link2400 link2401 link2402 link2403 link2404 link2405 link2406 link2407 link2408 link2409 link2410 link2411 link2412 link2413 link2414 link2415 link2416 link2417 link2418 link2419 link2420 link2421 link2422 link2423 link2424 link2425 link2426 link2427 link2428 link2429 link2430 link2431 link2432 link2433 link2434 link2435 link2436 link2437 link2438 link2439 link2440 link2441 link2442 link2443 link2444 link2445 link2446 link2447 link2448 link2449 link2450 link2451 link2452 link2453 link2454 link2455 link2456 link2457 link2458 link2459 link2460 link2461 link2462 link2463 link2464 link2465 link2466 link2467 link2468 link2469 link2470 link2471 link2472 link2473 link2474 link2475 link2476 link2477 link2478 link2479 link2480 link2481 link2482 link2483 link2484 link2485 link2486 link2487 link2488 link2489 link2490 link2491 link2492 link2493 link2494 link2495 link2496 link2497 link2498 link2499 link2500 link2501 link2502 link2503 link2504 link2505 link2506 link2507 link2508 link2509 link2510 link2511 link2512 link2513 link2514 link2515 link2516 link2517 link2518 link2519
Пользователь с логином raihan_2493 не найден.
Еуразияның табиғат зоналары

Год: 2012

Страна: Казахстан

Класс: 9


Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған

№3 облыстық мектеп-интернаты

Байгожина Алмагуль Каримовна география пәнінің мұғалімі

Ашық сабақ

«Еуразияның табиғат зоналары. Арктикалық, субарктикалық және қоңыржай климаттық белдеулердің зоналары»

Сабақтың тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Арктикалық, субарктикалық және қоңыржай климаттық белдеулердің зоналары.
Сабақтың мақсаты: а) Білім беру. Материктегі табиғи зоналық ерекшеліктерінің климат жағдайларына байланыстылығын оқушыларға ұғындыру, табиғат зоналары орналасуына әсер ететін рельефтің зоналы факторлары, әрбір зоналардың басты ерекшеліктерін, адамдардың табиғат зоналарына тигізетін әсерін меңгеруін қамтамасыз ету.
Ә) тәрбиелеу: Экологиялық білім арқылы оқушылардың мәдениетін, және өмір салтына экологиялық көзқарасты қалыптастыру.
Б) Дамыту. Табиғат зонасында тірі табиғатпен, өлі табиттың байланысын түсіндіре отырып, дүниетанымдық көзқарасын дұрыс қалыптастыру. Салыстыра білу және себеп салдарлық байланысты таба білуін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің табиғат зонасының картасы, гербарийлер (кеппешөптер жинақтамасы), жануарлардың суреттері, схемалар және т.б.
Сабақтың барысы: Бүгін сабақта Евразияның ішкі сулардың қайталап шығамыз.
(әдісі - сұрақ-жауап)
1. Ішкі суға не жатады? Өзен, көл, сарқырама, бұлақ, минералды су, жер асты сулары.
А) өзен дегеніміз не?
Б) өзеннің қандай элементтерін білесіңдер?
2. Евразия материгінде ішкі су қалай бөлінген, жеткілікті ме?
3. Материктің өзендері қандай бассейндерге жатады? (Солтүстік мұзды мұхитына, Атлант мұхитына, Үнді, Тынық, Ішкі ағындар территориясына)
А) Солтүстік мұзды мұхитының өзендерін ата.
Ә) тынық мұхитының бассейніне жататын өзендерді ата.
Б) Үнді мұхитының бассейніне қандай өзендер жатады?
В) Ішкі ағындар территориясына қандай өзендер жатады?
Ауызша географиялық диктант:
1. Қандай өзен Бенгал шығынағына құяр кезінде, ұлан байтақ атырау құрайды? (Ганг)
2. Қандай өзен Охот теңізіне құяды? (Амур)
3. Қандай өзен Солтүстік Мұзды мұхитының бассейніне жатады? (Лена)
4. Қандай өзен Гималай тауынан басталады? (Ганг)
5. Қандай өзен Сары теңізге құяды? (Хуанхе)
6. Қандай өзен ішкі ағынды бассейнге жатады? (Амударье)
Көл дегеніміз не?
Ал енді Евразияның көлдерінің орналасу ерекшелігіне тоқталамыз.
Қандай көл:
А) дүние жүзіндегі ең терең көл?
(Байқал — 1620м)
Ә) қандай көл ең тұзды?
(Арал — 27%)
Б) қандай көл ең тұщы?
(Байкал)
В) қандай көл опырынды қазан шұңқырында орналасқан?
(Байкал)
Міне оқушылар біздің көптеген өзен, көлдеріміздің жағдайы нашврлап, экологиялық мәселесі шиеленісіп барады.
Әсіресе Арал тағдыры — адам тағдыры.
«Арал» туралы видео кассета көрсетіледі. Сондықтан біз судың таза болуын, үнемдеп жұмсалуын қадағалауымыз керек. «Судың да сұрауы бар», «ішетін құдығына түкірме», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп бекер айтпаған.
II. Жаңа білім беру (әдіс)
Біз бүгін, әдеттегідей жаңа тақырып өтеміз. Сабақтың тақырыбы «Евразияның табиғат зоналары».
«Сосын табиғат зонасы дегеніміз не?» деп анықтамасын сұраймын.
Табиғат зонасы дегеніміз бұл температура жағдайларымен ылғалдануы, топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі бірдей болып келетін ірі табиғат комплексін айтамыз. Евразияның табиғат зоналарының орналасуында ендік зоналық заңы байқалады.
Табиғат зоналары картасын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Евразияның табиғат зоналары анағұрлым алуан түрлі, материктің солтүстігінде табиғат зоналары тұтас алап болып созылып жатыр, тайганың оңтүстік тұсына қарай олар сол сияқты батыстан шығысқа қарай ауыса береді.
Табиғат зоналардың материкте орналасуы климатқа, жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
III. Класты үш топқа бөлемін. (тиісті жұмысты бөліп беремін)
Балалар тақтада жазылған ттабиғат зоналарының кестесін кітаппен және алдарындағы картамен жұмыс атқара отырып толтырып шығасыңдар.
Зонаның аты Топырағы Климаты Өсімдігі,
жануарлары


I топ: Арктикалық шөлдің таблицасын толтырады.
II топ: Тундра, орманды тундраның кестесін толтырады.
III топ: Тайга табиғат зонасының кестесін толтырады.
Келесі зонамыз қоңыржай белдеудің үлкен кеңістігін алып жатқан Шығыс Европа жазығында орналасқан аралас орманмен жалпақ жапырақты ормандардың табиғат зоналарына өзім қысқаша тоқталып өтемін.
III. «Көңіл толқыны» күйі ойналып жатады. Келесі тоқталатын табиғат зона қандай?
Оқушылар. Орманды дала мен дала табиғат зонасы.
Дала зонасымен сіздер қандай материкті өткенде танасып едіңдер?
Солтүстік Америка, онда ол зона қалай аталған? Прерий — ормансыз кеңістік деген мағына білдіреді. Сіздер бұл табиғат зонасының климатымен толығырақ 8 сынптың Қазақстанның физикалық географиясын өткенде танысасыңдар. Ал бүгінгі сабақта біз сіздермен бұл зонаның қасиетті, қадірлі тарихқа толы екендігін және даму болашағын қарастырамыз. Дала табиғат зонасында Қазақстанның 26 % территориясы, орманды дала зонасында 7 % орналасқан. Сонымен қатар осы зонада тілі, әдет ғұрпы, салт дәстүрі, мәдениеті ұқсас болған түркі тілдес халықтар мекендеген. Олардың тіпті аспаптары, тағамдары, кәсібі де бір мал шаруашылығы болған. Қазақстанның дала зонасында Ғұлама ғалым Қаныш И.Сатбаев жаяу аралап түсті металл кендерін ашып республиканың өндірісін дамытып экономикасын көтеруге үлес қосқан жер осы. Қазақтың үш жүзінің басы қосылып біріккен жері осы. Ал енді 1950-54 жылдарға тоқталатын болсақ, осы зонада тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. Миллион гектар жер жыртылып егіншілік қарқынмен дамыды. Бірақ бізге кері әсері де болды, көптеген құнарлы топырақтарымыз бүлініп, эрозияға ұшырады.
Ал енді біз бұл зонаның болашағын қалай елестете аламыз? Бүгінгі таңда бұл табиғат зонасында кішкентай Қорғалжын қорығы болса, болашақта XXI ғасырға аяқ басқан кезде - 2030 жылдары дала зонасында ең үлкен қорық болып, онда емдік қасиеті бар өсімдіктер өсіп, халықтар соның ішінде қазақ халқына қасиетті жылқы малы табын-табын өсіріліп, адамдар түгел қымызбенемделеді, қымыз адамға әрі қуат, әрі шабыт беріп адам жаны сая табатын жер осы жер болады.
IV. Келесі біздің соңғы зонамыз, шөл мен шөлейт. Біріншіден біз шөлдердің түрлеріне тоқталып өтейік. Біз сіздермен қандай шөлдердің түрлерін білеміз? Құмды шөл, сазды шөл, тасты шөл осылардың ішінде адамға біршама қолайлысы сазды шөл. Евразия материгінде және Қазақстанда қандай шөлдерді білесіңдер?
Шөл зонасының климатын, топырағын мұғалім өзі сипаттап шығады. Ал енді балалар, сендер өсімдіктану пәнінен қандай шөл мен шөлейттің өсімдіктерінің аттарын білесіңдер? Оқушылар бірнеше өсімдіктің аттарын атап шығады. Шөл зонасының кеппе шөптерін таратып беріп, олардың құрылысына, ерекшелігіне тоқталады. Олардың бойлары аласа, тікенекті, тамырлары ұзын болып келеді. Себебі, оған қоршаған орта да әсер етеді.
Дәптермен жұмыс. Географиялық терминдер.
1. Эфермерлер
2. Эрозия
3. Табиғат зонасы
V. Қорытынды. Жауын шашын өте аз, өсімдіктері сирек, кейбір жерлерінде мүлдем кездеспейтін табиғат зонасын ата. Ал, енді балалар бүгін біз не өттік? Не үйрендік? Соны тексеріп шығайық. Евразия материгінде табиғат зоналары қалай орын ауыстырады екен? Солтүстіктен — оңтүстікке қарай, батыстан — шығысқа қарай. Әр табиғат зонасының өзіне тән ерешеліктері болады. Ол қандай ерекшеліктер? (өзіне тән шекарасы, климаты, өсімдігі және жануарлар дүниесі болады).

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности