link7257 link7258 link7259 link7260 link7261 link7262 link7263 link7264 link7265 link7266 link7267 link7268 link7269 link7270 link7271 link7272 link7273 link7274 link7275 link7276 link7277 link7278 link7279 link7280 link7281 link7282 link7283 link7284 link7285 link7286 link7287 link7288 link7289 link7290 link7291 link7292 link7293 link7294 link7295 link7296 link7297 link7298 link7299 link7300 link7301 link7302 link7303 link7304 link7305 link7306 link7307 link7308 link7309 link7310 link7311 link7312 link7313 link7314 link7315 link7316 link7317 link7318 link7319 link7320 link7321 link7322 link7323 link7324 link7325 link7326 link7327 link7328 link7329 link7330 link7331 link7332 link7333 link7334 link7335 link7336 link7337 link7338 link7339 link7340 link7341 link7342 link7343 link7344 link7345 link7346 link7347 link7348 link7349 link7350 link7351 link7352 link7353 link7354 link7355 link7356 link7357 link7358 link7359 link7360 link7361 link7362 link7363 link7364 link7365 link7366 link7367 link7368 link7369 link7370 link7371 link7372 link7373 link7374 link7375 link7376 link7377 link7378 link7379
Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
9-сыныпқа арналған «Мінез — адам көрсеткіші» атты сабақ жоспары

Республика Казахстан, Северо-Казахстанская обл., район Магжана Жумабаева, г. Булаево

КГУ "Булаевская средняя школа №4"

учитель Самопознания
Хозина Г.Д.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Мағжан Жұмабаев ауданы,

№4 Булаево орта мектебі

Хозина Гүлсім Досжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Мінез — адам көрсеткіші

Мақсаты: оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;

- Жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;

- Адамгершілікке тәрбиелеу

- Өзге жұрттың еңбегін бағалай білуге үйрету

Кіріспе:

- сәлемдесу

Шаттық шеңбері:

Балаларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызып, психологиялық дайындық жүргізіледі. «Мен бүгін…» деген сөзді айтады да тақтада жазылған сөздерді оқиды

- нақты әрі дұрыс ойлаймын;

- ойларым жеке құндылықтарыммен үйлеседі;

- өзімді сабақта жігерлендіремін, әрі қолдайтын ойларды таңдаймын;

- игілігіме кедергі келтіретін әдеттерден құтыламын;

- ойларым — байлығым мен бақытымның бастауы;

- мінезімдегі міндерімді дұрыстай аламын;

Бүгін сабақта осы оқығандарыңызды ескере отырып жауап беруге тырысыңыздар.

Ал қазір сынып тез арада «1» және «2»-ге саналасыздар. Бірге саналғандар бір қатарға, екіге саналғандар қарсы қатарға отырасыздар.

Сынып «Мейірім» және «Келісім» тобы болып екіге бөлінді.

(Екі топ та бүгінгі сабақта баптап ағаш өсіріп шығару керек. Ол үшін екі топқа да отырғызылған бұтақ беріледі. Қарсы топ дұрыс жауап берген кезде ағашқа жасыл жапырақ ілесіздер, егер дұрыс жауап бермесе сары жапырақ ілінеді.)

Ол үшін тақтадағы сөздерді оқып шығасыздар.

1-тапсырма Тақырыпты шығару

(Мәрт, ізгілік, намысшыл, ержүрек, зейінді, адал, дарынды, арлы, мейірімді, кішіпейіл, өжет, ризашыл, сенімді, еңбекқор, төзімді, кешірімді, іскер, шыдамды, іздемпаз.)

Тақтада берілген сөздерді оқыған кезде ойларыңа не келді?

- Берілген сөздер адам бойынан табылатын қасиеттер.

2-тапсырма Сөздік жұмысын жүргізу

- Берілген сөздер арасында көп айтыла бермейтін, түсініксіз сөздер кездесті ме?

- «Мәрт» сөзі

- Мәрт деген сөз ертеректе парсы сөзі деп те келген екен. Тек бұл сөз қазақтың көне сөзі болып есептеледі екен. Ол дархан, жомарт деген ұғымды білдіретін қазақтың көнеден келе жатқан сөзі.

Ендеше қазір осы берілген сөздердің тек қана бірінші әріптерін теріп жазасыздар. Сонда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.Шыққан тақырыптың керекті тыныс белгісін қоясыздар.

Мінез — адам көрсеткіші

Бұл бүгінгі сабақтың тақырыбы болып есептеледі.

Оқулықта осы тақырыпқа берілген өлеңді кезектесіп оқимыз.

3-тапсырма Тақтамен жұмыс

Жақсы міннез, жылы сөз — жан дәруі,

Жігіттің керек мұны аңғаруы.

Бейпіл сөйлеп, тік мінез танытқанның

Тіптен оңай адасып, сандалуы.

Мінездер бар жақсы-жаман, әр алуан,

Әдептілік әділдіктен нәр алған.

Кең болғанның кем болғанын көрмедім,

Теңізге ұқсап тасып жатқан шараңнан.

4- тапсырма Пікірталас

1.Сұрақтарды қарсылас топ бір-біріне қояды. Егер жақсы жауап берсе жасыл жапырақ іледі, жауабына көңілі толмаса сары жапырақ іледі.

- Неліктен «Мінез — адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?

- Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

- Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

- Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсың?

2. Оқулықпен жұмыс (1шумақты І топ, 2 шумақты ІІ топ оиды) қай топ мәнерлеп, нақышына келтіріп оқиды. Сынаймыз. Оқуларың жапырақпен сыналады.

Тапсырма:

Абай айтқандай адам бойындағы міндердің бүгінгі күндегі көріністері қандай

3. Мәтінмен жұмыс

Мәтін оқылады.

Талдау:

Автор осы мәтінді жазғанда оқырмандарға не айтқысы келді?

Мәтіннің сендер үшін ең негізгі тұсы қайсысы деп ойлайсың?

4. Ақпарат

Мінездің сұлулығы. Жанның өз әсемдігі бар, оның кербездігі — істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі — жаратпайтын адамы туралы жақсы пікірлер айту.Ол әсіресе өш алу былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді.

Сондықтан қазақта таспен атқанды аспен ат деген. Өзіңе жамандық ойлаған адамға ешқашан кек сақтамай керісінше жақсылық істе. Өз ісің оңға басады. Бұл өмірдің шындығы.

Тыныштық сәті

Қазір өздерің біреді ренжіткен не болмаса қуантқан кездерің болса, естеріңе түсіріңдер. Өздеріңді сол адамның орнына қойып көріңдер. Іштеріңнен пайымдап көріңдер. Қаншалықты дұрыс істедіңіздер ме, жоқ па?

5. Суретпен жұмыс

Сынып топпен сурет салады.

1) «Мейірімді» адамның кейпін (смайлик) суреттейді

2) «Қатал» адамның кейпін суретейді

6. Слайдта берілген сурет туралы оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салады. Суреттен ұққандарын айтады.

7. Екі топ кезектесіп мақал-мәтелдер айтып жарысады.

8. Дәптермен жұмыс

Бүгінгі сабақтан қандай қандай қорытынды шығардыңдар. Ой-пікірлеріңді жазыңдар.

9. Бағалау . Екі топ ағаштарының қаншалықты жайқалып өскенін салыстырады.

10. Қазір алдарыңдағы жүрекшелерге тілектер жазып қонақтарға бересіздер.

Үй тапсырмасы

24 беттегі 2-тапсырманы орындап келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности