link14280 link14281 link14282 link14283 link14284 link14285 link14286 link14287 link14288 link14289 link14290 link14291 link14292 link14293 link14294 link14295 link14296 link14297 link14298 link14299 link14300 link14301 link14302 link14303 link14304 link14305 link14306 link14307 link14308 link14309 link14310 link14311 link14312 link14313 link14314 link14315 link14316 link14317 link14318 link14319 link14320 link14321 link14322 link14323 link14324 link14325 link14326 link14327 link14328 link14329 link14330 link14331 link14332 link14333 link14334 link14335 link14336 link14337 link14338 link14339 link14340 link14341 link14342 link14343 link14344 link14345 link14346 link14347 link14348 link14349 link14350 link14351 link14352 link14353 link14354 link14355 link14356 link14357 link14358 link14359 link14360 link14361 link14362 link14363 link14364 link14365 link14366 link14367 link14368 link14369 link14370 link14371 link14372 link14373 link14374 link14375 link14376 link14377 link14378 link14379 link14380 link14381 link14382 link14383 link14384 link14385 link14386 link14387 link14388 link14389 link14390 link14391 link14392 link14393 link14394 link14395 link14396 link14397 link14398 link14399
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Мұғалімнің кәсіби біліктілігі–нәтижеге бағытталған білім сапасының кепілі

Казахстан, Кызылординская область, Казалинский район
кент Айтеке би,гимназия №226 им Б.К.Мергенбаева

Учитель английского языка

Бибинур Аймагамбетова Асылбековна

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті

Б.К.Мергенбаев атындағы№226 гимназия

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Бибінұр Аймағамбетова Асылбекқызы

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі  — нәтижеге бағытталған

білім сапасының кепілі

Өз тәжірибесін жүйелі талдап, жалпылап отыру ғана мұғалімнің күнделікті педагогикалық қызметіне шығармашылық сипат береді.

М.Скаткин

Тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсе жоқ.

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе -сол ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі-үлкен көргендіктің белгісі.

Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен биылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында таяудағы 10 жылға айқындалып отыр.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын қолдау-барша ұстаздардың міндеті екені де анық.

Өзекті мәселе-жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда халқымыздың тағдыры- жас ұрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, жаңа бағыт, үлкен серпін әкелу-ұстаздар, бұл сіздердің жауапкершіліктеріңіз ұлы ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен: «Сен бұл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің». Осы сөз - әрбір ұстазға арнап айтылғандай. Ұстаз-бұл тек тәрбиеші ғана емес, сонымен бірге дос, біздің қоғамымыздағы білікті тұлғаны биікке көтеретін адам. Озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек.

Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға болады.

Қазіргі таңдағы оқыту мақсаты — оқушының танымдық тәжірибесін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал, көмек көрсету.

Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы — бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағадарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады..» делінген ҚР-сы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында. Орынды айтылған пікір жеке тұлғаны тәбиелейтін адам — мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:

1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;

2.Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;

3.Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;

4.Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;

5.Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау. . Сабақ беру үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. Шығармашылық жазба жұмыстары — тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар беремін. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты — логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады.

Ағылшын тілі бесінші сыныптан басталады, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. Бесінші сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлығы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Сол кезде оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімдеп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма бере бастаймын. Мысалы: бесінші сыныпта оқушылар диалогты оқып, мазмұнын түсініп отырса ол оны кітапсыз, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Осы кезде жиі-жиі рольдерін ауыстырып отыру керек. Және диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Мысалы: «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30 — 50 сөзден құралған мәтінді даярлап оқушыларға үлестіремін. Олар сөйлемдердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.

“Where did you get it?”

When uncle Peter came to their house mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much Little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said you have very good eyes where did you get it the boy answered from the rat- trap.

Тапсырманы орындаған соң оқып, мазмұнын айтып береді.

Тағы бір мысал: «Әңгіме құра»

Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін, кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын. Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Таза және кір киінген баланың суретін көрсетемін.

Тақырыбы «Clothes».

Сұрақтар: Who is this? What is this boy? What kind of clothes is he wearing? Is this good or bad? Why?

1.”Joyful circle”

Ilove so myself

And I can love you as myself

And you can love yourself

That you love me

3. Word Jumbles: write a series of random letters on the chalkboard and ask students to write down as many words as they can. This is also a great way to review new vocabulary.

Name\ Adjective Combinations: ask students to come up with an adjective that begins with the first letter of their name and also describes their personality eg: Bibinur — beautiful

Chain stories : begin a story and have each students add on a new sentence or two. Each new section must relate to the previous one , making one continuous story.

Who are you?

Bibinur, beautiful, peaceful, active, modern joyful, kind;

Тірек сөздермен әңгіме құрау. Eg: blue shoes, thick woman, it’s evening, a boy;

Күтілетін нәтиже: • Оқушы ағылшын тілін саралай отырып,өмірде өзінің қажеттілігіне қолдана алуы. • Шет тілінен жоғары деңгейдегі шығармашылық тапсырмаларды дайындауы. • Өзін-өзі дұрыс бағалауын анықтау. • ұлттық біріңғай тест қорытындыларының жариялылығы арқылы жалпы орта білімнің мәселелеріне қоғамның назар аудару; • білімнің мазмұның жетілдіру бағыттарын анықтау, оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, оқыту технологиясының, мұғалімдер даярлаудың сапасын жақсарту; • мұғалімдер мен оқушылардың оқу үрдісінде жақсы нәтижелерге жетуге деген ынтасын күшейту. •

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана ,біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ.Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009

2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008

3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007

4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009

5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности