link13483 link13484 link13485 link13486 link13487 link13488 link13489 link13490 link13491 link13492 link13493 link13494 link13495 link13496 link13497 link13498 link13499 link13500 link13501 link13502 link13503 link13504 link13505 link13506 link13507 link13508 link13509 link13510 link13511 link13512 link13513 link13514 link13515 link13516 link13517 link13518 link13519 link13520 link13521 link13522 link13523 link13524 link13525 link13526 link13527 link13528 link13529 link13530 link13531 link13532 link13533 link13534 link13535 link13536 link13537 link13538 link13539 link13540 link13541 link13542 link13543 link13544 link13545 link13546 link13547 link13548 link13549 link13550 link13551 link13552 link13553 link13554 link13555 link13556 link13557 link13558 link13559 link13560 link13561 link13562 link13563 link13564 link13565 link13566 link13567 link13568 link13569 link13570 link13571 link13572 link13573 link13574 link13575 link13576 link13577 link13578 link13579 link13580 link13581 link13582 link13583 link13584 link13585 link13586 link13587 link13588 link13589 link13590 link13591 link13592 link13593 link13594 link13595 link13596 link13597 link13598 link13599 link13600 link13601 link13602 link13603 link13604 link13605 link13606 link13607 link13608 link13609 link13610 link13611 link13612 link13613 link13614 link13615 link13616 link13617 link13618 link13619 link13620 link13621
Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Шетел тілі сабағының психологиялық тұрғысы

Казахстан, Ақмола облысы

Ақмола облысы «Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты»

Ағылшын тілі мұғалімі

Жунусова Сауле Еркеновна

Шетел тілі сабағының психологиялық тұрғысы

Әрбір сабақ және оның элементтері маңызды, әдістемелік және психологиялық тұрғыларды тани білуді талап етеді.

Сабақтың мазмұны оқылатын тілдік материалмен анықталады және таңдап алған тәсіл әдістемелік қабылдаулар арқасында іске асады, демек едәуір психологиялық тұрғымен қарым-қатынасы болып жататын ескертеді. Дәстүр бойынша сабақтың психологиялық жағынан студенттердің сөйлеу қабілеттерінде қаншалықты психологиялық процестерді түсіне алуын қалыптастырады (түйсік, есте сақтау, ойлау).

Сонымен қатар бір топ студенттер мен мұғалімнің қарым-қатынасын, тілдік ортаны сабақ өткізгенде біріншіден қарым-қатынастың жалғасы,екіншіден объективті шарттармен анықталды деп қарастыруға болады.

Педагогикалық қызметін жаңа бастаған маман сабақтың негізгі әдістемелік тұрғы болады деп, ойлайды.Сондықтан ең алдымен оқыту әдістемесімен меңгеріп алуға ұмтылады, барлық шеберліктің «Құпияларын» тани білуді көздейді. Бірақ, шетел тілін оқытудың технологиясын жеткілікті ұғып алғаннан кейін оқыту әдістерін жалғастыра жетілдіру барысында міндетті түрде тілді оқып үйрену кезеңдегі психологиялық компонентіне назар аудару керек. Осы компонент негізгі болып шығады және сабақтың эмоцианалды жағынан оқу нәтижесін анықтайды. Психологиялық тұрғыны есепке алмасақ, ең тиімді әдіс-тәсілдердің өзі күткен нәтижеге жеткізе алмайды. Тіпті егер сабақ әдістемелі түрде дұрыс дайындалса да, топтағы студенттер және мұғалім арасындағы қарым-қатынастары және объективті жағдайлар ескерілмесе жақсы нәтижеге жетуге қиын.

Көптеген оқытушылар сабаққа кіргенде өзінің жағымсыз көңіл-күйін, ренішін оқыту бөлмесісіне ала кірмеу керек деген ұғыммен келіседі. Студенттермен жақсы қарым-қатынас орнату үшін ең алдымен жақсы көңіл-күй, сергек түрде, сәнді костюм, тағы сондай сияқты-алғышарттар қажет.

Сабаққа дайындалғанда келесі шарттарға мән беру керек.

- сабақ аптаның қай күнінде өтетінін;

- шетел тілі сабағының өткізу мерзімін;

- шетел тілі сабағының алдында қандай сабақ болғанын;

Сабақты қызықты өткізу үшін шетел тілін оқытушы әдістеме негізінде үлкен ұстамдылық және тапқырлық танытуы қажет.

Ал психологиялық жағынан мұғалімге қаталдық пен шыдамдылық, талап қою және әдептілік сияқты қасиеттерін көрсете білуі керек. Студенттердің енжар көңіл-күйлерін жеңе отырып, мұғалім оларды қайта-қайта жұмыс істеуге құлшындыра түсуі керек. Оқытушы студентке көмектеседі: студентке талап қоя отырып оған жұмыс істеуге жағдай жасайды. Ең соңында жұмыс жағдайы орнайды да, сабақ өз ағымымен өте береді.

Әрине, әр студенттің жеке басының мінез-құлқын ескере отырған жағдайда ғана олардың іс-әрекетін басқарып, қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызуға болады. Диалог, рольдік ойындарды ұйымдастырған кезде олардың білім деңгейін ғана ескермей, мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, қарым-қатынастағы белсенділіктерін, студенттер ортасындағы абыройын да ескерген жөн.

Сондықтан, сабақтың әр кезеңінде студенттердің жұмысын ұйымдастырған кезде оқытушы олардың көңіл-күйіне оң әсерін тигізетін жұмыс түрін пайдаланады.

Студент те қателесуге құқылы, өйткені ол сол тіл ортасында өмір сүрмейді және сол тіл иесіндей қатесіз сөйлей алмайды. Сонымен қатар, егер қате саны көп болса, ол материалды толық меңгермегендігін, оқытушы жағынан жіберілген олқылықтарды көрсетеді. Ол үшін оқылған материалмен байланысты түзету жаттығуларын өткізген жөн. Грамматикалық тарату материалдарының тіл жаттығуларын дайындауда қолданылуы үлкен әсерін тигізеді.

Студент сөйлеуге қорықпас үшін «қателік — біздің көмекшіміз, ол - дәрігер тәрізді, қай жерің ауыратынын көрсетеді және емдейді » деп түсіндірген дұрыс.

Әдістемелік әдебиетерде шетел тілі мұғалімі мейірімді, әзіл-қалжың сезімін ұстануы керек деген пікір кездеседі.

Әзіл қайшылықтар кезінде жақсы көмекші болып табылады, сонымен қатар жақсы дайындалған студенттерге тиімді қосымша тапсырма ретінде пайдаланады. Оқытушы қысқаша әзіл әңгімелерді айтады, ал ең үздік деген студенттер оны өзінің топтастарына айтып береді.

Сабақтың қорытындылау кезеңіне ерекше көңіл бөлген абзал. Егер сабақ сәтті, әрі тиімді өтсе де, студенттердің көңіл-күйін көтеруге, білім деңгейлерінің өскендігін, шетел тілі сабағына қайта келуге ықыластануына сабақтың соңғы кезеңі әсерін тигізеді.

Менің ойымша, студенттің белгілі бір материалды меңгергендігі емес, оған сабақтың ұнағандығы, сабақ сәтті өткендігін көрсетеді.

Сөз соңында айтарым, сабақтың өктемдік түрде өткізу формасын, бірлесе отырып жұмыс істеу түріне ауыстыру оның психологиялық жағын одан да жоғары дәрежеге жеткізеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности