Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Абай — сазгер
  • Бейлова Маржан Серикбаевна
  • қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы
  • Орал политехникалық колледжі
  • Орал қаласы, БҚО, Қазахстан
Сабақтың мақсаты: білімділік — Абай әндеріне жан-жақты талдау жасау, өлеңдерінің
құрылысына, жаңалығына оқушының көзін жеткізу, оқушыларды өз ойын ортаға салуға
бейімдеу; тәрбиелік — Абай әндерінің сырларын түсінуге, эстетикалық талғам қалыптастыруға,
әрбір кейіпкерлердің жан дүниесін сезіне білуге, рөлдерді ойнау арқылы актерлік өнердің қадір-
қасиетін түсіне білуге тәрбиелеу; дамытушылық — Абайдың әндерін, өлеңдерін талдау арқылы
сөйлеу мәдениетін дамыту, әннің тылсым сырларын ұға білуге талпындыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, қосарланған сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, театрланған сабақ, талдау, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, интерактивті тақта, компьютер, электронды оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка,ағылшын, орыс тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы.
Оқушыларды үш топқа бөлу: Тоғжан ауылы, Абай ауылы, Әйгерім ауылы. Әр топтың
жетекшісіне бағалау парағы берілді.
Оқушылар, бүгінгі сабағымыз қосарлы сабақ түрінде өтеді. Өткен сабағымызда Абайдың
аудармаларына, өлеңдерінің тақырыптарына тоқталдық. Бүгінгі сабағымызда Абай әндерінің
әлемімен танысамыз.
Үй тапсырмасы.
Тоғжан ауылы: Абай — ақын әрі табиғат жыршысы.
Абай ауылы: Абай — ақыл-ойдың данасы.
Әйгерім ауылы: Абай — аудармашы.
күйші Абай аудармашы
сазгер ақын, табиғат жыршысы
ақыл-ойдың данасы
Үш сызбаға үш топ тоқталады.
Жаңа сабақ. «Құлақтан кіріп бойды алар», оқушы мәнерлеп оқиды (сабақтың ашылуы).
Көрініс.
Қарашаш — Тоғжанның жеңгесі.
Керімбала — Сүгірдің қызы.
Тоғжан — Сүйіндіктің қызы.
Ербол — Абайдың досы.
Абай — Құнанбайдың баласы.
Абай Тоғжан ауылындағы бастаңғыда. Қарашаш пен Тоғжан келе жатады.
Қарашаш. Еркем, ән сал! Әйтпесе, мына жұрттың сөзі мен көзі саған қадалғалы тұр!
Уақып бол! (Керімбала жүгіріп кеп, Тоғжанға)
Керімбала, Абай осы ғой? Анықтап көргенім осы ғана! Келгені жақсы болды ғой!
Қайнының әнін өзіне айтқызып, жақсылап үйреніп алайық, жарай ма? (Тоғжан үндемейді) Сен
немене? Ұяламысың? Ол бір егде кісі ме еді, өлгенше! Қой, ұялмаған бұйырмағанды алады
деген. Қайда өзі? Қазір-ақ әнін айтқызам, тұра тұрсын.
(Абай мен Ербол келеді)
Қарашаш. Ал, жігіттер, жаңа әндеріңді айтыңдар. Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен
соң құрбылары жиылып бастаңғы істетіп жатыр. Қызығымызға ортақ болыңдар.
(Бәрі қосылып «Желсіз түнде жарық-ай» әнін шырқайды)
Музыка пәнінің оқытушысы: Дәстүрлі халық сазы Абай әндеріне негіз болса, сонымен
қатар Семейде орыстың ән-сазын, романстарын естіп жүрді. Орыс достары, Петербургте оқыған
баласы Әбіштің орыс халық сазымен жақсы таныс болуы Абайға әсер етті. Өз өлеңдерінде және
аударма өлеңдеріне ән шығарды.
Интерактивті тақтадан
Абай әндерінің тізімі көрсетілді.
1. «Сегіз аяқ»
2. «Бойы бұлғаң»
3. «Қор болды жаным»
4. «Көзімнің қарасы»
5. «Желсіз түнде жарық-ай»
6. «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»

7. «Ата-анаға көз қуаныш»
8. «Біреуден біреу артылса»
9. «Әсемпаз болма әрнеге»
10. «Сұрғылт тұман дым бүркіп» (М.И.Глинкадан)
11. «Татьянаның хаты»
12. «Қараңғы түнде тау қалғып»
13. «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (И.А.Крыловтан, романс)
Романс — испан ақсүйек қауымының поэтикалық-лирикалық әні. Абай әндерін кеңес
дәуірінде жинаушылар: Эльвин Бимбоэс «Қазақтың 25 әні», А.В.Затаевич «Қазақтың 1000 әні»,
«Қазақтың 500 ән — күйі», Л.Хамиди, Б.Ерзакович «Абай өлеңдерінің екі томдығына» енген
әндері, Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Д.Мацуцин «Абайдың музыкалық творчествосы»,
М.Әуезов т.б.
«Қараңғы түнде тау қалғып» әні электронды оқулықтан жіберіледі.
Музыкасын тыңдап, үш ауылға тапсырма беріледі.
Тоғжан ауылына: өлеңнің құрылысы, тарихы (тақтаға жазу).
Абай ауылы: өлеңнің ағылшынша мәтіні.
Әйгерім ауылы: өлеңнің орысша мәтіні.
Көрініс. (М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясы)
Тоғжан. Тіл қатып, сенімен арыздасып кеткелі келдім.
Абай. Сәулешім! Не дейсің? Сен не айтқалы кеп тұрсың?
Тоғжан. Тағдыр бізді қоспады. Осы күйде, өзімізге тыйым салған күйде өмір бойы
жеткізбеген арман кетсін. көрге бірге, имандай таза арманым боп кетсін.Асығыңмен, сол асық
күйде көзімнің жасын жұтам да кетемін, жаным!
Абай. Барды айттың. Өзіңнің де, менің де барымды айттың. Бүйтпесең сен Тоғжан
боларма ең. Бұдан ары қажасам, азғандығым болар еді. Айналдым арызыңнан. Ғашық жанмен
айтылған арызыңнан!
(Екеуі қол алысыды. Қоштасады. Тоғжан ақырын жылжып жүріп кетеді. Абай отырып,
қолына қалам ұстап, қағазға өлең жазады). Осы кезде «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін топ
студенті шырқайды.
Көрініс. (М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясынан Абай мен Әйгерімнің кездесуі)
(Бекейдің үйі). Бекейдің үйіне Абай мен Ербол келеді. Шекейдің үйінде Шүкіман бастаған
жастар ән салып жатады. Оқушылардың орындауында Абайдың «Бойы бұлғаң» әні.
Шүкімандар енді Бекейдің үйіне келеді.
Бекей. (қыз-жігіттерге) Балалар, ана үйде ән салып, даурығып отыр едіңдер ғой. Бұнда да
қымсынатын жер емес, шырақтарым!
Абай. Рас, құрбылар. Мұнда келіп, бізге қосылып ойындарың шырқы бұзылмасын. Жаңа
бір ән естіліп еді. Тосырқап, жатырқамаңыздар!
Ербол. Сол бір әннің айтушысы өзіңсің ғой. (Шүкіманға қарайды, Шүкіман жымияды)
Шүкіман. Ән бізде ғана ма екен? Көп естіп, көпке қанып жүрсіздер ғой өздеріңіз де. Қонақ
кәдесі тағы бар ғой! (Абайға қарап күлімсірейді)
Абай. Жол жора мені тапса, мен жаман да болса бір ән тауып көрейін! (Домбырасын алып,
«Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» әнін айтады).
Бәрі қосылып «Көзімнің қарасы» айтылады.
Кім тапқыр? Экраннан көрсетіледі.
Абай өлеңінен үзінді беріледі. Өлеңнің атын, көркемдік тілін табу.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл. («Адамның кейбір кездері», эпитет бар)
Балалық өлді білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе? («Балалық өлді білдің бе?» риторикалық сұрау)
Мен-жаралы жолбарыспын,
Жұрттың атқан оғы өтіп (Онегиннің Татьянаға жауабы, метафора)
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі- асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. («Жүрек –теңіз, қызықтың бәрі…» ұлғайған
метафора)

Күн-күйеу, жер — қалыңдық сағынысты,
Құмары екеуінің сондай күшті. («Жазғытұры», ұлғайған метафора-кейіпеу)
Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі- қызыл,
Ұқсайды қара сұлу шомылғанға. («Қан сонарда бүркітші шығады аңға», шендестіру)
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,
Болады осындай қыз некен- саяқ.
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей-ақ. («Білектей арқасында өрген бұрым», теңеу)
Балапан құстай оңдалып,
Қанатыңды қомданып,
Жатпа ұяда, қорғанып,
Ұш, көңілім, көкке, кергі енді! («келдік енді қай жерге», теңеу, кейіптеу).
«Татьяна хаты» әні жіберіледі.
Тоғжан ауылына: музыкалық сауат, әннің өлшем бірлігі.
Абай ауылына: тональдығын білу.
Әйгерім ауылына: әнге мінездеме.
«Сегіз аяқ» әні тыңдалады.
Тоғжан ауылына: Өлеңді жазудағы Абай шеберлігі.
Абай ауылына: «Сегіз аяқ» өлеңінің құрылысы.
Әйгерім ауылына: өлеңдегі афоризм сөздерді табу, дәптерге жазу.
Оқытшы Абайдың күй шығарғандығын,үш күйін айтады: «Абайдың желдірмесі», «Май
түні», «Торжорға».
Сонымен Абай тағы кім дейміз? Абай — сазгер, күйші. Манағы сабақтың басындағы
сызбағы Абай күйші, сазгер деп жазып алыңыздар.
Кім жылдам?
Өлеңдердегі өлшемдеріне тоқталып, бунақ, тармақ, ұйқас шумаққа Абай енгізген
жаңалықты айту.
«Сап, сап көңілім, сап көңілім», «Сен мені не етесің», «Бай сейілді», «Жаз», «Ғылым
таппай мақтанба», «Әбдірахман өлгенде», «Көзімнің қарасы», «Білімдіден шыққан сөз», «Малға
достың мұңы жоқ достан басқа», «Желсіз түнде жарық — ай», «Ата-анаға көз қуаныш» т.б.
Абайдың «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңінің мән- мағынасы ашылады. Әннің
адам өміріндегі әсері, әнді ұғынбайтындар, нашар әндерді Абайдың сынағаны туралы
айтылады.
«Әннің де естісі бар, есері бар» деп Абай айтқандай оқушылардың ән туралы ойлары
ортаға салынады.
Үй тапсырмасы: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» тақырыбына ойтолғаныс.
Топ жетекшілері өздерінің бағалау қағазының қорытындысын айтты, оқушылар
бағаланды.
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности