link9600 link9601 link9602 link9603 link9604 link9605 link9606 link9607 link9608 link9609 link9610 link9611 link9612 link9613 link9614 link9615 link9616 link9617 link9618 link9619 link9620 link9621 link9622 link9623 link9624 link9625 link9626 link9627 link9628 link9629 link9630 link9631 link9632 link9633 link9634 link9635 link9636 link9637 link9638 link9639 link9640 link9641 link9642 link9643 link9644 link9645 link9646 link9647 link9648 link9649 link9650 link9651 link9652 link9653 link9654 link9655 link9656 link9657 link9658 link9659 link9660 link9661 link9662 link9663 link9664 link9665 link9666 link9667 link9668 link9669 link9670 link9671 link9672 link9673 link9674 link9675 link9676 link9677 link9678 link9679 link9680 link9681 link9682 link9683 link9684 link9685 link9686 link9687 link9688 link9689 link9690 link9691 link9692 link9693 link9694 link9695 link9696 link9697 link9698 link9699 link9700 link9701 link9702 link9703 link9704 link9705 link9706 link9707 link9708 link9709 link9710 link9711 link9712 link9713 link9714 link9715 link9716 link9717 link9718 link9719
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Урок казахской литературы в 9 классе на тему "Күлтегін" жыры.

Муханбетжанова Жазира Мизамхановна,

учитель казахского языка и литературы КГУ Ростовская основная школа,

с.Кумсуат, Жаркаинский район, Акмолинская область, Казахстан

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ежелгі дәуір әдебиеті, көне түркі жазба ескерткіштерін оқыту арқылы өз мәдениетіміз бен дүниетанымымыздың тамыры тереңде екенін, елдік дәстүріміз бен рухани бітіміміздің бастауы берік екенін таныстыру, дәлелдеу. Ескерткіштің батырлар жырымен үндестігіне тоқталу.
Дамытушылық: Жырларды талдай отырып, оқушы білімін жинақтау. Оларды өзіндік пікірін қалыптастыруға жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, өмірмен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: көне түркі алфавиті, күлтегін ескерткіші, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Сабақты бекіту
Ү. Білімдерін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
І.Ұйымдастыру кезеңі
• оқушылармен амандасу;
• оқушыларды түгендеу;
• оқушылардың оқу-құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест әдісі арқылы)
1.Әдебиетіміздің ежелгі дәуіріне қатысты мұраларды зерттеген ғалымдар кімдер?
А) М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Мағауин
В) М.Жолдасбеков, Х.Сүйінішәлиев, Н.Келімбетов*
С) Ә.Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари
2. Ежелгі дәуір әдебиеті неше топқа бөлінеді?
А) 2
В) 3*
С) 5
3. Б.з.д. ҮІІғ. — б.з.ІХғ.-ларды қамтитын ежелгі дәуір әдебиетінің бөлімі
қалай аталады?
А) «Ислам дәуіріндегі әдебиет»
В) «Тәңірлік дәуір әдебиеті» *
С) «Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет»
4. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет кезеңіне жататын шығарма?
А) «Атилла» дастаны
В) Хорезми «Махаббатнама»*
С) А.Яссауи «Диуани Хикмет»
5. Саиф Сараидың «Гүстан бит-Турки» шығармасы ежелгі дәуір әдебиетінің
қай кезеңіне жатады?
А) «Тәңірлік дәуір әдебиеті»
В) «Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет»*
С) «Ислам дәуіріндегі әдебиет»
6. «Ежелгі әдебиет, бұл дәуір ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтыды» деген пікірдің иесі кім?
А) Н.Келімбетов
В) Б.Кенжебаев*
С) А.Қыраубаева
7. Ежелгі әдебиетке жататын ескерткіштер мен шығармалардан ең алғашқы және негізгілеріне қандай шығармаларды жатқызамыз?
А) «Диуани Хикмет», «Махаббатнама»
В) «Оғызнама», «Қорқыт ата» кітабы*
С) «Алып Ер Тоңға», «Атилла» дастаны
8. «…Жақсы сөз — аққан су,
Қайда ақса, сонда гүл өсер» үзінді кімнің шығармасынан алынған?
А) Махмуд Қашқари
В) Жүсіп Баласағұн*
С) Саиф Сараи
9. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер қай ғасырларды қамтиды?
А) Х-ХІІ ғғ.
В) ҮІ-ХҮ ғғ.*
С) ХІІІ-ХҮ ғғ.
10. Түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткішеріне жататын шығарманы ата:
А) «Махаббатнама», «Түркіше Гүлстан»
В) «Оғызнама», «Қорқыт ата» кітабы*
С) «Алып Ер Тоңға», «Атилла» дастаны
ІІІ. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАБУ (Үй тапсырмасын қорыту арқылы)
Сөзжұмбақ

Сұрақтары:
1.“Ежелгі әдебиет, бұл дәуір ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды” деген пікірдің авторы кім?
2. Хорезмидің Алтын Орда дәуіріне жататын дастаны.
3. “Құдатғу білік” туындысының авторы кім?
4. Б.з.д.ҮІІ-б.з.ІХ ғасыр уақыт аралығында жазылған дастан?
5. “Жүсіп пен Зылиха” дастынының авторы кім?
6. Қыпшақ тілінде жазылған ежелгі әдебиет туындысы?
7. Әдебиетіміздің ежелгі дәуірін зерттеуші ғалымдар басқаша қалай атаған?
8. Түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткішіне қандай шығарма жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ
Әдебиет тарихына қысқаша тоқталу. Күлтегін кім?
ҚҰТЫЛЫҒҰЛЫ КҮЛТЕГІН (684-731ж.ж.)
Күлтегін (684-731) — Қапаған және Біле қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұғ қағанның кенже баласы. 7 жасында жетім қалып, 10 жасында ер атанады, 16 жасында қару-жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қуып табғаштарға аттанған. 47 жасында дүниеден өткен . Ол дәуірдегі ақын-жырау «Иоллығ-тегін жоқтамадық» жырын жазады. Жыр 53 шумақтан тұрады. Ескерткіш Монғолия астанасы Ұланбатордан 400 шақырым Орхон өзенінің бойында орналасқан. Күлтегін — түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында түркілерге тәне ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінез бар. «Сондай батырым болса» деген ел арманы Күлтегін ерліктерін сипаттау арқылы берілген. «Күлтегін» қазақ батырлар жырына жақын үлгілердің бірі.


Орхон ескерткіштерін, яғни «Күлтегін» жырын кім зерттеді, кім ашты, кім аударды? Деген сұрақтарға жауап беріп көрейік.
1893 жылы 25-қарашада Копенгаген университетінің профессоры, Дания ғалымы Вильгельм Людвиг Томсен белгісіз болып келген Орхон-Енисей ескерткіштерінің әліппесінің кілтін тапты. Алғаш рет “Тәңгір” деген сөзді оқыған. Одан кейін Радлов, Малов орыс тіліне аударса, А.Аманжолов, Мұсабеков, Айдаров зерттеп, қазақ тіліне аударған.
«Мақала сыр шертеді»
1970 жылы “Жұлдыз” журналының 3 санында Қадыр Мырзалиев “Күлтегін” жырының үзіндісін аударып жариялаған. Мырзатай Жолдасбеков те аударған. И.Тасмағамбетов, М.Құл-мұхамед, М.Жолдасбеков, ҚР Монғолиядағы өкілі Иманғалиев “Күлтегін” жырының көшірмесін Жапонияда жасатып Астанаға әкелген.

Оқулықпен жұмыс. а) Үзінділер оқыту
ә) Венн диаграммасы арқылы батырлар жыры мен «Күлтегін жырын» салыстыру.


“Күлтегін” жырында:
“Әкем қағанның қосыны бөрідей
Жаулары қойдай бопты”.
“Қобыланды” жырында:
“Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетіп барады”.
“Алпамыс” жырында:
“Қойға шапқан бөрідей
Талқандап қуып бөледі”.
б) «Ат — батырдың сенімді серігі» (салыстыру)
Қобыланды Алпамыс Күлтегін

Тайбурыл Байшұбар Боз ат, торы ат, кер ат
Алып тамшы бозат, Қарагер

ІҮ. Сабақты бекіту. «Шығарма кестесін» толтыру

Қорытынды:
Батырлар жыры - ерлікті, "Күлтегін" жыры - елдікті, Ұлт-азаттық көтерілісі - еркіндікті, Желтоқсан көтерілісі - тәуелсіздікті ту етті, сол үшін күресті.
Ү. Білімдерін бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма. "Күлтегін" жырын оқу, әңгімелеу. «Қабылдаңдар қазынаны біз берген» (Бабалар аманаты) эссе жазып келу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности