Казахстан, Мангистауская область, г. Жанаозен
Жанаозенская школа-гимназия
Учитель английского языка
Раметулла З.М.
If you are planning a year, grow rice
If you are planning a decade, plant tree
If you are planning a life, teach children.
(Шығыс мақалы)
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы жылғы «Әлеуметтік — экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Жолдауында «Білім беру білімді ғана беріп қоймай, оларды әлеуметтік бейімдеу процесінде пайдалана білу қажет» Ол үшін білім беру жүйесін жаңарту барысында оқыту үрдісіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, педагогтық құрамның біліктілігін арттыру керектігін баса айтты. Осы орайда мектеп және мұғалім алдындағы тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді.
Осы бағытта Назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетіміздің мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесінің негізгі қазығы болып отыр. Педагогтардың біліктілігін арттыру және оқытуда «Назарбаев Зияткерлік мектебі» педагогикалық шеберлік орталығында оқытудың жаңа әдістемелері мен технологиялары бойынша 2012 жылдың сәуір, мамыр және маусым айларында үш айлық курс бағдарламалары мазмұнының негізін құрайтын 7 модулді, олардың ішінде — сын тұрғысынан ойлау, оқу жетістіктері нәтижелерін сын тұрғысынан бағалау, ІТ-технологиясын пайдалану, білім берудегі заманауи әлемдік тенденцияларды айқындайтын білім берудегі менеджментті толық меңгеріп, қатаң дайындықтан өттім. Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің қосатын үлесімнің көп екендігіне сенімдімін.
Бағдарлама аясында жеті модуль бойынша оқыту туралы
Курстың «бетпе-бет» кезеңінің бірінші айында
Өзімнің ұстаздық еткен жылдар ішінде мен оқушыларға дәстүрлі түрде бір жақты немесе бір сарынды білімді, яғни оқушыларға дайын материалды (талқыланған, ой елегінен өткізілген, зерттелген білімді) оқытып келгенімді осы курстың «бетпе-бет» кезеңінің бірінші айында оқыған кезімде түсіндім. Оқушыларды жаттанды немесе уақытша есте сақталатын түрінде білім беріп, олардың ойлау қабілеттерін дамытуға аз көңіл бөлгенінімді ұқтым.
Осы бағдарлама аясында мен білім беру мен білім алудың жеті модульде құрастырылған стратегия мен тәсілдерді нақты үйреніп, ең бірінші өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды жетілдіре отырып оқушылардың да сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға, өздігінен ізденіп, ой-пікірін айта алатын қорытынды шығарып, тәжірибе жүзінде жасай алатын оқушы дайындау қажеттілігін, бұрын оқушы аз сөйлеп мұғалім көп сөйлейтін болса, енді керісінше мұғалім бағыт-бағдар беруші тұлға ретінде қарастырдым.
Қашықтықтан оқыту, мектептегі міндетті тәжірибе кезінде жеті модульді сабақтар топтамасында қалай ықпалдастырдым?
Басқа адамдардың менің жұмысымның дамуына қолдау жасайтынына көз жеткізу үшін мен төмендегі жұмыстарды атқардым.
Оқушылар, ата-аналар, әріптестер арасындағы мәдени қарым-қатынасты өзгерте отырып, өзіме деген нақты сенімділікті арттырып, (артқа шегінуге жол жоқ) сындарлы оқытудың мақсатын терең ұғындыра отырып, көзқарастарын түбегейлі өзгерттім. Өз болжамым, білімім мен сенімім, көзқарасым болмаған жерде әріптестеріме қандай бағыт-бағдар бермекпін. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғым келсе, онда өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабілетімді дамытып, пәнді оқытуда жіберген кемшіліктерді қатал сынға ала отырып, жаңашыл идеяларды, әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісіне енгізуге тиіспін. Менің және оқушылардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бақылау ұшін өз әріптестерімнен көмек сұрадым. Пән мұғалімдердің де сабақтарына қатысып, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынасын зерделедім, білім беру үрдістерін салыстырдым, қорытынды шығардым. Өз тәжірибемдегі кемшіліктерді оқушылардың өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алмауы, сыныпта немесе топта диалогтік сұхбаттың орын алмауы, өзін-өзі сын көзбенмбағалауға дағдыланбауы, мұғалімдердің оқушыларға сенім артпауы және т.с.с. Шешімін таппаған құндылықтарды әріптестер арасында талқылап іске асырдым.
Басқалардың менің жұмысыма қолдау көрсетуі үшін дәлелдеулерім жеткілікті болуы тиіс!
Интерактивті (әдісті) оқытуды әркім әртүрлі түсінеді. Менің түсінігімде сабақ үдерістерінде оқушылардың қызығушылығын оятатын әртүрлі сабақтың әдіс-тәсілдерін қолдану. Сабақ үдерістерінде өзімнің сыни тұрғыдан ойлауымды және оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін диалогтік оқыту мен оқуды өзімнің зерттеу тақырыбым ретінде алдым. Сондықтан мектептегі іс-тәжірибемнің басым бөлігін осы модулге бағыттадым. Және де «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» модулінде өткізген сабақтарым өзінің оң нәтіжесін берді. Өте көп жетістіктерге қол жеткіздім, сонымен бірге ақпарат құралдарына, интернет желісіне кіріп мұғалімдермен пікірлесуге қол жеткіздім.
Мен мектептегі тәжірибенің ең алғашқы күнінде мектеп басшылығы, бөлімше басшылары, әріптестер мен бағдарлама тыңдаушыларымен бірге сындарлы білімнің мақсатын таныстырдым.
Тәжірибеге кіріскен кезімде өзімнің жаңадан үйренген сабақ берудің әдіс-тәсілдерін сабақ үдерістеріне енгізуге үлкен ізденушілікпен кірістім. Сабақ жоспарлау, жан-жақтан мәліметтерді жинау, ақпараттар іздестіру, АКТ-ды қолдану өте қиынға соқты, бірақ жеті модульге сүйене отырып кірістірілген тәсілдер мен стратегияларды іске асыру тез, әрі шапшаң өз нәтижесін берді.
Өзімнің курса дейінгі іс тәжірибем (45 минут ішінде) барысында кездескен жалпы проблемалық мәселелер:
Оқушылар сыныпта көбінесе әңгімелесу тәсілдерін қолдана алмайтын болатын, топқа бөлінбеген жерде пікір алмасу, талқылау жүрмейді, әркім жеке өз түсінігінше берілген тапсырмаларды орындайды. Енді топтық, ұжұмтық, үштік диалогтік қарым-қатынасты орнатамын.
45 минут ішінде өз шешімін таппаған мәселелер шешілмеген жерде алға жылжу іске аса ма?
Осыған орай өзімнің әрбір сабағымда жалпы мәселелрді шешуге (сыни көзбен қарап шешуге) тырыстым. Және де Бағдарлама аясында қарастырылған жеті модульде қарастырылған стратегиялар мен тәсілдер менің мектептегі тәжірибемдегі сабақтар топтамасында төмендегі көріністерді тапты:
МаМамандықтар жөнінде мәліметтер жинақтап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылауда
1-топ Балық машина-МАА (3 бөлмелі)
2-топ Бес қабатты ұшатын машина “SDS”
3-топ Төрт бөлмелі машина
Топтар бірін-бірі төмендегі бағалау өлшемдері бойынша бағалады, бірін-бірі бағалау оларда қызығушылық тудырды. Орта буын оқушылары жоғары сынып оқушыларына қарағанда әділ бағалағанын қөрдім. Келешекте оқу үшін бағалауды жыл басынан жолға қоямын.
1. Writing №1-топ 3+4+5=4
2. Speaking №2-топ 3+5+5=4.2
3. Drawing №3-топ 3+3+5=3.7
Көшбасшы оқушылар Гүлмира мен Динара
8 «б» сыныбында “A Shopping Trip” сабағымда киім дүкені, көкөніс дүкені, кафе-бар және үй-офиске қатысты сауда орталықтарында оқушыларды сатушы мен тұтынушы рольдеріне кірістіріп, диалогтық қарым-қатынасқа түсу сәті.
Айгерім: Asel can sеw on buttons and darn socks.
Елдос: Baurzhan likes horror films
Бауыржан: Do you write a dairy? Jamilya writes dairy every day.
Динара: Do you know the first aid? Bauirzhan, he knows how to help people and how to do the first aid.
Оқушыларды сөйлеуге түгел тарттым. Диалогтік қарым-қатынасты орнаттым. Оқушылардың қызығушылығы өте жоғары болды. Сыныпта күлкі жиі-жиі естілді. Бұрынғыдан сөйлеуге шыныққан оқушылар байқалды: Асел, Айгерім, Елдос. Алдарына берілген бағалау өлшемдері бойынша оқушылар бірін-бірі бағалауда жоғары бағалау жол алды, себебі бұл олардың ең алғашқы бағалауы болатын. Бағалауда әділ әрі шынайылықтың қажет екенін түсіндірдім. Келешекте бағалау өлшемдерін әр сабаққа бөлек жасап, әрбір сабаққа қолданысқа енгіземін.
«Go and find out» (Who can sew on buttons and darn socks) әдісімде топты аралап жүріп сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап беру іс-әрекеті.
12.05.2012. күні 9 «а» сыныбында бүгінгі таңдағы технологияның ең дамыған түрі интернет, интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде пікір алмаса отырып, оқушылардың өздерінің ұсынысы бойынша дебат сабағын ұйымдастыруды сұрады. Сабақты өткізбес бұрын интернет мәселелері жөнінде талқылап бұл сабақтың мақсатының оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамытатындығын түсіндірдім және де оқушылар өздерінің айтатын мәліметтерін шын көңілмен қызығушылық тудыра отырып, айту қажеттілігін ұғындырдым. Оқушылар өздерінің жаңа тақырыпта қандай әңгімелер айтатынын серіктестермен бірге талқылады.
Сұрақтар тізімі оқушылар тарапынан ұсынылды:
1. Интернеттің бүгінгі таңдағы рөлі қандай?
2. Интернеттің артықшылықтары неде деп ойлайсыз?
3. Интернеттің адам денсаулығын зиянды жақтары бар ма?
4. Интернет арқылы мәдени қарым-қатынасты орната аламыз ба?
5. Интернеттің басқа да қандай кемшіліктерін атап көрсете аласыз?
6. Интернетке тәуелділік дегеніміз не?
7. Интернет арқылы өзіміздің ойлау қабілетімізді жетілдіре аламыз ба?
Бұл сынама сұрақтары сабақ барысында не үшін енгізілгендігін оқушылар өздігінен түсінуге тиісті.
Қатысушы: 7 оқушы. Жүргізуші: Махаббат. Көрермендер аудиториясы 10 оқушы.
1-топ. Clever teenagers: Әсел, Жамиля, Айгерім.
2-топ.The best speakers: Динара, Бауыржан, Мариям.
Зерттеуге алынған үш оқушы «Жылдам» Динара өзінің сөйлеуге, ойын айтуға икемделгендігін, орташа Жамиля мәліметтерді іздеуге, сөйлеуге дағдыланып келе жатқандығын, ұяң Бауыржан көп алдына шығып сөйлеуге бейім бола бастағандығын көрдім. Келешекте бейім және ұяң оқушыларды араластырып жұптық жұмыстарға тартамын.
Ғаламтордың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып, оқушылардың өз көзқарастарын қорғау кезі.
1-топ “Teacher”. Әселдің сөздік қоры өте аз, бірақ тиянақты, ұқыпты оқушы.
2-топ “Interpreter” . Динара сөйлеуде және оқуда шапшаң, ізденімпаз оқушы.
3-топ.“Journalist”. Махаббат орташа оқитын оқушы осы сабақ кезінде өзінің жан-жақты ізденімпаз ұйымшыл оқушы екенін көрсете білді. Бұл оқушы бұрынғы сабақтарда көп көрінбейтін болатын. Сайыс, пікірталас сабақтарын ұйымдастыруды Махаббат өзіне тапсыруды сұрады. Дебат сабағын жоспарлауды Махаббатқа сенім білдірдім. Оқушы өзіне артқан сенімді ақтады. Келешекте оқушыларды сабақ үдерістерін ұйымдастыруға тарту қажет екенін түсіндім.
Деңгейлік тапсырмада 12 оқушыдан 3 оқушы сөздікті, төл сөзден төлеу сөзге өзгертуді 4 оқушы, мәтінмен жұмысты 8 оқушы меңгерген, грамматикалық “prefer, would rather, had better” тапсырманы оқушылар меңгермеген. Тапсырмаларды қайта орындау үшін оқушыларға бір күндік ізденіс уақыт берілді. Жылдам Динара бір сағаттың ішінде тапсырманы қайта орындап шықты. Орташа Жамиля мен баяу Бауыржан келесі күні тапсырманы орындап біршама алға тартты. Келешекте грамматикалық деңгейлік тапсырмаларды жиі қолдануға тиіспін.
Оқушыларға топтық, жұптық жұмыс түрлері ұнап, өз ойларын айту оқушыларда сабаққа деген қызуғышылығын тудырды.
Сындарлы оқытуда өзімнің көшбасшылығымды дамыту жұмыстары қандай дәрежеде болды?
- Үштік қоғамдастықтың (ата-ана, мұғалім, мектеп, оқушы) үдерісін нақты ұйымдастырдым;
- Іс-тәжірибені жетілдіруді өз қолыма алдым;
- өзгерістер енгізу үшін әріптестермен серіктесте болып, шешімдер қабылдадым;
- кәсіби білімді құруға, таратуға бірлесе отырып ат салыстым;
- рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асырдым;
- құндылықтар мен мәселелрді анықтап, өзгерістер енгізу жөніне әріптестердің кеңестерін талдадым;
- мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау тауып, келісім мен кеңестер негізінде атқарылатын іс-әрекет жоспарын құрдым;
- әріптестерімізбен желілік қоғамдастық байланыста болып, идеяларымызды бөлісіп, жаңа идеяларды таптым;
- оптимистік көзқараста болып, дем беріп отырдым;
- әдістемелік оқулықтарды ағылшын тілінде оқып, сабақ үдерістерінде қолдандым.
Осыған дейін де көшбасшы мұғалім болдым деп айта аламын. Бірақ көшбасшы мұғалімдігім осы курс аясында шын мәніне жаңа жетіп келе жатқанына көз жеткіздім. Жоғарыда аталған мәселелер өз шешімін азғантай да болса тапты деп нақты айта аламын.
Қазақстан Республикасы бойынша ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасындағы қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізудің өзекті мәселелерін талқылау сәті.
Қорыта келе, мен үш айлық жалпы білім беретін мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы бағдарламасынан төмендегілерді үйрендім:
ӘРІПТЕСТЕР АРАСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ КЕЗЕҢІ
Бағдарлама аясында жеті модуль идеяларымен жұмыс жүргізу үдерісіндегі жетістіктерім:
Жеті модуль идеяларымен жұмыс жүргізу үдерісіндегі кемшіліктерім:
Жеті модуль аясында келешекте дамытамын: