link6120 link6121 link6122 link6123 link6124 link6125 link6126 link6127 link6128 link6129 link6130 link6131 link6132 link6133 link6134 link6135 link6136 link6137 link6138 link6139 link6140 link6141 link6142 link6143 link6144 link6145 link6146 link6147 link6148 link6149 link6150 link6151 link6152 link6153 link6154 link6155 link6156 link6157 link6158 link6159 link6160 link6161 link6162 link6163 link6164 link6165 link6166 link6167 link6168 link6169 link6170 link6171 link6172 link6173 link6174 link6175 link6176 link6177 link6178 link6179 link6180 link6181 link6182 link6183 link6184 link6185 link6186 link6187 link6188 link6189 link6190 link6191 link6192 link6193 link6194 link6195 link6196 link6197 link6198 link6199 link6200 link6201 link6202 link6203 link6204 link6205 link6206 link6207 link6208 link6209 link6210 link6211 link6212 link6213 link6214 link6215 link6216 link6217 link6218 link6219 link6220 link6221 link6222 link6223 link6224 link6225 link6226 link6227 link6228 link6229 link6230 link6231 link6232 link6233 link6234 link6235 link6236 link6237 link6238 link6239
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Адамның сезім мүшелері. Құлақ. Көз

Букенова Рымжан Зейнолловна

Бастауыш сынып мұғалімі және өзін-өзі тану

Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі

Ақсу қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан Республикасы

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушыларға адамның сезім мүшелері көз және құлақ туралы түсінік беру. Көру және есту мүшелерінің гигиеналық ережелерін сараптау;
ә) дамытушылығы: ой - өрісін, оқу жылдамдығын, есте сақтауын, байланыстырып сөйлеуін, сауаттылығын дамыту;
б) тәрбиелігі: ұқыптылыққа, гигиеналық тазалық ережелерін сақтауға, әдемілікті, әсемдікті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: құлақ және көз макеті, суреттер, тірек сөздер, лимон, алма, геометриялық фигуралар (дөңгелек, текше) т. б.слайд.
Сабақтың құрал - жабдығы: компьютер дыбыс құрылғысымен
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
ә) Амансың ба көк аспан,
Амансың ба жер - ана.
Амансың ба құрбым,
Мынау менің қолым,
Жылуымды сезін!
2. Өткенге шолу
а) Сұрақ - жауап арқылы «Адам дегеніміз мен және басқалар» тақырыбын сұрау.
ә) Топпен жұмыс. I - II - III - үш тапсырма беру. Үш топ үш сурет бойынша маман иелері туралы 2 - 3 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрайды.
3. Жаңа сабақ. Адамның сезім мүшелері. Көз. Құлақ
а) Жұмбақ.
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)

ә) Қ. Мырза Әлидің «Не үшін?» атты өлеңін бірге айту, қимылдарын жасау.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Балалар адамның барлық дене мүшесінің пайдасы зор екен. Бүгін сендер «Адамның сезім мүшелері көз бен құлақ туралы» білетін боламыз. Лимон жемісін алып балалардан: «Бұл не?»- деп сұрап,
бір оқушыны тақтаға шақырып, оның пішімі қандай, түсі қандай екенін сұрау. Енді осы жемістің лимон екеніне көз жеткізу үшін лимонды кесіп дәмін татып көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашып түсіндірме жұмысын жүргізу.
Көз — көру мүшесі. Біз көзбен заттарды көріп, түрін, түсін, пішінін көлемін ажыратамыз.
Көздің көмегімен қоршаған дүниені танып білеміз.
Қабақ пен кірпік көзді өте жарқыраған жарықтан және шаңнан сақтайды. Егер көзге қоқым түссе, жас арқылы жуылып кетеді. Қас маңдайдан аққан терді ұстап, көзге тигізбейді.
Көздің көру мүмкіндігін күшейтетін әр түрлі аспаптар да бар. Онымен көз дәрігері айналысады.
4. Ойын «Дауыста, дауысыңнан танимын».
системы дозирования жидкостей LongerPump.
Ортаға бір оқушыны шығарып, оның көзін таңады. Қалған оқушылар орнында. Кез келген оқушыны шығарып, дауысын өзгертіп жақсы тілектер айтады. Кім екенін дауысынан таниды.
5. Ал енді жолдасымыздың дауысын қалай, немен естідік? (Құлақ)
Олай болса, құлақ туралы түсіндіріп берейін.

Құлақ - есту мүшесі.
Ол барлық дыбысты естиді. Өте қатты дыбыстар адамның құлағына зиянды. Одан адамның естуі нашарлайды. Сондықтан да құлағымызды таза ұстап, күнде жуып, құлағымызды суықтан және қатты желден сақтауымыз керек.

Сергіту сәті «Қара жорға» биін билеу
Трек сөздер беріледі. Сөздердің орнын ауыстырмай жаттап алуға уақыт беріліп, ретімен, қателеспей, жатқа айтып шығады.

Мүше
түсі
мөлшері
пішіні
аспаптар
зиян
дыбыс

6. Ойын «Ненің дауысы?»
Таспадан әр түрлі жануарлардың дауысын тыңдап, ажыратып, тақтадан суретін тауып, атын атау.
7. Сұрақ - жауап.
- Сезім мүшелеріне нелер жатады?
- Көз қандай мүше?(көру)
- Құлақ қандай мүше?(есту)
- Тіл қандай мүше?(сөйлеу және дәм сезу)
- Мұрын қандай мүше?(иіс сезу)
- Тері қандай мүше?(сипап сезу)
Тері арқылы нені сеземіз?(ыстық, суықты)

8. Ұжымдастыру әдісі:
а) Алдымен оқушылар өз дәптерлеріне жазады және 3 - 4 оқушыға дауыстап оқыту.
ә) Тақтада пысықтау. Ассосация әдісі.

9. Сабақты қорыту .Жұмбақ құрастыру: оқушылар өз ойларынан
сезім мүшелеріне байланысты өтірік жұмбақ құрастырады, бір -
біріне жасырады, жауабы тыңдалады.
Не білдік? Не үйрендік?
10. Оқушыларды бағалап, мадақтау.
11. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности