link11970 link11971 link11972 link11973 link11974 link11975 link11976 link11977 link11978 link11979 link11980 link11981 link11982 link11983 link11984 link11985 link11986 link11987 link11988 link11989 link11990 link11991 link11992 link11993 link11994 link11995 link11996 link11997 link11998 link11999 link12000 link12001 link12002 link12003 link12004 link12005 link12006 link12007 link12008 link12009 link12010 link12011 link12012 link12013 link12014 link12015 link12016 link12017 link12018 link12019 link12020 link12021 link12022 link12023 link12024 link12025 link12026 link12027 link12028 link12029 link12030 link12031 link12032 link12033 link12034 link12035 link12036 link12037 link12038 link12039 link12040 link12041 link12042 link12043 link12044 link12045 link12046 link12047 link12048 link12049 link12050 link12051 link12052 link12053 link12054 link12055 link12056 link12057 link12058 link12059 link12060 link12061 link12062 link12063 link12064 link12065 link12066 link12067 link12068 link12069 link12070 link12071 link12072 link12073 link12074 link12075 link12076 link12077 link12078 link12079 link12080 link12081 link12082 link12083 link12084 link12085 link12086 link12087 link12088 link12089 link12090 link12091 link12092 link12093 link12094 link12095
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Қысқы олимпиада ойындары

Казахстан, Кызылординская область, Село Кожабахы

Детсад №17 имени "Айуль"

Воспитатель

Дилманова Даригуль Есенбайкызы

Тақырыбы: «Қысқы олимпиада ойындары»

Мақсаты: Балаларға дене жаттығулар түрлерін,әртүрлі қимылдары өз бетімен орындауды үйрету,эстафеталық ойындарды жалғастыру.Қысқы олимпиада туралы түсінік беру.Дененің ептілік,күштілік,жылдамдылық,икемділік қасиеттерін қалыптастыру. Спортқа деген қызығушылығы мен салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Эмблемалар,сыйлықтар,шайба,садақ,доптар,үрленген үлкен доп,велосипед,теннис,кішкентай доптар.

Барысы: Балалар музыка әуенінің сүйемелдеуімен залға кіреді.Сапта бір қатар,екі қатар,қайта бір қатармен жүреді.

Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалады.

Дене тәрбие нұсқаушысы: Балалар олимпиада ойындары Азия елдерінде кезекпен-кезек әрбір төрт жылда бір рет өтіп тұрады.Бұған дейін Қытай мен Жапония,Корея елдерінде өтті. Былтыр біздің елімізде

- Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылы қаңтар-ақпан айында өтті. Олимпиада ойындары басталмас бұрын олимпиада алауы жануы тиіс.Азиада ойындарында тұңғыш рет қысқы олимпиада алауы жанады.Алау ежелгі Греция тауында жағылады,оны бірлық елдердің желаяқ жеңімпаздары алып келеді екен. Бүгін біздің спорттық мерекеге алауын желаяқ баламыз. «Ақ көгершін» тобының тәрбиеленушісі Бекжан Ерлан алып келеді.(Ерлан олимпиада алуын жүгіріп алып кіреді).

Дене тәрбие нұсқаушысы: Міне,балалар, олимпада алауы ортамызға келіп жетті,енді біз мерекені бастауымызға болады.

Балалардың тақпақтары.

Дене тәрбие нұсқаушысы: Балалар енді «Қысқы Азияда алауы» спорт жарысын бастайық.Қане,жылдам,екі топқа бөлініңіздер.Әр топ өздерінің аттары,ұрандарымен таныстырады.

1-топ «Ақ көгрешін».

Ұраны: «Ақ көгершін,ұш биікте қалықта,қалықтаудан еш уақытта жалықпа».

2-топ «Балапан»

Ұраны: «Намысы бар балапандар қайдасың,білген дұрыс бұл спорттың пайдасын»

1-жарыс: «Жүйріктер жеңеді».

Шарты: Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Велосипедке отырып,межеге дейін айналып келеді.Кім бірінші айналып келсе сол команда жеңіске жетеді.

2-жарыс: «Кім бірінші».

Шарты: Балалар шайба алып, кезек-кезек межеге дейін ойнап барады,қайтқанда жүгіріп келеді.Эстафетаны келесі балаға береді.

3-жарыс: «Заттардың арасымен жүгіру».

Шарты: Балалар тенисті алып заттардың арасымен ирелеңдеп жүгіріп келеді.

4-жарыс: «Мергендер».

Шарты: Балалар садақты алып дәлдеп көздеп алдында тұрған шарды жаруға тырысады.

5-жарыс: «Допты тез жина».

Шарты: Балалар көк түсті және қызыл түсті бөлып екіге бөлінеді.Белгіленген жерге ойыншылар түгелдей жетерлік мөлшерде көк және қызыл доптар тасталады. Төрешінің белгісі бойынша ойынға қатысушылар белгіленген жерге тура жүгіреді.Жеткен ойыншы өз тобының түсіне сай бір допты алып математикалық есепті шығарады да, шелекке салып кетеді.Қай түс бірінші аяқтаса және есепті дұрыс шығарса сол топ жеңіске жетеді.

Дене тәрбие нұсқаушысы: Міне, балалар, олимпиада ойындарымыз аяқталып келеді,балалар олимпиада алауымен қоштасайық (алауды сөндіреді).

Балалар барлығы бірігіп «Әр қашан күн сөнбесін» әнін орындайды.

Екі топта сайыста бірдей ойын көрсетті.

Сыйлық үлестіріледі

Азиада әнұраны орындалады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности