link2880 link2881 link2882 link2883 link2884 link2885 link2886 link2887 link2888 link2889 link2890 link2891 link2892 link2893 link2894 link2895 link2896 link2897 link2898 link2899 link2900 link2901 link2902 link2903 link2904 link2905 link2906 link2907 link2908 link2909 link2910 link2911 link2912 link2913 link2914 link2915 link2916 link2917 link2918 link2919 link2920 link2921 link2922 link2923 link2924 link2925 link2926 link2927 link2928 link2929 link2930 link2931 link2932 link2933 link2934 link2935 link2936 link2937 link2938 link2939 link2940 link2941 link2942 link2943 link2944 link2945 link2946 link2947 link2948 link2949 link2950 link2951 link2952 link2953 link2954 link2955 link2956 link2957 link2958 link2959 link2960 link2961 link2962 link2963 link2964 link2965 link2966 link2967 link2968 link2969 link2970 link2971 link2972 link2973 link2974 link2975 link2976 link2977 link2978 link2979 link2980 link2981 link2982 link2983 link2984 link2985 link2986 link2987 link2988 link2989 link2990 link2991 link2992 link2993 link2994 link2995 link2996 link2997 link2998 link2999 link3000 link3001 link3002 link3003 link3004 link3005 link3006 link3007 link3008 link3009 link3010 link3011 link3012 link3013 link3014 link3015 link3016 link3017 link3018 link3019 link3020 link3021 link3022 link3023
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Дін — ұстай алсаң — қасиетің, ұстай алмасаң — қасіретің атты шығармашылық жұмысы

Қазақстан,Қызылорда қаласы

Қызылорда медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің студенті

Жантөре Гүлданаға

Жоспары:

1. Дін — имандылықтың, төзімділіктің кепілі.

2.Ұлылар сөзі — ұрпаққа үлгі.

3. Дін — біздің темір қазығымыз.

Жердің жүзін дәл тауып,

Ешбір дін жоқ орныққан.

Бәрінде де бар қауіп,

Дін көбейді сондықтан.

( Ш. Құдайбердиевтің «Дін» өлеңі )

Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Дін — адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін — имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың болашағы жоқ.

Ал, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы — мына біздер. Біз — бақытты ұрпақтармыз. Себебі, Егеменді, Тыныш, Тәуелсіз, Ынтымақты, Берекелі Мемлекетте уайым-қайғысыз еркін өмір сүріп жатырмыз. Бұлай деуімнің себебі — қазір шет мемлекеттердегі саяси жағдайларды көрсең, қан төгіс, ұрыс, шабыс, соғыс. Сол кезде шүкіршілік етіп, тәубе,-дейміз.

Әр адамның діни көзқарасы, пікірі әр түрлі болады. Жан-жағыңа қарасаң, көшеде жүрсең сырт тұлғасы қазіргі қоғамға келіспей киінген аға, әпке, замандастарымызды көргенде, неге сонша сана-сезімі төмен, неге сонша еліктегіш екен,-деп іштей налып қаламын.

Біздің тәуелсіздігімізге мойын ұсынбайтын, мемлекетімізге шүбә келтіретін, балақтарын тобықтарынан жоғары кесіп, қысқа шалбар киген, иектеріне бейберекет сақал өсіргендер өздерінің «мұсылманның өмір салты Құран қағидаларынан құрылу керек»,-деп әңгіме таратып, әдейі ислам дінін жат пиғылды қылып көрсету үшін әр түрлі амалдарға барып жүр.

Біздің басты байлығымыз — Тәуелсіздік, қазақтың болашағы — қазақтың қолында, қазақтың жерінің де, тарихының да, дәстүрінің де иесі — өзіміз. Сондықтан, жақсы қасиеттерімізді сақтап, теріс пиғыл, елдің шырқын бұзатын жағымсыз әдеттерден аулақ болуымыз керек. Ата-ана бізден үлкен үміт күтіп отыр. Біз, үкілеген үміттер, таза жүруге, таза сөйлеуге тиістіміз. Көптеген жастарымыз діннің құндылықтарын дұрыс түсінбей, қасіретке ұшырап жатыр. Бұл жөнінде журналистер шырылдап шындықты жазып та жатыр, көз жасы көл болған ананың аянышты, ащы даусын теледидардан көрсетіп те жатыр. Бірақ жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді дінсіздер күннен-күнге көбейіп барады…

Бұл мәселе Елбасын да толғандырып отыр. Жоғары мінбелерде талданып та жатыр.

Елбасы Жолдауда жастар мәселесін ерекше атап өтті. Жолдауда жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге, тәрбиелеуге көп көңіл бөлінген. Оған қоса, дін мәселесін де Елбасы айналып өткен жоқ.

Сондықтан, Жолдау барлығымызға маңызды бағыт болып табылады. Ондағы айтылған сөздерді біз басшылыққа ала отырып, жүктелген міндеттерді орындауымыз қажет.

Қазақ халқында «Дініңді ұстай алсаң — қасиетің, ұстай алмасаң — қасіретің» деген ұлы сөз бар. Елбасымыздың ел экономикасын, әлеуетін дамытуға атсалысуға шақырған игі бастамаларын іліп әкетіп, жұмыс істейтін болсақ, өзіміздің зайырлы мемлекетіміздің іргесін одан сайын бекіте түсіп, 2050 жылы бірге жаңа белестерге жетеміз,-деп үміттенемін. Халқымыздың салауатты өмір сүруіне, денсаулығының зор болуына болашақта үлкен үлес қосамын,-деп сеніммен айта аламын.

Қазақстан мұсылмандары 12 ғасырдан бері Ислам дінін қабылдаған халық болып саналамыз. Сол уақыттан бері өзіміздің қалыптасқан әдет-ғұрыптарымыз бар. Осы әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді дамыта отырып, ата-баба аманатын адал сақтауымыз керек. Біздің ата-бабаларымыз Ислам дінін, ата дінімізді байсалды қабылдаған, қандай мәселе болса да, үнемі ой елегінен өткізіп отырған. Шындығында асыл дініміз Ислам ежелден-ақ кез келген қоғам мен қай заманда болмасын тыныштық пен қоғам тұтастығының жаршысы болғаны белгілі. Ислам қай мемлекет пен қоғамға орнағаннан бастап-ақ сол ел мен ұлттың салт-дәстүрі, дүниетанымымен біте қайнаса үндесіп, өмір өзегіне айнала білген.

Қазіргі кезде кейбіреулердің қазаққа дін тарамаған дегені-бос сөз. Мұндай сөзді олар қазақ тарихын білмегендіктен айтады.

Біз дінді өз деңгейінде түсініп жүрміз бе? Немесе бәз біреулердің түсінуі мен көрсетуі бойынша түсініп жүрміз бе? Міне, бұл Алла Тағаланың әр пендесінің басында болуға тиісті сұрағы.Ұзақ уақыт діни тоқырауға ұшыраған халықтың аңсаған Ислам діні қазір адам нанғысыз мәселелермен қоса жетті. Тіпті қарапайым халық та әрі-сәрі болуда. Сенімдерін жоғалтып, үмітсізденуде. Кейбіреулері әлде бір саяси, діни топтың зымиян саясатының құрбанына айналуда. Осындай сорақылықтың себебі неде? Әркім әр түрлі жауап береді.

Біздің қазақ дінді таза ниетпен, жүрекпен қабылдаған. Дін түркілердің күллі салт-санасы мен ырым-жырымына, әдет-ғұрпы мен танымына балдай батып, судай сіңді. Дін — біздің темір қазығымыз. Бұл темір қазығымыз — ар-ұждан тәрбиесі мен обал-сауап тәрбиесінен құралған Алланың берген алтын қазығы. Тарихымыз бен әдебиетіміз осы діннің құдыретін бойымызға сіңіргенін ұмытпауымыз керек.

Есімі дүниежүзіне мәшһүр болған Шыңғыс Айтматовтың Найман — Ана бейітінің тарихын айтатын психологиялық романындағы Найман — Ананың ұлы Жоламанға көн қаптау арқылы қолдан жасалған мәңгүрттікті шығармадан оқыған едім. Өз анасын танымаған ұл. Өз анасын атып өлтірген ұл. Мәңгүрт ұл. Бұл — көркем шығарма еді…

Дәл қазір түрлі ағымның шырмауынан шыға алмай жүрген психологиясы әлсіз жастарымыз Жоламанның кебін киіп келеді. Діни экстремизмге, діни сауатсыздыққа тосқауыл қоймасақ, еліміздің тыныштығы, берекесі бұзылары анық. Исламның нағыз жауына айналып, қазақтың арасына жік салып,тура жолдан тайғандар әке-шешесінің айтқанын тыңдамай, қатігезденіп барады. Бұндайлар — қоғамға қауіпті.

Дін — біле білгенге рухани азық, білмегенге - от, оттан өрт шығады. Осы қасиетті рухани азықты қадірлей білейік, қасіретке ұшыраудан сақтасын, Алла.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности