Ашық тәрбие сағаты "Дос болайық бәріміз"
- Мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешісі
- Сырым ауданы. В.И.Шубин атындағы ЖОББ мектеп жанындағы шағын орталығы
- Батыс Қазақстан Сырым ауданы Тоғанас ауылы
Сырым ауданы. В.И.Шубин атындағы ЖОББ мектеп жанындағы шағын орталықтын тәрбиешісі Султанова.Акмарал Уалиевна.
Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру,олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Дамытушылық: Өзара сыйластық қарым ‒қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік: Бір- бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
Көрнекі құралдар: жүрекше, гүл бейнелері, достардың бейнесі
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін қандай керемет күн. Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.
Армысың досым,
Кел,маған қосыл.
Шеңберге бірге тұрайық,
Жер шарын айналып,
Әлемге жарық ұқсайық
Қолымызды көтеріп,
Күннің нұрын алайық.
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық.
Балалар, енді мына суретке назар аударайық.( Сюжетті суретте балалардың достығы, татулығы бейнеленген.)
Сұрақ- жауап:
- Балалар, сендер достық, татулық дегенді қалай түсінесіңдер?
-Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?
(Балалардың достық туралы пікірлерін тыңдау)
‒Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші?
Түйін:
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жалғыз ойнасақ, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос жолдас керек екен.
Достық‒адамдардың бір‒біріне деген адалдығы, әділдік,өз –ара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі.
Сергіту сәті
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне, біздер қандаймыз!
Тәрбиеші:
-Жарайсыңдар, балалар. Мен «Екі дос» аңыз әңгімесін оқып берейін. Бәріміз мұқият тыңдайық.
Екі дос
(Аңыз әңгімесі)
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін.Бірінің отбасы, балалары бар,ал екіншісі жалғыз басты еді.Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алады.Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгенгеніміз дұрыс болмады,мен жалғыз тұрамын,сондықтан да айтарлықтай қажеттілігім де жоқ » деп ойлайды.Осындай оймен түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрады.
Екінші доста ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгенім дұрыс емес, менің отбасым бар,қартайған шағымда олар маған қарайды.Ал, досымның болса ешкімі жоқ,қарайтын кезінде ешкімі болмайды»деп ойлайды.Осылайша бұл да түн жамылып , үйден шығып досының қорасына тасып отырады.Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді.Бір күні бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде олар кезігіп қалады.Сонда ғана олар болған жайттың мәнін түсінеді.Қаптарын жерге тастай салып, достар құшақтаса кетеді.
Қимылды ойын: «Досыңды тап»
Тәрбиеші:
-Достар бір-біріне қандай болу керек?
-Балалар сендерге екі дос туралы әңгіме ұнады ма?
-Ал, сендер өз достарыңа қалай көмектесер едіңдер?
-Сендердің ойларыңа осындай ой келер ме еді?
Қорытындылап, жүрекшелер таратылып беріледі