Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жаңа формациядағы ұстаз, инновациялық оқыту-сапалы білім берудің кепілі

Талдықорған қаласы

№9 орта мектеп

Директордың оқу-әдістемелік орынбасары

Ақшолақова Ғалия Молдағалиқызы

Жаңа формациядағы ұстаз, инновациялық оқыту-сапалы білім берудің кепілі

Қай ғасырда болмасын, «мұғалім-өзініңбілімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылатындығы» (К.Д.Ушинский) дәлелдеуді қажет етпейтінаксиоима болды. Сондықтан да ұстазтұлғасына, оның оқыту үдерісіндегі рөліне барлық уақытта ерекше мән берілді. Халқымыздың көрнекті қайраткері А.Байтұрсынов өз сөзінде: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім»-деп, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі-ұстаз екендігін атап көрсетеді.

Оқытудың озық технологияларын сараптап, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесін зерттеп, мектеп өміріне енгізуді көздейтін жаңа үлгідегі Жобаны қазақстандық білім беру жүйесіне көшбасшылық етіп отырған» Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ2012 жылдың қазан айынан бастап жүзеге асыра бастады.800 жылдан артық тарихы бар Кембридж Университетінің іс-тәжірибесіне негізделген бұл жоба мұғалім біліктілігін халықаралық стандарттарға сай арттыруды мақсат етеді.

«Бұл баңдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды.бұл теория бойынша оқушылардың ойлауын дамыту бұрынғы алған білімдерінің сыныптағы түрлі дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүргізуге негізделген.»

Мемлекетіміздің өзіне және тәрбиеленушісіне тұлғалық-гумандық көзқарасты ұстауға қабілетті мұғалімге деген сұранысы оның кәсіби шеберлігін, шығармашылық қабілетін, құзіреттілігін көтеру мәселесінің өзектілігін байқатады. Атап айтқанда 2005 жылғы Қазақстан Ресбуликасының Жоғары педагогикалық білім беру концепциясында жоғары педагогикалық білім берудің басты мақсаты оқушының жеке басының қалыптасуы мен даму мәселесін шығармашылықпен шешуге қабілетті кәсіби жағынан компетентті жаңа формацияның педагогын даярлау деген. Концепцияда педагогтың құзыреттілігі үш тұрғыдан, яғни, жалпы мәдени (дүниеге көзқарас), әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық) және пәндік-бағыттылық деп атап көрсетілген. (1,3) Демек, мұғалімнің, педагогтың, тәлімгердің, оқытушының кәсіби шеберлігін, құзіреттілігін жетілдіру бүгінгі педагогика және психология ғылымдарының ең өзекті мәселесі болып табылады. Олай болса, мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде шеберлік, кәсібилік, құзырлылық сияқты сатылардан өту арқылы жетеді. С.И.Ожегов сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман»- деп анықтама берілген. Жалпы, педагогикалық шеберлік-кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен біліктілік жүйесі. Педагогикалық шеберлік-педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсатты педагогикалық әсермен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін нақты, арнаулы білімдердің, біліктілік пен дағдыларының тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені. Олай болса, педагогикалық шеберлік іскерліктен, педагогикалық қабілеттен, кәсіби білім мен біліктіліктен, кәсіби сапалар жиынтығынан, педагогикалық техникадан тұратыны сөзсіз. Педагогикалық іс-әрекеттің биік шыңына апаратын баспалдақ-кәсібилік. Мұғалімдердің кәсібилік мәселесімен айналысқан белігілі ғалым А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған:

  1. Объективті критерийлер: Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес, әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әр түрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктілігі.
  2. Субъективті критерийлер: Адамның мамандығының қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкестігі; өз ісіне қанағаттануы және кәсіби-педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарасының болуы.
  3. Нәтижелі критерийлер: Мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған талаптарға сәйкестігі жағынан қарастырылады.
  4. Шығармашылық критерийлер: Мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесінің еңбегін өзгерте алады. Сонымен қоса мұғалімнің ғалым-зерттеуші сапаларына төмендегідей сапаларды жатқызуға болады:

-педагогикалық эрудиция (білімдарлық);

-ғылым салаларын тереңірек меңгеру;

-педагогикалық мақсат қоя білушілік;

-педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;

- педагогикалық сезімталдық; (интуиция);

- педагогикалық тез шешім қабылдау суырып салмалық өз жанынан жедел шешім шығару; (импровизация)

- педагогикалық байқағыштық және көрегендік; (2,39-42)

Ал кәсіби сапаларға мыналар жатады: әдептілік, сыпайылық, сезімталдық, тәрбиелілік, зейінділік, ізденімпаздық, шыдамдылық, адамгершілік, тәртіптілік, белсенділік, іскерлік, саяси сауаттылық, шыншылдық, сыншылдық, болжағыштық, патриоттық, өзбеттілік, принципшылдық, кешірімділік, батырлық, кішіпейілділік, балаға деген сүйіспеншілік, баланы құрметтеу.

Жалпы мұғалімдерде ең бастысы педагогикалық-психологиялық білімділік қажет - деп ойлаймын. Психологиялық-педагогикалық білімділік мұғалімнің кәсіби білімімен тығыз байланысты болатын білім. Ол дефференциялды-психологиялық, яғни оқу материалдарын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім; Әлеуметтік психологиялық-топтық және жеке мүшесінің оқу-танымдық және коммуникативтік әрекет ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім; Аутопсихологиялық-ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен кемшілігі және жеке басына тән сапалардың жиынтығынан тұрады. Сондықтан мұғалімдардың психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін (ППҚ) диагностикалау мен дамытуға байланысты 4 топқа бөлуге болады. (3,42-44-б)

Шебер мұғалім

Жаңашыл мұғалім

Зерттеуші мұғалім

Кәсіби-шығармашылық деңгейіне көтерілген мұғалім

Ғылым мен практикаға белігілі тәсілдерін үлгілерін жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптан тыс педагогикалық міндеттерді шеше алады. (өзі үшін жаңалық ашады) Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады. Мұғалімдерге өз тәжірибесін жеткізіп тарата алады.

Тұтас педагогикалық жүйелер немесе өзі жеке тапқырлық таныта алады және қолдана біледі. Басқалар үшін жаңалық болып табылатын шығармашылық жұмысын көрсете алады. Еңбектің негізгі нәтижесі –психикалық дамуына байланыстылығын түсінеді. Жаңалыққа жаны құштар.

Оқушыларды ғылыми –зерттеушілікке бағыттай алады, тапқыр –зерттеуші, басқа мұғалімдердің іздемпаздығын бағалай алады. Мұғалімнің кәсіби сапалары қалыптасқан.

Психикалық-педагогикалық жағынан қалыптасқан үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Кәсіби дәрежесі жетілген, жаңашыл зерттеушілік ерекшелігі дамыған ұстаз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік педагогика мен психологияны толық меңгерсе әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса онда өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе-білім беру, ғылымды дамыту, өркениет бітеннің өзегі, білім, ғылым тәрбие екендігінде ешкімнің таласы жоқ. Осы арада білім ордасы- мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім болып табылатыны баршаға мәлім. А.Байтұрсыновтың «мектеп керектері» еңбегінде былай деп көрсетілген: «мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді педагогикадан, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім… » Ұстаз қолында адам тағдыры, ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс атқарады. Мұғалім сөзі мен іс-әрекетімен мәдениетімен, білікті біліммен, ұйымдастырушылық қабілеті мен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады. Қазіргі қоғамға қажетті де осындай ұстаздар. Кез-келген елді әлемге танытатын — білімі мен ғылымы. «Мектеп-әлеуметтік мәселенің ең өзектісі» деп Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев үкіметпен жұртшылық назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайда жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігі арта түсуде. (6,176-177-б). «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деп қазақтың ұлы педагог ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті және кәсіби шеберлігі басты шарт екені аян. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді, қоғамдық қасиеттер, ата-ана мен бала психологиясы өзгерді. Қазіргі балалардың көпшілігі ешнәрседен қорқа қоймайтын, өзінің өміріне тек тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик қиялшыл емес жауапкершілікті жете қабылдамайтын, көп нәрсеге сене бермейтін жанашырлығы бауырмалдығы аз адамдар. Сондықтан кез-келген мұғалімдерді олардың жан дүниесі қабылдамайды. Олардың сұранысы өте биік. Бүгінгі күнгі мектеп мұғалімі жан-жақты, әлемдегі жаңалықтардан мағлұматты бар болғанда ғана жаңа формациядағы ұстаз бола алады.

XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейіміділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс. Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім - қоғам айнасы. Бүгінгі мұғалім кім ? Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау –қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жағашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан мектептерде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.

Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениетті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады.

1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі.

2. Білім деңгейін көтеруі.

3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындауы.

Белгілі педагог К.Ушинский «мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»-деген. Сондықтан ұстаз –шәкірт-ұстаз болуы қажет. Мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын анықтауға төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті;
  2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі;
  3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдептілігі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, өзін қоғамдық орындарда ұстауы, дауыс ырғағы, өнері, жан-жақтылығы.
  4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзімділігі. (5,112-113-б).

Инновациялық оқыту — сапалы білім берудің кепілі

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парагдимасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталған халқына Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» - деп атап көрсеткені белгілі. ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы — Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының күйін, оның прогрессивтік даму тарихын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, егемен қазақ елінің білім мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады. Қазіргі мектептердегі оқушылардың бойындағы функционалды сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға әзір, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Қазіргі талаптың басты міндеті — педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әідстерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Осы мақсатта республикамызда бұрын-соңды болмаған мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырудың 3-ші деңгейі бойынша 3 айлық курс іске асырылды.

Бағдарламаның мақсаты — оқушылар өздерінің қалай оқу керектіліне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.

Оқытудағы «Кембридж бағдарламасының» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсілі басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты — ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған.

Ал осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту? Ол — қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құралады. Бұл жерде «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген қытай мақаланың түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Ғалымдар оқыған, естіген, көрген т.б. әрекеттерден гөрі адамның өзі өзгелерге түсіндірген білім көп есте сақталатынын айтады.

Бағдарламаның басты жаңа бағыты — іс-әрекет арқылы зерттеу болып табылады.

Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгерді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады.

Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала — балқытылған алтын» деген қанатты сөзі еске түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі.

Стронг «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім» деп атап көрсеткендей, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан- жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдында жаңа міндеттер қойылып отыр.

Қорыта айтқанда, ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да ұстаздар өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген болса, бүгінгі қоғамымызды байтатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуде мол мүмкіндік ашылатыны сөзсіз. Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары –оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім-ғасыр көшін бастаушы болып табылады. Тәуелсіздігіміз-халқымыздың ғасырлар бойы армандап қол жеткізген бақытты, оның іргетасы мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбиесіне тікелей байланысты. Саналы білім-ел экономикасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға сай мазмұнды білім беру ұйымдастыру- 12 жылдық оқуға тікелей байланысты. 12-жылдық білім берудің негізгі мақсаты –еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны толықтай өзгерте отырып, жаңа заманға сай мектеп құру. Мектепті бітірген әрбір шәкірттің мақсаты айқын, міндеті нақты, өз қажеттілігін қанағаттандыруды көздейтін білімді іздеуге қабілетті болуы тиіс.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности