«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары
Мектеп: 33ЖОМ Мерзiм: Мұғалім: Қожакеева Г.Ә.
Сынып: 5 «А» Оқушылар саны: 20
Тақырып: «Сүйіспеншілік - өмір өзегі»
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: адамгершілік, мейірімділік, жақсылық, қамқорлық
Мақсаты: Оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен өмірдің мәнді болатынын ұғындыру. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға күллі тіршілікке сүйіспеншілікпен қараудың мән-мағынасын түсіндіру. Дамытушылық: Жақсылыққа ұмтылу, мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардыөз Отанын , жақындарын, достарын, айналасындағы адамдарды, табиғатты сүюге, ата-анасын риясыз сүйіспеншілікпен жақсы көруге тәрбиелеу. |
Ресурстар: оқулық, дәптер, ватман, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,оларды түгендеу. 5 оқу құралдарын дайындату. 5Т ережесі «Тәртіп», «талап», «тыныштық», «тазалық», «татулық» Балалар , тәртіпті сақтап, оқып-білуге талаптанайық. Тыныштықты орнатып , татулығымызды жалғастырайық. Сонымен бірге тазалықты да естен шығармайық. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Баяу әуен Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге н/е парта үстіне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын....Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын» Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.
|
5 мин |
Үй тапсырмасын тексеру. Оқулытың 37-бетіндегі Б.Момышұлының « Отан сүйер ұлан бол!» мәтінін оқып келу. Отан қорғаған ерлердің ерлік істерін еске түсіріп , мысал келтіріңдер. - Б.Момышұлы қандай ерлік жасады? - Ол неліктен өз Отаны үшін жауға қарсы шықты деп ойлайсыңдар? - Отанға деген сүйіспеншілікті қалай түсіндірер едіңдер? |
6 мин |
Дәйексөз. «Сүйіспеншілік - жүректен» Ш.Құдайбердіұлы - Ш.Құдайбердіұлы деген кім? - Дәйесөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Сүйіспеншілік деген сөзді естігенде ең алдымен кім естеріңе түседі? - Неліктен сүйіспеншілікті жүректен дейді? Оқушылар өз ойларымен бөлісіп болған соң , оларға 3 рет қайталатып, дәптерге жазғызамын. Қорытынды: Әрбір адам өзіне , ата-анасына , Отанына , туған еліне сүіспеншілікпен қарайды.Әлемдегі барлық жақсылық сүйіспеншілік арқылы келеді. Адам жүрегі сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік , қамқорлық, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады.Сондықтан да біздің жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болу керек. |
6 мин |
Оқиғаларды әңгімелеу. Мұғалім сыйы. 1)«Ана махаббаты» аңыз әңгіме Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды: -Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз? Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді: -Мынау- шырақ, ол — мен! Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты. -Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма? - Жоқ! -Менің шырағымның жалыны бір қалыпты. Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді… Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер! Сұрақтар: 1.Балалар не себепті келісімге келе алмады? 2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай көрсетті? 3. Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?
-Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата-анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген риясыз сүйіспеншілігін сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы риясыз сүйіспеншіліктен басталып, адам жанын нұрға , көңілін қуанышқа бөлейді. |
8 мин |
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөлемін. 1-топ . Отанға деген сүйіспеншіліктерін шағын ой-толғау арқылы жеткізу. 2-топ. «Ата-анаға деген сүйіспенпеншілік» өлең шумақтарын шығару. 3-топ. «Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін қағаз бетіне түсіру.( Сурет салу) |
12 мин |
Топпен ән айту. Аяулы анашым. Мейрамбек Беспаев
Жүректің жалынысың Мәңгілік сағынышым. Қарызым өтелер ме? Ұйқысыз таңың үшін? Арайлы ай-күнім Бақытым, байлығым Анашым....
Өмірдің сынақтарын Әлдиің құлақта әлі Қабыл ал арман әнін Балаңның жырақтағы Аяулы, Анашым |
4 мин |
Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 40-бетіндегі «Отбасы татулығы» аңыз әңгімені оқып келу. |
2 мин |
Сүйіспеншілік- өзін-өзі , өзгелерді тануға жетелеп, өзгелерді сыйлауға негіз болады. Сүйіспеншілік — Отанды, елді құрметтеуге үйретеді, табиғаттың сұлулығын сезіндіреді. Соңғы тыныштық сәтi. Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл - күйін естеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын.» Рахмет! |
2 мин |