Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту

Казахстан, Южно-Казахстанская область, Сайрамский район, с. Сайрам

Школа-гимназия №1

Учитель географии

Ниязхаджаева Санабар Исламовна

Зерттеу мақсаты: Оқушыларды география пәніне болған қызығушылығын арттыру.Сын тұрғысыдан ойлауға үйрету.Алған білімдерін өмірде қолдай білуге үйрету.

Зерттеу мәселесі: География сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

Зерттеу міндеттері:

География сабақтарында топтық жұмыс арқылы оқушылардың пәнге болған қызығушылығын артыру.Төмен деңгейлі сұрақтардан жоғары денгейге қарай сұрақ қою арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Жеті модуль ішіндегі әдіс-тәсілдерді қолдау арқылы оқушылардың белсінділігін арттыру

«Ешқашанда үлкен қиындықсыз

ұлы бастамалар болмайды»

Вольтер

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін нагізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану — ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік жаратылған. Сонымен қатар, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектептердің тәжірибесіне енуде. Жаңа әдістерді оқушының зияткерлік, іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы аталған барлық қасиеттерді оятатын, сонымен қатар әрі қарай дамытатын модуль — сын тұрғыдан ойлау модулі болғаны айдан анық. Өзімнің жиырма бес жылдан астам педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, сана елегінен барлық жеті модульдің маңыздылығы мен қажеттілігін саралап, сын тұрғыдан ойлау модулінің менің оқушыларыма тиімділігін анықтадым. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлау білуін, эстетикалық көзқарастарды пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, сын тұрғыдан ойлау — оқушыларымның алатын білімдерін сапалы етеді, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатынына сенімім кәміл.

Барлық заманда ұстаз өз шәкіртінің ойлау қабілетін дамытуға тырысқан. Ұстаз үшін баланың өз ойын толық, ашық және еркін жеткізуі маңызды. Мен географ ретінде, өзім Орта Азияның көптеген жерлерінде оқу іссапарларымен болып келдім, ал оқушыларға ондай мүмкіншілік қазіргі таңда тұмай тұр. Сондықтан сабақтарымды қызық өтуге тырысып, баланың абстракциялық ойлау қабілетін дамытуға тырысамын, онымен бірге керемет география әлеміне саяхат жасауға тырысамын. Ал ол қабілеттің барлығын, сын тұрғыдан ойлау стратегиялар толығымен дамытады.

Қазақстан Республикасының Президенті — Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - деп, сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Джон Дьюи былай дейді: «Біз жан — жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан — жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда менің іс-әрекетімнің тұжырымдамасы. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымын және басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.

Мен үшін ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.
Себебі, сын тұрғысынан ойлау менің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруін қарастырады. Нәтижесінде неғұрлым дамытылған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйретуіне көзім жетті.

Біздің мектеп, аудандағы өзбек мектептер арасында тірек мектеп болып табылады. Әріптестерімнің барлығы өте білікті де, білімді ұстаздар. Білім ордасы гимназия болып танылғандықтан, мектептегі оқыту жаратылыстану пәндерін терең меңгеруге арналған. Бірнеше жылдан бері география әдістемелік бірлестіктің әдістемелік тақырыбы «Оқытудағы жаңа технолгиялардың тиімділігі» болғандықтан, сын тұрғыдан ойлау модулін таңдауды абзал таптым.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы — дүние дүзінің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп білуге болады. Тәжірибені зерттеп, анықтап, саралап жүйеге келтірген Джон Дьюи, Дональд Шон, Чарльз Тэмпл және тағы басқа ұлы ғалымдар, баланың ой-өрісін дамытатын әдістің ең тиімділігі мен маңыздысы — баланың сын тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру қажет деп танып тұр. Олар өз еңбектерінің жобасын Жан Пиаже мен Лев Выготский теорияларына сүйене отырып жасайды.
Мақсаты, барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйретеді.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл қарапайым ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Мұндай тұжырымдама Мерсер мен Фишердіңде еңбектерінен аңғаруға болады. Белгілі ғалым Александер былай дейді: «Сыни ойлау — ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану. Сыни ойлау — белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс». Сыни ойлау — адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы — білімнің дайын күйінде берілмеуі. Мұғалім жалғыз білім трансляторы (таратушысы) емес деген қағиданы басшылыққа алу. Сын тұрғысынан ойлау — ойлау мен пікірлесуді дамытаттын сала. Оқушыны мұғаліммен, достарымен, құрбыларымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын стратегия.
Модульдің басты мақсаты — дамыта оқыту негізінде сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау мен пікірталасу қабілеттілігін дамыту, балаларға терең білім беру. Жаңа технология ретінде сын тұрғысынан ойлау, ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу — әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады.

Эдвард Глейзер сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:

  1. 1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өзінің тәжірибесін қалыптастыру өрісіне кіретін ойлау үдерісін жүзеге асыру;
  2. 2. Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу;
  3. 3. Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар;

(Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші (негізгі) деңгей бағдарламасының мұғалімге арналған нұсқаулығынан 42-бет)

Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалғаны міндетті деп есептеймін және сабақ барысында басшылыққа алу қажет деп білемін.
- оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
- әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
- үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
- кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
- оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
- сын тұрғысынан ойлауды бағалай білу;

Адамның тұлғалық дамуының негізгі параметрлері бұл — оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады.
Жалпы білім беру жүйесінің басты міндеті — жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылып жатқанын алға басып, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының екінші (негізгі) деңгейінде жеті модуль контекстінде қарастырылған сыни тұрғыда ойлау модулі, Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік деп білемін.

Қазіргі таңда өз тәжірибемнің тиімді дамуының бір жетістігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиясының пайда болуына оңтайлы ықпал жасау деп білемін. Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған озық оқыту технологиялары пайда болуда. Инновациялық технологияларды жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденсі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттерімен қарым — қатынасы басты орын алады. Тәжірибеме енгізілген өзіндік ерекешелігім, оқу үрдісінің айқындаған мақсатына жетуіме кепілдік беретіндігінде.

Сонымен қатар, тәжірибеме енгізілген өзгерістер арқылы оқу-танымдық қызметімнің құрлымы мен мазмұнының өзгергені көрінді. Оған дейін дәстүрлі сабақ беру әдістемеден бас тарту қиын болған, себебі жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгермей, нәтиже қандай болатыны мені алаңдатқаны рас. Себебі, сол жиырма бес жылдық тәжірибе барысында, өз тәжірибеме өзгерістерді адымдап енгізгеніммен, дәстүрлі сабақ беру әдісінен біржолата бас тарту үлкен қиындыққа ұшырататына сенімді болатынмын. Алайда, Пажарес өз пирамидасында оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендірді ғой. Тамыры терең кеткен дәстүрлі сабақ беру ұстанымы жаңашыл идеяларды қабылдауға кедергі болады деген қорқыныш болған жоқ. Себебі, қазіргі таңда дүние жүзі интеграцияға ұшыраған заманда, жаңашыл әдістер мен идеяларға ғана сүйене отырып, оқушының бәсекелестәк қабілеттілігін арттыруға болады. Тәжірибе барысында мен жетінші сыныпта сабақ өтуді ұйғардым, себебі, жетінші сынып бағдарламасында география пәні өз кереметтілігін толығымен паш ете алады. Жетінші сынып бағдарламасында жер бетінің экожүйесі толығымен қамтамасыз етілген. Сондықтан, жетінші сынып оқушыларының геграфия пәніне деген сүйіспеншілігі арта түседі. ҰБТ тапсырып, мамандық таңдауда,осы жетінші сыныпта оқып, географияны ұнатқаны себеп болды деп бірнеше оқушыларым айтқанда.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары екінші (негізгі) деңгейінің бағдарламасы тәжірибесі барысында 7- «Б» сыныбында сабақ өтуді мақұл таптым. Бұл сыныпта мен екі жылдан бері өз пәнімді оқытып келудемін. Сонымен қатар, бұл сынып оқушылары сабаққа деген ерекше зейін қояды, қызыға оқиды.

Тәжірибе барысында: «Материктер мен мұхиттар географиясы нені үйретеді?», «Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері», «Материктер мен мұхиттар карталары» және «Қорытынды» сабақтарын өткіздім. Мен өз сабақтарымды үш технологиялық цикл арқылы құрастыруды жөн таптым. Алдағы тәжірибемнің дәстүрлі сабағымен салыстыра отырып, бес кезеңдік сабақ барысын жинақтап үш кезеңге бөлдім. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейі
А) Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі — бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрды. Оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастадым. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер етіп, жүзеге асыруды көздедім. Осы кезеңге тап болатын «Топтау», «Түртіп алу», «Жұпта талқылау», «Ойлану», «Болжау», «Әлемді шарлау» атты стратегиялардан бастадым. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші бағдары — оқушының белсенділігін арттыру,ойткені, үйрену — енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, парталасымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушыларым бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырды. Дәлел ретінде, А — оқушы мен В оқушының

арасында болған пікіраталастан үзінді келтіргім келіп тұр:

- Сенің пікірің бойынша әлемді шарлау аэростатта жасаған дұрыс па? (А-оқушы)

- Әрине, себебі, аэростат арқылы құрылықтан да, мұхиттардан үзіліссіз шарлай аласың.(В-оқушы)

- Ал велосипедте шерудің несі ұнамайды, көптеген елдерде болып, олардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік аласың ғой. (А-оқушы)

- Велосипедпен тау шыңдарын, орман нуларын, дала самалдарын көріп, сезінуге болмайды ғой… .(В-оқушы)

Екінші кезең сабақты түсіне білуден тұрды.
Ә)Мағынаны тану . Бұл кезеңде оқушыларым жаңа ақпараттармен танысып, тақырып бойынша жұмыс істеді, тиісті тапсырмалар орындайды. Балалардың өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалды. Тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін INSERT оқыту стратегиясын қолдандым. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында  — «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады» деген жауаптарды «V, +, -, ?» — шартты белгілерін қойып отырып оқу тапсырмасы берілді. INSERT — балалардың оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал екендігі

түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездесетін болатын. Стратегияны қолдану барысында, мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыра отырып, аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі екендігін түсіндім. Оқушыларым білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады басты мақсат деп түсінемін.

Төрт сабақтың тақырыбы материктер мен мұхитарға байланысты болғандықтан, ой-толғаныс кезеңімен байланыстырдым. Күнделікті оқыту процессі барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретуді көздей отырып, оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алуды үйренді. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы — ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейтіні анық. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған, “Венн диаграммасы”, “Еркін шалау”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабағымның ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Бақылаудың ең тиімді әдістерінің бірі, бұл — бейнежазбаға түсіру әдісі деп білемін. Себебі, бейнежазба арқылы тек оқушының ғана барлық іс-әрекетін ғана танып қоймай, өзімнің да қимылдарымды саралауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аудио және фото суреттер арқылы дәлелдеме жинауға қол создым. Оқушылардың толтырған кесетелерін, семантикалық карталарын, жұмыс дәптерлерін дәлел ретінде тіркеуді ұйғардым. Және формативті бағалауға арналған «»смайликтерді» кеңінен қолдануды дұрыс деп таптым.
Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалай алуды меңгеруі, өзін-өзі құрметтеудің

жоғары деңгейі, «мен» бейнесінің айқын қалыптасуына сыни ойлаудың болуы көмектеседі. Сыншылдыққа өзін-өзі сезінудің қалыптасуының, жеке тұлғаның инттеллектуалдық дамуының, ғылыми дүниетанымы орнығуының негізі болатын дұрыс ойлау заңдылықтарын пайымдауды дәйектеп-дәлелдеудің әдістері мен тәсілдерін танып-білу арқылы география пәнін үйретуге, оны сүюге дағдыландыруға болатынын аңғардым.

Тәжірибе барысында менің зерттеуімнің аясында А,В,С — категориясындағы оқушылар болды. Олардың білім деңгейі мен үлгерімі тәжірибе алдында 60%, 50% және 40% құраса, тәжірибе барысында 5-7%, тәжірибе соңына қарай 10-12% өскені анық көрінді. Кесте бойынша көруге болады.

1- кесте (тәжірибеден бұрын)

Сабақ саны

Оқушылардың жауабының мазмұны

Пайыздық көрсеткіш

Сабақ 1

Толығымен меңгерді

33%

Қиыншылық тудырды

39%

Түсінбеді

28%

2- кесте ( тәжірибе барысында)

Сабақ саны

Оқушылардың жауабының мазмұны

Пайыздық көрсеткіш

Сабақ 1

Толығымен меңгерді

36%

Қиыншылық тудырды

35%

Түсінбеді

29%

Сабақ саны

Оқушылардың жауабының мазмұны

Пайыздық көрсеткіш

Сабақ 4

Толығымен меңгерді

47%

Қиыншылық тудырды

38%

Түсінбеді

15%

Алдағы тәжірибемде А-оқушым контур карталары мен физикалық карталармен ғана шектелсе, тәжірибеге енгізу барысында интернеттен ақпаратты алып, саралап, жауап беруге тырысты. В- категориясындағы оқушым өз ойын ашық және анық жеткізуге үйренді. Өз бетінше қорытынды шығара алуға ұмтылды. С- оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, төмен деңгейлік тапсырмаларды оңай орындап, орта деңгейлік тапсырмаларды орындауға кірісті. Сонымен қатар, тәжірибеге енгізу барысында жаңашыл әдіспен өткізілген сабақтар барысында мен А, В, және С оқушыларында қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуді байқадым. Әсіресе үзбей әрі үнемі картамен жұмыс жүргізіп, қажетті болған мәліметтерді жазып алуды әдетке кіргізді. Менің бақылау барысында байқағаным, оқушылардың көпшілігі құрылықтардың, аралдардың атуын, ірі мемлекеттердің астаналврын оқу кестелер үлгісін біріне сұрақтар қойып дәптерлеріне жауаптарын жазып алуды әдетке айналдырды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар. Сабақ барысында өздеріне қай материк ұнағанын, қай мұхитты шарлағаны келгенін айтқызып, бір-біріне ұсыныстар айтуына мүмкіндік жасадым. Айтылған ұсыныстардан кейін дәптерлеріне жазудың әр түрлі формада жазуға болатынын біргелесе анықтадық және оның мынандай жобасын жасауға бел будық:бұнаған материктер мен мұхиттарды жазу;
- бұрын соңды естімеген аралдар мен теңіздерді жазу;
- географиялық атауларға өзіндік ой тұжырым жазу;
- саяхаттауға байланысты ұлы саяхатшылардың өмірінен мысалдар келтіру
- қай досыңмен, немесе құрбыңме, жер шарын аралауға барар едің деген пікірлерін жазу.

Міне, осы қарапайым , бірақ жаңашыл әдіс арқылы мен өз оқушыларымның менің пәніме деген қызығушылығын арттырдым.
Осындай ойларды ортаға салғаннан кейін, балалар бір сарында емес, әр түрлі тақырыпта, жүйлеп, саралап ойлауды дағдыға айналдыратыны сөзсіз.
Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жаңа жолдарын талдадым, оқушыларыма өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызын әдістерді үнемі қолдануға бел будым. Сөйтіп, бақылауымда болған А, В, және С оқушылармды өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алуға,өз ерекшелігі мен деңгейін тануға шақырдым.

Тәжірибеме жаңалық енгізудің ең басты мақсаты — шәкірттеріме ойлау білігін дамыту болды. Бұл ұмтылыс сонымен бірге оларда өзін-өзі тану дағдысын да қалыптастыратынына сенімді болдым. Әр кезде оқушы өзіне құлақ салып, ішкі әлемін түсініп, оны түсіндіруге ұмтылғаны жөн болады деген қағиданы ұстанып, Джинни Раддоктың теориясына сүйеніп, сынып аудиториясы бұл тек менікі ғана емес, оқушының да аймағы деген ұстанымды естен шығармадым. Сонымен қоса, әр оқушымның өзінің дербес, ешкімге де ұқсамайтын, оған ғана тән ойларын жеткізе білсе, оны әрқашан да білім алуда ынталандырып отыратынын түсіндім.Саяхатшыт күнделігі, «Ассоцациямен жұмыс» стратегиясы «ДЖИКСО стратегиясы», «Венн диаграммаларын» кеңінен қолдану барысында бақылауда болған А, В, С — оқушылары деңгейлік тапсырмаларды орындауда талаптылық байқатты. Мәселен

Венн, диаграмаларын семантикалық картамен кестелермен түрлендірдім. Әдете бұл кестелерді толықтырғанда тек материктер мен мұхиттарды жазатын, мен оны толымды жасауға шақырдым: оқушылар мұнда өз ойлары мен пайымдауларын құрастырды. Екінші сабақ тақырыбы «Материктер мен мұхиттардың зерттеулі кезеңдері» бола тұра, тақтаға «Аралдар мен теңіздер», «Өзеңдер мен ойпаттар», үш ұғым жазып қойдым, олардың үшіншісі сабақ мазмұнына тікелей қатынасы жоқ. Солай бола тура оқушылар берілген ұғымдардың байланысы туралы өзіндік ойларын айтып, өз топтарында талқылауға кірісті. Бұл жерде С — категориядағы оқушының белсенділігін арттыру мақсатында, мен «Өкіл» страьегиясын қолдануды ұйғардым. Себебі, ол әр топтағы пікірлерді жазып алып, өз тобында талқылауға салып, қорытынды жасады.
Осындай ойлар тұрғысында ұйымдастырып ұсынылған жұмыстар аз да болса нәтижеге көрсете бастағандай болып көрінеді маған. Олай деп айтуға оқушылардың жұмыстары негіз. Бастапқыдай емес олардың жазбаларында ойланудың табы, сезіледі, енді оқушылар оқытушы үшін емес, өздері үшін жазатын болғандай, өзі ішкі жан дүниесіне үңілгендей сезім қалдырады. Алайда, бұл бағытта маған әлі де қыруар жұмыс атқару керектігін түсінемін. Сонымен қатар, «Джиксо» — ұжымдық оқыту әдісін қолдану барысында, балалар берілген тапсырманы алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылап, бір-бірінің пікірін назарға алуды, әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінуді, оқуға деген жауапкершілігі артылғаны сездіргім келді. Сабақ барысында әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырдым. Алдымен оқушыларды төрт топқа алтаудан бөлдім. Мозайка жолымен бөлуді дұрыс деп ұйғардым.

Бірінші топ «Магеллан» тобы деп аталды. Екінші топ — «Ж.Кук», үшінші топ — «Х.Колумб» тортінші топ — «А.Тасман» топтарына бөлінді . Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің бірінші бөлігін біріншілер, екінші бөлігін екі санын алғандар, үш және төртінші нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «Магеллан»тобында мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «Ж.Кук» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының түсінігіне байланысты екенін түсіндіріп өттім.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйреттім деген ойдамын.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді екендігін ескере отырып, оқушыларымның оқуға деген қызығушылығы арттырды, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптастыра білдім, саналы тәртіп орнықтыра алдым деген ойдамын.
Төртінші, қорытынды сабақ барысында мен «Еркін жазу» стратегиясын кеңінен қолдандым. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарымның қорыту кезеңінде пайдалану тиімді деп таптым. Себебі, төрт сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа да сол тәрізді өз пікірлерін қағаз бетіне түсіргені абзал болады деп таптым. Жазуға уақыт бердім. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырды. Ең жақсы деп танылған жұмысты оқуға болады дедім. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін еске ала отырып, А, В, С — оқушыларының пікірін жеке тыңдап, әр сабақта қолдануға болады деген пікірде тоқтадым. Әрі қарай, «Ассоцациямен жұмыс» стратегиясы арқылы оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту — ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту әдісін қолдандым. Бұл жерде В-оқушы мен С- оқушының іздемпаздық және шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызатын тапсырмалармен бекітілді.
Оқыту үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдайларда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін А-оқушының өз бетінше түйіндеме жасағаны көңілімді қуантты. Оған дәлел, А-оқушы менің көмекшім ретінде өз сыныптастарын ( В мен С оқушыларын) бағалауы болды.

Оқушының қойған бағасы

Менің қойған бағам

Қорытынды баға

В оқушыға 5

С оқушыға 4

В оқушыға 5

С оқушыға 4

В оқушыға 5

С оқушыға 4

Ал А- оқушының жауабы, менің материктер байланысына орай қойылған сұрағыма жауабы мынандай болды.

Материктердің бірін-бірімен болған байланысы.
Электронды жүйемен болған тығыз байланыс;
Мұхиттар арқылы тығыз байланыс;
Әуе қатынастары арқылы болған байланысы

Сөйтіп, бұл категориядағы оқушы, өз пікірін сызба арқылы дәлелдеп, мынадай кестелерге жауап жазды.

Материктер пайда болуының гипотезасы

Материктердің қағидаға сай пайда болуы

Неге мен дәл осы пікірді ешқашан назарға алмағанмын?

Неге мен осы қалыптасқан қағидаға сүйенуім қажет?

В- категориядағы оқушыларым мынадай кестелер бойынша жұмыс жасады.

Сұрақ

Жауап

Мен қандай ақпарат алдым?

Мен қандай пікірлерді ұсына аламын?

Сонымен, сабақтың ең маңызы — оқлушының рефлексия жасауы.

Рефлексиялық тәсіл — кәсіби қалыптасу барысында туындаған қарама –қайшылықтарды анықтауға, өзін - өзі тану мен өзіндік қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Рефлекциялық тәсіл негізінде оқу қызметі мен өз мінез — құлқына, оқушының кәсіби талдау жүргізуге дағдыланады. Ендеше, жаңашыл әдістерді оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда мынадай мәселелер ескерілу қажет деген ойдамын:

- педагогикалық қызметті өзіндік болжау мен жобалау технологиясына сай ұйымдасырылатын танымдық іс- әрекетті бағдарлау;
-жаңашыл оқыту жағдайында ақпараттық — технологиялық құзырлылығын жетілдіруге бағытталған ақпараттық технологиялардың жүйелілігін реттеу;
-өзіндік жұмыстарды ұймдастыру мен танымдық ынтаны қалыптастыруда психологиялық ерекшеліктердің есепке алынуы ескеру;
-инновациялық (жаңашыл) оқытуда тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктері мен субъективтілігін қамтамасыз ететін әдіс -тәсілдерді қолданудың қажеттілігін ескеру;
-білім, рухани және мәдени құндылықтар қоғамның дамуына сәйкестендіріліп, шығармашыл, рефлексивтік қабілеті, толеранттылық деңгейі мен кәсіби құзыретті тұлға қалыптасуын қамтамасыз ететін арнайы жүйе ретінде құрастыру;
Оқу тәрбие үдерісіне жүргізіп отырған бақылау нәтижелері қандай да бір білім технологиясын пайдалануға толықтай енгізу үшін оған жоспарлы, мақсатты дайындық қажет екендігін көрсетеді.

Сонымен, сын тұрғысынан ойлау оқушылардың білім алуда қандай нәтижеге алып келеді деген сұраққа былай жауап беруді ұйғарып тұрмын:

География пәнінде сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың стратегияларының артында менің оқушыларым танымдық белсенділігін арттырды, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Балалар сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, топта бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын сезіне білді. Сонымен қатар, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, ұстаздың шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігіне сенімім кәміл.

Алдағы тәжірибем барысында міндетті түрде топтық жұмысты нығайтамын.

АКТ материалдарын кеңінен пайдаланудың қыр-сырын меңгере отырып, оның оқушыға қаншамалықты пайдалы екендігін түсіндім. Сондықтан, алдағы тәжірибемде, АКТ-ны кеңінен қолдануды жоспарлап отырмын. Себебі, мен АКТ бойынша әрі өз шеберлігімді арттыруым қажет, балалармен біргелесе отырып, АКТ құралдарын меңгеруім керек.

ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты оқушылардың жауапкершілігін жоғарылату, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Болашақта мен осы мақсатқа қол жеткізетін боламын деген мақсат етіп қойдым.
Себебі, бүкіл дүние жүзі, тек білім саласы ғана емес, қоғам өмірінің барлық салаларыында: әлеуметтік, экономикалық, қала берсе индустрия мен қорғаныс салалары жаңа технологияларды қолданып, өзгерістер туып отырған жағдайда, білім беру ісінде де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды барлығымызға түсінікті. Инновациялық (жаңашыл) педагогикалық іс - әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама — қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім тұлғасын қалыптастыруға бағытталса, өзімнің бұл өзгерістен тыс қалмауым заңдылық деп білемін.
Педагогикалық жаңалық — жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық үрдіс элементтерінің бірлігін немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы деп түсінемін. Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарының бірі — сын тұрғыдан ойлау қабілеттілігін дамыту деп есептеймін.

Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеінің біліктілігін арттыру курстары екінші (негізгі) деңгейінде жеті модуль контекстінде қарастырылған бағдарламасы менің тәжірибемнің біржолата өзгеруінің негізігі себепшісі болды деп толық сеніммен айта аламын. Дәстүрлі сабақ беру әдісінен бас тарту — ең басты жетістігім деп білемін. Шеберлігімнің деңгейі бір саты тағы да жоғарлады деп айтуға толық негіз бар.

Білім беру - тұлғаның ұлттық шығармашылық және интелектуалдық деңгейі қалыптасатын сала. Сондықтан да мен өз мектебімде жаңашыл білім беру жүйесінсін жетілдіруге, осы саланың инновациялық қызметінің белсенділігін арттыруға ат салысуым сөзсіз. Бұл бағытта география пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздеймін.
«Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жеке кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш — қуат мүмкіндіктерін дамыту, даралықты дамыту үшін жа ғдай жасау арқылы ой-өрісін байыту, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, білім беруді ақпараттандыру» деп, Қазақ Республикасының «Білім туралы» Заңында нақтылап, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде жеке адамның білімділігін арттыру, жеке тұлғаның құзырлылығын қалыптастыру, білім берудің дамытушы сипатын жетілдіру секілді маңызды мәселелерін айқындап, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін айқындап қойған жоқ па?

Алдағы менің мақсатым, өзімнің сабақтарым арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік Пті, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру, қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділікті көрсете алатын, халқымыздың табиғатын, қазба байлықтарын ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылармен қаруланған, дүниетанымдық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, мектебімнің география пәні әдістемелік бірлестігінің әр мұғалімінің қызметтік ұраны мен бағыты мынаған саяды:

1. Оқушылардың рухани адамгершілік қасиетін байыту және эстетикалық танымын кеңейту, географиялық мәдениетін қалыптастыру;
2. Өмірдегі кездесетін жағдаяттардағы мәселені шешуде география сабақтарында алған білім мен тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға, өз өмірлеріне қолдануға үйрету;
3. Ойын еркін, шешен жеткізе алу, Карталық және жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру немесе ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе алуын, жазылған мәтінді, ақпаратты түсіне алуын және өз ойын жазбаша жеткізе алу қабілетін дамыту.

Міне, осы тұжырымдамаға сүйене отырып, жұмыс жасайтын болсам, менің оқушыларым үлкен өмірде өз мамандығының қас шебері болып, нырық бәсекелестігіне дайын бола алатын тұлға болуына сенімдімін. Тек тер төгу арқылы білім шыңына өрлей аламыз. Сондықтан менің әлі де алатын белестерім мен бағындыратын шыңдарым алада, оның барлығын Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеінің біліктілігін арттыру курстары екінші (негізгі) деңгейінде жеті модуль контекстінде қарастырылған бағдарламасын арқылы тәжірибемде жүзеге асыуына көзім жетті.

«Бір жыл алдына-ала ойлаған ел — нан өсіреді,

Он жыл алдына-ала ойлаған ел — бау өсіреді,

Жүз жыл алдына-ала ойлаған ел — жас ұрпақ өсіреді»

Конфуций

Пайдаланған әдабиеттер: ә
1.Қазақыстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.

2.Мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ.

3.Мектептегі тәжірібе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности