link10962 link10963 link10964 link10965 link10966 link10967 link10968 link10969 link10970 link10971 link10972 link10973 link10974 link10975 link10976 link10977 link10978 link10979 link10980 link10981 link10982 link10983 link10984 link10985 link10986 link10987 link10988 link10989 link10990 link10991 link10992 link10993 link10994 link10995 link10996 link10997 link10998 link10999 link11000 link11001 link11002 link11003 link11004 link11005 link11006 link11007 link11008 link11009 link11010 link11011 link11012 link11013 link11014 link11015 link11016 link11017 link11018 link11019 link11020 link11021 link11022 link11023 link11024 link11025 link11026 link11027 link11028 link11029 link11030 link11031 link11032 link11033 link11034 link11035 link11036 link11037 link11038 link11039 link11040 link11041 link11042 link11043 link11044 link11045 link11046 link11047 link11048 link11049 link11050 link11051 link11052 link11053 link11054 link11055 link11056 link11057 link11058 link11059 link11060 link11061 link11062 link11063 link11064 link11065 link11066 link11067 link11068 link11069 link11070 link11071 link11072 link11073 link11074 link11075 link11076 link11077 link11078 link11079 link11080 link11081 link11082 link11083 link11084 link11085 link11086 link11087
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Сутек. Табиғаттағы таралуы. Физ. қасиеттері. Тығыздық, салыстырмалы тығыздық

Год: 2012
Страна:
Казахстан

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің

Мұғалім: Кабыкеева Г.Д.

Тақырыбы: Сутек. Табиғаттағы таралуы. Физ. қасиеттері. Тығыздық, салыстырмалы тығыздық.

Мақсаты:

  1. Сутектің таралуы және өнеркәсіпте , лабораторияда алу жолдары мен реакция теңдеулері туралы оқып-үйрену әрекетін ұйымдастыру; Сутектің тірі ағза үшін және жану үрдісіндегі маңызы мен өнеркәсіптегі алу жолдары туралы өздігінен білім алуын қамтамасыз ету;
  2. Жаттығулар орындай отырып, теңдеу құру сауаттылығын арттыру арқылы, танымдық қабілеттерін дамытуға әсер ету; Өз бетімен жұмыс істеу және сутекті алу теңдеулерін құра білу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау;
  3. Сутектің маңыздылығын сезіндіре отырып, экологиялық тәрбие алу мүмкіндігін туғызу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Құрал-жабдықтар,көрнекі құралдар:Газ жинайтын құрал (тұрғы,сынауық, спиртшам), Кипп аппараты, мырыш , тұз қышқылы, күкірт қышқылы,кальций,су, периодтық кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. 1. « Кім жылдам? »

n 1.Заттар нешеге жіктеледі?

n 2.Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

n 3.Химиялық элемент дегеніміз не?

n 4.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

n 5.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

2. « Семантикалық карта»

Қосылу реакция

сы

Айырылу реакция

сы

Орын

басу реакция

сы

Алмасу

реакци

ясы

Экзо

Термия

лық реак

ция

Эндо

Термия

лық реак

ция

Са + О2 = 2СаО

+

Fe + CuCI2= Cu + FeCI2

+

CaCO3= CaO + CO2 - Q

+

+

HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q

+

+

2H 2O = 2H2 + O2 - Q

+

+

2H2 + O2 = 2H 2O + Q

+

+

  1. 1. «Мені тап»

Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

Ғаламшарда 92 пайызбын.

Бармын газбен көмір,мұнайда,

Болашақта өзім отын бола алам. (Сутек)

  1. 2. Жаңа тақырыпты талдау

Химиялық таңбасы : Н , Ar( Н ) = 1,008 м.а.б.

Н2 ,Mr (Н2) = 2 м.а.б.

Н2 ↑, и , т, суда АЕ (100Vсуда - 2V Н2 ериді).

Табиғатта таралуы

n Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы- Н2О

n Күн жүйесі планеталарының 92%-ын сутек атомы құрайды.

n Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

n Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар — метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:

Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі

Минералдар мен тау жыныстарында

Мұнай құрамындағы метан газында

Жануарлар мен өсімдіктер организмінде

Ашылу тарихынан

Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС ашқан.

▪1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап,басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.

▪Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

Генри Кавендиш Антуан Лавуазье

Б затының салыстырмалы тығыздығы дегеніміз – эталон болып алынған А затымен Б затының тығыздықтарының қатынасы.

Da(B)=Mr B/ MrA

Салыстырмалы тығыздық барлық салыстырмалы шамалар тәрізді бірліксіз шама.

Сұйық және қатты заттар үшін тығыздық эталоны ретінде таза су тығыздығы алынады. Онық тығыздығы 1 г/мл.

Газдар үшін эталон ретінде құрғақ ауа тығыздығы алынады. Қалыпты жағдайда оның тығыздығы 1,293 кг/м3 немесе 0,001293 г/см3.

Келесі есептерді шығарып көрелік:

  1. Сутек бойынша а) аммиактың, б) метанның, в) көмірқышқыл газының салыстырмалы тығыздығын анықта.
  2. Егер белгісіз газдың сутек бойынша тығыздығы 35,5 болса, оның молекулалық массасы нешеге тең?
  3. Газдың құрамында кремний мен сутек бар екені белгілі. Оның сутек бойынша тығыздығы 16ға тең. Осы газдың молекулалық формуласын құрастырыңдар.

Үйге: салыстырмалы тығыздық бойынша есеп ойластырып келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности