оқуда жаңа тәсілдермен және сабақта интерактивті оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрететін стартегиялардың маңызын көрсетіп, өздері оқып үйренгенін қаладым.

Бірінші коучингіме он алты мұғалім жиналды. Коучингті тренинг өткізуден бастадым. «Диалог» тренингі. Үш жағдайда бір-бірімен әңгіме айту. Бірінші жағдай бір-біріне теріс қарап тұрып әңгімелесу, екінші жағдай бірі төмен, екіншісі жоғарыдан, үшінші жағдай бетпе бет. Тренингтің соңында қай жағдайда әңгімелескен ыңғайлы дегенімде, әрине бір-біріне қарап деді. Мен мұғалімдерге оқушылардың да сондай ойда екендігі туралы айтып өттім.

Топқа бөлгенде, күз айы болғандықтан, ай аттары арқылы топтастырдым, олар қыркүйек, қазан, қараша атты топтардың мүшесі болды. Осы тұста топтың ережесін өздері құрды.

Келесі кезекті «Интерактивті оқыту» «Инсерт» әдісін жеке, топта орындауға ұсындым. Мұғалімдерге «Инсерт» тәсілінің шарттарымен таныстырып, бағандарды толтыруды өтіндім.

+

-

?

«Бұрыннан білемін»

«Жаңа ақпарат»

«Менің ойлағаныма қайшы»

«Білгім келеді»

Қызығушылығын ояту мақсатында мен мұғалімдерге «интерактивті оқыту дегеніміз не?» деген сұраққа, яғни бірінші бағанды «Бұрыннан білемін» толтыруды өтіндім. Не жазарын білмей бір-біріне қарап, бірдемелер жазуға бел буды. Тәжірибесі үлкен мұғалімдер «қайдан келдім» деген ойда отырды. Жас ұстаздар қызыға, таңғала жазды.

Бұл бөлімде олар: оқушылардың белсенділігін арттыру, электронды оқулықтармен жұмыс, интерактивті тақтаны пайдалану, Джигсо, жаңа тақырыпты толық меңгерту, сұрақ жауап және т.с.с. ойларын білдіріп отырды. Мектебіміздің методисты курсқа барып келген екен осы тақырыпқа байланысты, оның жауабы: ұжымдық топтасу, қимыл іс- әрекет, сұранысқа ие технология деген үлесін қосты.

Топтар презентацияға шыққаннан кейін, оларға мини-лекция тараттым «Интерактивті оқыту» не екенін білдіретін. Лекция оқып болғасын қалған бағандарды толтыруды өтіндім.

Мұғалімдер «Білем Білгім келеді Білдім» әдісіне ұқсайды екен деп отырды.

Үлкен жастағы мұғалімдер қайта-қайта сұрақ қойып отырды, ал жас мұғалімдер бірден толтыра бастады. Осы тұста мен жас мұғалімдердің жаңалыққа тез ұмтылатындарын байқадым.

Осы коучингтің басынан бастап белсене қатысып отырған жас мұғалімдер көзге түсе бастады. Қай мұғалімді тәлім алушы есебінде алуға болатыны туралы ойланып тұрдым.

«Инсерт» әдісі бойынша қалған екі бағанды мұғалімдер ақылдаса ортадан бір мұғалімді шығарып, толтырып өтті. Оларға бұл жері оңай болды, ал мен қате сөздер айтып тұрғанымды байқадым, «дұрыс» деген сөздерді айтып қалдым. Әр топтың шешімін қабылдап, қалған топтар үш шапалақпен мадақтап отырды.

Ендігі кезекті сергіту сәтіне бердім. Лекция оқығаннан жалыққан шыгар деген оймен, мен интерактивті тақтадан сергіту сәтін жібердім, мұғалімдер сергіту сәтінің іс-қимылын қайталап, балаша мәз болып, бойларын сергітіп алды.

Коучингтің екінші бөлімін мен «Сабақта интерактивті оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбына терең үгілсін деп имитациялық ойынға жол бердім: «Кеме апаты» атты.

Тапсырмасы төмендегідей болды.

Елестетіңіз: Сіз экваторда кеме апатына ұшырадыңыз. Өрт шығып, кеме суға батып бара жатыр. Кеменің орналасқан жерін анықтауға келмейді, құрылғылар бұзылған. Жағаға 1000 км бар.

Экипаж сіздерге тек ескегі бар үрмелі сал түсіріп берді. Онда он бес заттар ғана бар екен (тапсырмада беріледі). Қалтадан табылған заттар: 1 қорап темекі, 1 қорап шырпы, 100 доллар. Осы заттарды қажеттілігіне қарай рет-ретімен орналастыру қажет.

Шарттары: мақсат қою, капитан таңдау, оны тыңдау және ол бәрінің пікірін тыңдау.

Жеке, топта талқылайды. Капитан интерактивті тақтадан заттарды орналастырады. Не себепті ол затты алғандарын түсіндіріп өтеді.

Үш топта өз ойларын айтып өтті, өкінішке орай бір-бірін тыңдау ережесін ескермеген топтар болды. Күтқарылуға шығатын жолға үш топта жақындай алмады. Бір ғана мұғалім айнаны көмекке шақыру үшін керектігі туралы айтқаны ескерілмеді. Осы тұрғыда мен өзімнің зерттеу жұмысымның енді бір мақсатын айқындадым, бұл топтық жұмыстың ережесін орындау.

Соңында мұғалімдердің сұрауы бойынша мен ойынның шешімін айтып қойдым. Бұл жерде мен өзімнің қателік жасағанымды білдім, оның шешімін өздері табу керек еді, интернеттен іздеп, ия тағы басқа да ізденіске түсіру керек еді мұғалімдерді.

Бұл ойыннан мұғалімдердің алған әсері, өздерін шынымен де бір кемеде отырғандай сезінді. Капитандары шыққанда «бізді батырып жіберме» деп отырды. Осы топтастыру әдісінің жетістігі деп ойлаймын. Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін жандары ашып отырғандай. Ақыры жағаға шығу амалын тапқаннан соң, көздерінен жеңілдік байқадым. Осындай нәтижелерді көріп тұрып, әріптестерімнің бүгінгі коучингімнің маңызын түсінгенін байқадым. Бұл мен үшін жетістік деп ойлаймын. Бірінші коучингімнің сәтті аяқталғанына іштей қуанып тұрдым.

Бұл іскерлік ойынды өткізген енді бір себебі, шарты бойынша топтар алдарына мақсат қою керек еді және сол мақсатқа жетудің жолдарын қарастыру еді. Көшбасшылық қасиеттері, сыни ойлау дағдылары да қалыптасатыны анық еді. Бұл әдісті мен мектептегі оқушыларының бір іс-шараға қатысқан кездегі мұғалімдердің уайымымен, оның аман-есен тапсырып шыққанына, және де жетістікпен шығу мысалымен салыстырар едім.

Коучингтен тағы бір жағымды әсер алсын деген оймен психологиялық тренинг жібердім. Слайдта адамның өмірге деген құштарлығы артатын түйінді сөздер берілген еді. Осы сөздерден кейін мұғалімдердің шаршағандарын басып, психологиялық тұрғыда демалып қалғанын байқадым. Демалып қалғандарына алғыс айтып отырды.

Коучингімнің соңында, «екі жұлдыз, бір тілек» әдісін ұсындым. Бұл тәсіл мен үшін бүгінгі жұмысымның нәтижесін шешетінін білдім.

Кейін стикерлерден оқып білгенім, коучинг ұнамады деген мұғалім болған жоқ. «Барлығы жақсы өтті, рахмет!», «Осындай коучингтер көп болса екен!»-деген стикерлер көп болды, «келесіде бұдан да қызықты әдіс-тәсілдер күтем» деген ұсыныста болды, «бүгінгі кочингтен біраз нәрсе үйрендім» деген, тамаша стикер жаныма дауа болды.

Ал тілекке келсек, «үнемі осындай көңіл-күйде жүр», «алда осы сабақтардың көп түрлерін өткізе берсеңіз», «ұстаздарды көбірек қатыстырыңыз!», «келесі коучингте тың жұмыс болса», деген стикерлер менің екінші коучингімнің тақырыбына ой тастады. Және де коучинг сабақтың «Инсерт» әдісінің «Білгім келеді» бағанына жазылған сұрақтар да түрткі болды. Ұсыныс, пікірлердің коучке жаңа коучинг тақырыбына, оның құрылымына тигізер әсерінің қаншалықты маңызды екенін мен жаңа түсініп отырмын, яғни рефлексивті есеп жүргізе отырып.

Коучингіме ойтолғаныс жүргізу барысында, мен төмендегідей оймен келісемін және де осы сөздердің мағынасының түйінді идеяларын енді өзімнің тәжірибем кезінде түсініп отырмын: «оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты қозғалыс күші бола алады» (МАН, 82 бет).

Тәлімгерлік жұмысым қазіргі таңда жалғасын табуда, кері байланыс әдістері арқылы мен мұғалідерді не қызықтырады, нені білді, нені үйренді деген сұрақтарыма жауабымды алып, келесі коучингімнің жоспарына не жоспарлайтыныма үлкен ықпалын тигізеді.

Тәлім ету, өзіңді әріптестеріңнің ортасында сенімді жеке тұлға ретінде қабылдағандары саған бір ерекше серпінді күш беретінін, мен өз тәжірибемнен айта аламын. Әрі үйренудің ең тиімді әрекеті — басқаларды үйрету екен. Мұғалімдерге оқып үйренгенімді жеткізе отырып, мен де есіме білгенімді қайта түсіремін, жаңашылдыққа ізденіс үстінде жүріп, мен де үйренемін.

Біліктілігін арттырып, мектепте коучтер бірігіп жұмыс жасап, артына тәлім алушы алып жетекші болса, білім беру саласында үлкен өзгеріс болатындығы сөссіз. Және де сындарлы оқыту жобасын қолдану барысында келешек қазақ балалары сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған,терең ойлай білетін, шығармашылық қабілеттері дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасады деп сенемін.

Қазіргі заман — жаңалықтар кезеңі. Өткенді еске алып,қатені түзетіп, жаңаны қабылдау керек.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности