link7504 link7505 link7506 link7507 link7508 link7509 link7510 link7511 link7512 link7513 link7514 link7515 link7516 link7517 link7518 link7519 link7520 link7521 link7522 link7523 link7524 link7525 link7526 link7527 link7528 link7529 link7530 link7531 link7532 link7533 link7534 link7535 link7536 link7537 link7538 link7539 link7540 link7541 link7542 link7543 link7544 link7545 link7546 link7547 link7548 link7549 link7550 link7551 link7552 link7553 link7554 link7555 link7556 link7557 link7558 link7559 link7560 link7561 link7562 link7563 link7564 link7565 link7566 link7567 link7568 link7569 link7570 link7571 link7572 link7573 link7574 link7575 link7576 link7577 link7578 link7579 link7580 link7581 link7582 link7583 link7584 link7585 link7586 link7587 link7588 link7589 link7590 link7591 link7592 link7593 link7594 link7595 link7596 link7597 link7598 link7599 link7600 link7601 link7602 link7603 link7604 link7605 link7606 link7607 link7608 link7609 link7610 link7611 link7612 link7613 link7614 link7615 link7616 link7617 link7618 link7619 link7620 link7621 link7622 link7623 link7624 link7625 link7626 link7627 link7628 link7629 link7630 link7631 link7632 link7633 link7634 link7635 link7636 link7637
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Тастандиева Акмарал Турсынбаевна
  • Тастандиева Акмарал Турсынбаевна
  • тәрбиеші
  • «Әсем» балалар бақшасы
  • Жамбыл облысы ,Шу ауданы, Төле би ауылы

Тақырыбы: «Тұңғыш президент күні»
Мақсаты:
Жас ұрпаққа Елбасымыздың туып өскен жері,өмір жолы,қызмет еткен
кезеңдері туралы мағлұмат беру. Рәміздерімен таныстыру. Елін сүйген, елі
сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Балаларды Отанын,халқын, жерін
сүюге,батылдыққа,патриоттыққа тәрбиелеу
Көрнектіліктер:
Елбасы суреті,Астананың суреті,рәміздер. Слайд.
Полилингвалды компонент: Ту-флаг-flag, Елтаңба-герб-National Emblem,
Гимн-National Anthem

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр.
Кәне балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар:
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! Кәне, балалар шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Әнұраны орындалады.

Тәрбиеші:
Жарайсыңдар балалар!.Тақтаға назар аударыңдар, кімнің суретін көріп
тұрсыңдар?

Балалар жауабы:
Нұрсұлтан Назарбаев!
Слайд көру
Тәрбиеші:
Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Балалар бүгінгі ашық оқу қызметінде
Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті туралы айтамыз.Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаев Алматы облысы,Қаскелең ауданынына қарасты
Шамалған селосында 1940жылдың 6 шілдесінде Әбіш пен Әлжан деген
кісілердің отбасында дүниеге келген.Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды
армандаған. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Балалар жауабы:
Ол біздің Елбасымыз!
Тәрбиеші:
Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.
Балалар, сендердің Әкелерің, Аналарың жұмыс істейді сол сияқты,
Нұрсұлтан Назарбаевта Президент болып жұмыс істейді. Біздің президенттің
жұмыс орны қайда, кім біледі?
Балалар жауабы:
Астанада!
Тәрбиеші:
Дұрыс айтасыңдар! Астанада Ақордамызда. Балалар Астанада тағы не бар?
Балалар жауабы:
Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің астанамыздың символы. Ал, балалар, сендер
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар жауабы:
Иә, білеміз. Қазақстан Республикасының рәміздері: Ту-флаг-flag, Елтаңба-
герб-National Emblem, Гимн-National Anthem
Тәрбиеші:
Жарайсыңдар, балалар! . Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992
жылы бекітілді.Тудың авторы Ш.Ниязбеков. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы 1992жылы 4 маусымда бекітілді, авторлары белгілі
сәулетшілер: Ж.Мәлібаев пен Ш.Уәлиханов. Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимнің әнін жазған Ш. Қалдаяқов. Сөзін жазғандар
Ж.Нәжмеденов, Н.Ә.Назарбаев.Қазақстан тарихында еліміздің мемлекеттік
әнұраны екі рет — 1992 ж және 2006 жылдары бекітілді
Балалар, біздің туымызға қараңдаршы, не бейнеленген?
Балалар жауабы: Күн, бүркіт, ою.
Тәрбиеші:Дұрыс! Ал бұл бейнелер нені білдіреді, білесіңдер ме? Балалар
біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар жауабы: Көк!

Тәрбиеші:
Дұрыс! Ол, ашық аспанды , бейбітшілікті,еліміздің тұтастығын білдіреді.
Күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық , жасампаздық күш-қуатын,
серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін
айғақтайды.Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің күш-қуатын,оның
егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген
ұмтылысын танытады. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар
тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Кәне,балалар Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, Рәміздерімізге деген
құрметімізді тақпақтар арқылы білдірейік!
Қазақстан,ту туралы тақпақтар
Ильяс

Отан.

Отан деген –атамекен,
Отан деген- туған жер
Отан-ана,
Отан- үлкен
Қазақстан –туған ел!
Алимансұр

Родина

Один средь многих стран.
Отчизна-мать,
Отчизна –мир,
Отчизна-Казахстан.
Нұрсулу
***
Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land.
I live here with my friends.
Інжу

***
My flag is blue
My flag is bright.
I like it very much
The yellow sun

The blue-blue sky
And the eagle is flying high


БиылғыЕлбасы жолдауы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың символы
да қыран құс

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Не көріп тұрсыңдар? Балалар
жауабы:Шаңырақ,ат
Тәрбиеші:
Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-
үйдің, отбасының бейнесін білдіреді.
Қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген.
Төбесінде жұлдыз бар. Ол — біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген
ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің
елдікі екенін білдіреді.
Шаршадыңдар ма балалар?
Балалар:
Иә, шаршадық!
Тәрбиеші:
Кәне келіңдер сергіту жаттығуын жасайық.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз

Қорытынды:
Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?
Балалар жауабы:
Нұрсұлтан Назарбаев туралы.
Тәрбиеші:
Ол кім?

Балалар жауабы:
Ол біздің еліміздің тұңғыш президенті.
Тәрбиеші:
Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?
Балалар жауабы:
Қазақстан!
Тәрбиеші:
Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені білдіреді?
Жарайсыңдар, балалар! Осымен оқу қызметі аяқталды. Орнымыздан тұрып,
келген қонақтарды шығарып салайық.
Балалар: Сау болыңыздар! До свидания! Good bye!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности