link12720 link12721 link12722 link12723 link12724 link12725 link12726 link12727 link12728 link12729 link12730 link12731 link12732 link12733 link12734 link12735 link12736 link12737 link12738 link12739 link12740 link12741 link12742 link12743 link12744 link12745 link12746 link12747 link12748 link12749 link12750 link12751 link12752 link12753 link12754 link12755 link12756 link12757 link12758 link12759 link12760 link12761 link12762 link12763 link12764 link12765 link12766 link12767 link12768 link12769 link12770 link12771 link12772 link12773 link12774 link12775 link12776 link12777 link12778 link12779 link12780 link12781 link12782 link12783 link12784 link12785 link12786 link12787 link12788 link12789 link12790 link12791 link12792 link12793 link12794 link12795 link12796 link12797 link12798 link12799 link12800 link12801 link12802 link12803 link12804 link12805 link12806 link12807 link12808 link12809 link12810 link12811 link12812 link12813 link12814 link12815 link12816 link12817 link12818 link12819 link12820 link12821 link12822 link12823 link12824 link12825 link12826 link12827 link12828 link12829 link12830 link12831 link12832 link12833 link12834 link12835 link12836 link12837 link12838 link12839
Talzhan
Должность:преподаватель английского языка в ДОУ
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:не указан
Әдістемелік кеңес " Балабақшада инновациялық әдістерді қолдану жолдары" Скачать файл: 1583830518.doc
Посмотреть онлайн файл:
Ережепова Гульнар Зкриякызы, әдіскер, жоғары санаты
«Әсем» бөбекжай-бақшасы, Төле би ауылы, Жамбыл облысы
Тәрбиешілерге арналған кеңес
«Балабақшада инновациялық әдістерді қолдану жолдары»

Бүгінгі бала — ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі - мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс - әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді оқу іс - әрекетінде өз ретімен қолдана білсе тәрбиеленушілерді жан - жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін айқындайды. Оқу іс - әрекеті барысында ертегі кейіпкерлерінің жан - жақты мінез - құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін жеткізеді.
Барлық оқу іс - әрекетінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс - әрекет өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Бақшада ертегі оқу, сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат — ертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретеді.
Ой қозғау әдісі: Балаларға ертегілерге берілген жұмбақтарды жасыру;
- Терезеде жатпады
Домалаңдап жолға шықты (Бауырсақ)
- Үйшікті тауып маса
Іші толды жанға (Үйшік)
- Қыз шақырды мысықты
Бөліп жеуге мейізді (Мақта қыз бен мысық)
-Әжей жақсы көретін осы қызға,
Телпек тарту етіпті қызыл түсті.
Ұнатқаны соншама бұл сыйлықты,
Немересі есімін ұмытыпты,
Ал, айтшы сен, бұл есімді? (Қызыл телпек)
Сұрақтар арқылы ой салу:
Сен бұларды неліктен ертегілер деп ойлайсың?
Халық ертегілері мен авторлық ертегілерді ата, олардың айырмашылығы неде?
«Қызыл телпек» ертегісінің авторы кім?
Сен Қызыл телпектің орнында болсаң не істер едің?
СТО - ның элементтерінің бірі — Венн диаграмманы пайдалану (екі ертегіні салыстыру, ортақ белгісін табу, қорытындылау, нақтылау).

Ассоциация әдісі — қызықтыруды ояту үшін, ой тудыруды күшейту үшін қолданылады.
Мысалы: Суретте «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақ ортасында тармақтарына кемпір, шал, қоян, үй, қасқыр, аю, түлкіні балалар жапсырады көп қиынды суреттердің ішінен.



Интерактивті тақтаны қолдану:
- Флипчартта «инструменты» батырмасының көмегімен сызғышпен әр түрлі бағытта «Бауырсақ» тың жолын салу, презентацияда жүктелген суреттерді орналастырып, актив қаламның көмегімен бауырсақты жүргізу, балалар бағытты дауыстап айтады; (графикалық диктант түрінде қолданса болады)
Мысалы: Жата - жата жалыққан бауырсақ терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі.
- Бағыты: төмен, оңға, төмен, қоянға жолығады
Ассоциация әдісі: қоян - қорқақ, ұзын құлақ, ерні жырық, артқы аяғы жақсы дамыған, көзі қызыл, қыста тонын ауыстырады, құйрығы кішкентай, секіреді (Балалар орындарынан тұрып секіреді)
- Бағыты: солға, төмен, оңға, жоғары қасқырға жолықты
Ассоциация әдісі: қасқыр - жабайы жануар, сұр, жағымсыз кейіпкер, жыртқыш, итке ұқсайды, ұлиды (Түймені басып қасқырдың дыбысын естірту)
- Бағыты: оңға, жоғары, оңға, төмен аюға кездесті
Ассоциация: аю - жабайы жануар, бал жейді, жидек жейді, қорбаңдап жүреді, аяғы талтақ, аю ақырады (Дыбысын естірту)
- Бағыты: оңға, төмен түсіп түлкіге кездесті
Ассоциация: түлкі - қу, айлакер, құйрығы ұзын, сылаңдап жүреді
Бауырсақ, түлкіге жем болғысы келмей, үйіне қайтқысы келіп түр көмектесейік (бір бала активті қаламды алып бауырсақты келген жолымен қайта домалатады, балалар бағытын айтып отырады)
Ертегідегі мінез - құлқы қарама - қарсы кейіпкерлерді ата;(кіші топтың балаларына жағымды кейіпкерді тәрбиеші атайды, бала жалғастырады)
Мысалы: Қызыл телпек — Қасқыр, Күлше қыз - өгей шешесі, Қарлығаш - жылан, Ит — мысық, Қасқыр — түлкі т. с. с.

Жаңа инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан - жақты дамуына тигізер үлесі өте зор.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности